Құлсарыдағы саябақта қараусыз қалған үй өртенді
Azh.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Видеодан алынған стоп-кадр22 маусымда кешке Сегізінші ықшамауданда орналасқан демалыс орны аумағында қараусыз қалған үй түгел өртеніп кетті.
Өрт шамамен кешкі сағат 17.30-да Қорғанбаев көшесінде болған. Өрт сөндірушілердің мәліметі бойынша саябақтағы қараусыз қалған 150 шаршы метр үй түгелімен жанып кеткен.
Өртті сөндіруге 2-МӨСБ жеке құрамының 5 маманы және 2 техника қатысты. Өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ.
Саябақ "Бақай" ЖШС-нің еншісінде. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, соңғы жылдары қараусыз қалып, жұртшылықтың ренішін туғызып жүрген болатын. Себебі бұл жер қаңғыбас ішкіштердің орнына айналған.
Бүгінде саябақты мемлекет меншігіне алу ойластырылмай келеді.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Видео әлеуметтік желіден алынған
Бүгін, 10:11
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:17
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Маусым 2026 16:09 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















