Шығып, бамперін қарап, кетіп қалды Алматыда бойжеткен өзін көлік қағып кеткенін мәлімдеді
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Алматыда полицейлер Абай даңғылында қызды қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні іздестіріп жатыр. Зардап шеккен қыз болған жайт туралы әлеуметтік желіде айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Не болды?
Жол-көлік оқиғасы 14 қазан күні кешкі сағат 21:31 шамасында болған. Қыздың айтуынша, көлік тізгініндегі ер адам Абай даңғылының бойымен артқа қарай қозғалып, оны қағып кеткен. Соққыдан қыз асфальтқа ұшып кеткен.
"Жүргізуші сыртқа шығып, бәрі дұрыс па деп бамперін қарады. Мен айқайлап: "Кешірім қайда?" - деп сұрадым. Ол болса: "Қарау керек еді", - деп жауап берді де, көлігіне мініп, кетіп қалды. Мені айтарлықтай қатты ұшырып жіберді. Содан кейін есеңгіреп қалдым, тіпті үйде есімнен танып қалдым", - деп бөлісті зардап шегуші.
Скриншот: Threads
Түнде қыздың жағдайы нашарлап, ол ауруханаға жүгінген. Оның айтуынша, дәрігерлер жарақаттарды тіркеген. Алматылық қыз қазір ақсап жүргенін және арқасы қатты ауырып жатқанын атап өтті.
Сондай-ақ зардап шегуші арыз бермек болғанын, бірақ оның қабылданбағанын мәлімдеді. Ол көліктің суретін жариялап, істің соңына дейін жететінін хабарлады.
Полиция не деді?Алматы қаласы полиция департаменті жол-көлік оқиғасы дерегін растап, мән-жайды нақтылады: жүргізуші Абай даңғылымен артқа қарай қозғалып бара жатып, жаяу жүргіншіні қағып кеткені рас.
"Әкімшілік материалдар қарау үшін сотқа жолданады", - деп толықтырды полициядағылар.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:31
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қазан 2026 16:41 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















