Қостанай облысында заңсыз ақбөкен атқан браконьерлер ұсталды
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Қостанай облысының Жангелдин ауданында браконьерлік жасады деген күдікпен үш адам ұсталды. Полиция олардың автокөлігінен заңдастырылмаған мылтық, жануардың қылшығы жабысқан пышақ тапқан. Сондай-ақ, жақын маңнан оққа ұшып өлген ақбөкеннің денесі табылған, деп жазады Egemen.kz.
Аталған оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 339-1-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Оқиға «Браконьер» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында тіркелді. 20 қазаннан 19 қарашаға дейін ел көлемінде өтіп жатқан іс-шара барысында тек Қостанай облысының өзінде 800-ге жуық рейд өткізілді.
Нәтижесінде 150 құқықбұзушылық анықталды, оның 78-і – аңшылық ережесін, 28-і – балық аулау тәртібін бұзуға қатысты. Браконьерлерге қарсы күрес жалғасады. Ал еліміздің табиғи байлығына қол сұққан әрбір адам заң алдында тиісті жазасын алады», деп мәлімдеді облыстық ПД-ның баспасөз қызметі.
Қостанай облысы
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:30
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қараша 2025 22:48 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















