Қостанай облысында цифрландыру және өңірлік инфрақұрылымды дамыту мәселелері талқыланды
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Қостанай облысында мәслихат депутаттары мен тұрғындардың өзара байланысын жеңілдетуге бағытталған «e-Мәслихат» цифрлық платформасының жобасы таныстырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бірыңғай жүйе арқылы азаматтар өз өтініштерін жолдап, олардың қаралу барысын қадағалап, қабылданған шешімдер туралы ақпарат алады. Бұл бастама «Әділет» партиясы төрағасының орынбасары Қаныш Төлеушиннің өңірлік партия активімен кездесуінде талқыланды.
Бұған дейін Мемлекет басшысы мемлекеттік басқаруды цифрландыру және толыққанды e-Parliament жүйесін енгізу жөнінде нақты міндеттер қойған болатын. Осы күн тәртібі аясында өткен кездесуде «e-Мәслихат» тұжырымдамасы таныстырылды. Ол тұрғындардан келіп түсетін өтініштерді жүйелеуді, сайлау округтеріндегі өзекті мәселелер картасын әзірлеуді және депутаттық сауалдардың орындалу барысын бақылауды көздейді. Өтініштерді талдау және толық жауап берілгенін бағалау үшін жасанды интеллект технологияларын пайдалану ұсынылып отыр. Бүгінде жоба талқылау және одан әрі пысықтау кезеңінде тұр.
Кездесудің келесі тақырыбы – Қостанай облысының агроөнеркәсіп кешенін дамыту. Қатысушылар егіс алқаптарының жай-күйін талдау, өнім көлемін болжау және ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру үшін жасанды интеллектіні қолдану мүмкіндіктерін талқылады. Сондай-ақ су ресурсын тиімді пайдалану және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу ісін дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
«Qaznex» ЖШС бас директоры Медет Искаков отандық IT-компаниялар аграрлық секторды цифрлық жаңғырту ісіне атсалысуға дайын екенін атап өтті.
«Егін шаруашылығы мен су ресурсын басқару саласында жасанды интеллектіні пайдалану қадамы ауыл шаруашылығы дақылдарының өнім көлемі мен өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Отандық IT-компаниялар Қостанай облысында осы міндеттерді жүзеге асыру ісіне атсалысуға дайын», – деді Медет Искаков.
Жиынның жеке бір бөлігі Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттер аясында өңірлік инфрақұрылымды жаңғырту мәселелеріне арналды. Атап айтқанда, «Халықтық құрылыс» бағдарламасы, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту, автокөлік жолдарын жөндеу, елді мекендерді газдандыру және өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері сөз болды.
«Әділет» партиясы төрағасының орынбасары Қаныш Төлеушин инфрақұрылымдық жобалардың сапасын, белгіленген мерзімдердің сақталуын және бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын бақылау мәселесінің маңызына тоқталды.
«Инфрақұрылымды жаңғырту – ауқымды міндет қана емес, сонымен қатар келешек ұрпақ алдындағы үлкен жауапкершілік. «Әділет» партиясының өңірлік филиалдары бұл жұмысқа белсенді қатысуға тиіс. Біздің басты мақсатымыз – тұрғындармен тұрақты байланыс орнатып, Мемлекет басшысының Жолдауында жүктелген міндеттердің сапалы орындалуына ықпал ету. Олардың жергілікті жерлерде жүйелі жүзеге асырылуы азаматтардың әл-ауқатын арттыруға қызмет етуі керек», – деді Қаныш Төлеушин.
Сонымен қатар кездесуге қатысушылар шағын және орта бизнесті қолдау, өңірлік экономиканы дамыту және инвестиция тарту мәселелерін қарастырды.
Кездесу қорытындысы бойынша партия активі Қостанай облыстық филиалының Президент Жолдауында белгіленген міндеттерді іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекітті. Құжатта алдағы уақытта өңір аумағында атқарылатын жұмыстың басым бағыттары, соның ішінде тұрғындармен өзара іс-қимыл жүргізу және өңірлік дамудың өзекті мәселелерін шешуге қатысу бағыттары айқындалды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:99
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Қараша 2026 14:31 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















