Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Қараусыз қалған орман иесін табады

Қараусыз қалған орман иесін табады

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында: «Жасанды интеллектіні қолданып, ауыл шаруашылығы жерлеріне спутникпен мониторинг жасаудың тиімділігін арттыру керек. Соның негізінде жердің сапасына, егіннің шығымына, дәнді дақылдардың жай-күйіне, қай жерге қандай дақыл егілгеніне терең талдау жасалуға тиіс. Бұл – орман шаруашылығына да қатысты мәселе. Жақында Солтүстік Қазақстан облысында 9 мың гектар орманның иесіз жатқаны анықталды», деп атап өтті.

Солтүстік Қазақстан облыстық табиғатты қорғау прокуратурасы кейінгі екі жылдың көлемінде есепке алынбаған, қорғаусыз қалған мыңдаған гектар орман алқаптарын анықтаған. Президенттің Жолдауында айтылған алқаптар осы тексерістердің нәтижесінде анықталған.

«Орман кодексінің 51-1 бабына сәйкес, өзге санаттағы жерлерде табиғи өскен екпелер мемлекеттік орман қоры құрамы­на енеді. Аталған нормаға қарамастан, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар басқармасының лауазымды тұлғалары жерді аудару, есепке алынбаған орман алқаптарына түгендеу жүргізу мәселесін аудан әкімдерімен үйлестіруді жүзеге асырмаған», деп жазылған проку­ратураның есебінде.

Прокурордың талабымен жүргізілген түгендеу нәтижесінде Айыртау, Есіл, Жамбыл, Қызылжар, Мамлют, Тимирязев аудандарында мемлекеттік орман қорынан тыс қорғаусыз қалған осы 9 мың гектардан астам орманды жерлер анықталған. Солтүстік Қазақстан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасынан алынған мәліметке қарағанда, өңір аумағындағы орман қорының жалпы ауданы 688 мың гектарды құрайды. Оның ішінде «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне қарайтыны 134,5 мың га, қалған 553,5 гектары жергілікті атқарушы органдар аумақтарында. Облыстық табиғи ресурс­тарды бақылау басқармасына 12 орман шаруашылығы, «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел қызмет» КМК мен «Қызылжар су қоймалары» КМК мекемелері қарайды. Басқарманың өзінде бірнеше бөлім бар. Осынша бағынысты шаруашылықтары, учаскелері, мыңдаған қызметкері бар басқарманың күні бүгінге дейін 9 мың гектар орманды алқапты неге иесіз қалдырғаны белгісіз. 

Қазір табиғат қорғау прокуратурасы­ның қадағалау актісінің негізінде әкімдік­тер барлық мүдделі органдардың қаты­суымен комиссия құрып, анықталған иесіз учаскелерді мемлекеттік орман қоры құрамына енгізу жөнінде нақты мерзімдер белгілеп, жауапты орындаушыларды тағайындап, Жол картасын әзірледі. Өз міндетін тиісінше орындамаған төрт лауазымды тұлға тәртіптік жауапқа тартылды.

Экологиялық жағдайды жақсарту Мемлекет басшысы айқындаған мемле­кет­тік саясаттың басым бағытының бірі екенін ескере отырып, мемлекеттік орман қорын кеңейту арқылы, жергілікті, уәкілетті органдардың қызметін үйлестіру мақсатында іс-шаралар өткізілді. Мәселені қадағалау прокуратураның тұрақты бақы­лауына алынды. Сонымен қатар прокуратура мемлекеттің материалдық мүдделерін қорғау жөнінде жүйелі жұмыстар жүргізіп, жыл басынан бері прокурорлық қадағалау шаралары арқылы жалпы сомасы 30 млрд теңгені құрайтын мүліктерді мемлекет меншігіне қайтарды. Мысалы, Есіл ауданында 14 нысан (су мұнарасы, ауылдық клуб ғимараты, трансформаторлық қосалқы станса, ұңғыма, су құбырының тарату желілері, т.б.) иесіз болып келген.

Былтыр да орман шаруашылығының жауапты адамдары прокуратураның қадағалау шараларынан кейін әкімші­лік жауапқа тартылып, олардан 11 млн теңге көлемінде ормандарды молықтыру төлемі өндірілген. Биылғы прокуратура анықтаған иесіз қалған 9 мың га орман алқабын табиғат ресурстары басқармасы нақтылай келе 10 мың гектардан асырып жіберді. Енді соның 9 822 гектары ұзақ мерзімге 237 жер пайдаланушыларға беріледі, 596 гектары мемлекеттік орман қорына алынады.

Солтүстік Қазақстан облысы 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:151
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қазан 2025 13:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see136

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see136

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see133

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see131

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see129

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see129

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see128

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see126

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see125

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see125

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see124

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see124

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see124

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see123

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see122

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see122

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see121

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see120

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see120

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары