Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

Президент ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азаматты марапаттады

Қазақстандағы Рамазан 2027: оразаның басталуы, Қадір түні және Ораза айт күндері аталды

Президент азаматтық қорғаныс саласының айрықша маңызын атады

Жүйелі түрде ұрып соққан: Аягөзде ерекше балаларды күтуші санитарлар күдікке ілінді

Давид Дегтярев екі дүркін Азия чемпионы атанды

Republic Day: Астанада жеңілдіктер онкүндігі басталды

Республика күніне орай Саған кітап арнадым акциясы басталды

Өз елдерінде іздеуде жүрген 62 шетелдік Қазақстан аумағында жасырынған

Елена Рыбакина Нинбо турниріне оралуы туралы айтты

Жиын терін маусымының жетістігі мол

Әкем ренжіді : әнші Бүркіт отбасы құрған кезін еске алды (видео)

Қазақстан Балтық теңізі порттары арқылы мұнай мен көмір экспортын арттырмақ

7 градусқа дейін үсік, көктайғақ екпінді жел: қай өңірлерде ескерту жасалды

Әйел денсаулығы: үнсіз қауіп, өзекті мәселе

Концерттен кейін таныстық: Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы әншіні алғаш көрген кезін еске алды (видео)

Күзгі демалыс уақыты белгіленді: оқушылар 26 қазанда каникулға шығады

Паспорт пен жеке куәлікті терминал арқылы рәсімдегенде нені ескеру керек

Атырау облысында Жайық жағалауын нығайту жұмыстары жүріп жатыр

Кимешекке көмкерілген тарих

Құрылтай Төрағасы ТүркПА ны ЖИ саласында күш біріктіруге шақырды

Құрылтай Төрағасы ТүркПА ны ЖИ саласында күш біріктіруге шақырды

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Қазақстандық депутаттардың Бішкектегі жұмысы бірқатар ресми кездесуден басталды.

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Құрылтай Төрағасын ТүркПА-ға мүше елдер парламенттерінің басшыларымен бірге қабылдады. Айбек Дәдебай бауырлас елдің басшысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық ықыласы мен ізгі тілегін жеткізді. Кездесуде бүгінде түркі мемлекеттері арасындағы қарым-қатынас стратегиялық деңгейге көтеріліп, жан-жақты дамып келе жатқаны атап өтілді. Бұл – елдер көшбасшылары арасындағы жемісті өзара іс-қимылдың тікелей нәтижесі.

Сурет: Құрылтайдың баспасөз қызметі

Негізгі отырыс қарсаңында Жогорку Кенеш Төрағасы Марлен Маматалиевпен мазмұнды кездесу өтті. Айбек Дәдебай қырғыз әріптестеріне қонақжайлық танытқаны үшін алғыс айтып, Қырғызстан Парламентімен екіжақты қарым-қатынасты Парламентаралық ынтымақтастық жөніндегі кеңес, достық тобы және салалық комитеттер аясында барлық деңгейде одан әрі дамыту Құрылтай үшін айрықша маңызды екенін атап өтті.

ТүркПА-ның XV пленарлық отырысы "Жасанды интеллект және технологиялық прогресс дәуіріндегі түркі әлемінің парламентаралық ынтымақтастығы" тақырыбына арналды.

Сурет: Құрылтайдың баспасөз қызметі

Құрылтай Төрағасы өз сөзінде бұл талқылау биыл Түркістанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде көтерілген бастамалармен үндес екенін атап өтті.

"Бұл жасанды интеллект пен заманауи технологиялар мәселелерінің түркі әлемінің ортақ күн тәртібінде ерекше орын алатынын көрсетеді. Осыған байланысты Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев түркі елдерінің IT-хабтар желісін және Астанадағы Alem.AI базасында Жасанды интеллект орталығын құру бастамасының маңыздылығын атап өтті. Бұл жобалар елдеріміздің технологиялық әлеуетін біріктіріп қана қоймай, ортақ цифрлық экожүйе қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ең алдымен, мұндай тетіктер ынтымақтастықты декларативті деңгейден нақты практикалық нәтижелерге көшіруді қамтамасыз етеді", – деді Айбек Дәдебай.

Құрылтай Төрағасы сондай-ақ отырысқа қатысушыларды Габалада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде Қазақстан тарапы ұсынған бастамаларды қолдауға шақырды. Атап айтқанда, логистикалық әлеуетті арттыруға бағытталған жаңа технологиялар мен ортақ цифрлық шешімдерді ілгерілету үшін цифрлық мониторинг және цифрлық инновациялар орталықтарын ашу, сондай-ақ Түркі мемлекеттерінің киберқауіпсіздік жөніндегі кеңесін құру бастамалары туралы сөз болды.

Сурет: Құрылтайдың баспасөз қызметі

Айбек Дәдебай Қазақстанда цифрландыру ел дамуының стратегиялық басым бағыттарының бірі ретінде айқындалғанын, ал 2026 жылды Президент "Цифрландыру және жасанды интеллект жылы" деп жариялағанын атап өтті. Құрылтай Төрағасы әріптестерімен Қазақстанның цифрлық ортаны заңнамалық қолдау саласындағы тәжірибесімен бөлісті. Атап айтқанда, жаңа Цифрлық кодекс, "Жасанды интеллект туралы" заң, сондай-ақ "Digital Qazaqstan" ұлттық стратегиясы аясында заңнаманы одан әрі жетілдіру жұмыстары туралы айтып берді.

Осыған байланысты Қазақстан тарапы еліміздің тәжірибесі негізінде ТүркПА елдеріне арналған үлгілік Цифрлық кодексті әзірлеу бастамасын көтерді. Бұл құжат түркі мемлекеттері арасында цифрлық құқық саласының ортақ тұжырымдамалық, терминологиялық және әдіснамалық негізін қалыптастыруға ықпал етеді.

Айбек Дәдебай Қазақстанда цифрландыру саласында жүзеге асырылып жатқан жобаларға да тоқталды. Олардың қатарында заң шығару жұмысын "e-Quryltai" платформасына көшіру, өңірдегі ең қуатты екі суперкомпьютерді іске қосу, "GovTech" инфрақұрылымын дамыту, AI-Sana бағдарламасы арқылы азаматтарды оқыту, Astana Hub кластері мен Qazaq AI Research University базасындағы білім беру жобалары және басқа да бастамалар бар.

Сурет: Құрылтайдың баспасөз қызметі

Отырыс барысында Құрылтай депутаттары Әмірбек Оспанбеков пен Сатыбалды Бұршақов баяндама жасады. Қатысушылар ТүркПА-ға мүше мемлекеттерде өнеркәсіптік меншік құқықтарын қорғау, балаларды олардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау, бірлескен кәсіпорындар туралы және басқа да бірқатар үлгілік заңды қабылдады.

ТүркПА-ның XV пленарлық отырысының қорытындысы бойынша парламентарийлер Бішкек декларациясын қабылдады.

ТүркПА Кеңесінің отырысында Қазақстан Парламенттік Ассамблеяға төрағалықты Қырғыз Республикасына тапсырды. Айбек Дәдебай әріптестеріне осы жауапты міндетті атқаруда табыс тілеп, Құрылтай депутаттары парламентаралық байланыстар мен ортақ түркі бірлігін одан әрі нығайтуға бар күш-жігерін жұмсауға дайын екенін жеткізді.

ТүркПА отырысы аясында Құрылтай Төрағасы Әзербайжан Республикасы Милли Мәжілісінің Төрағасы Сахиба Гафаровамен және Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Төрағасы Нуман Куртулмушпен кездесті. Тараптар ТүркПА аясында да, екіжақты форматта да парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мәселелері бойынша пікір алмасты.

Сурет: Құрылтайдың баспасөз қызметі

Сонымен қатар Құрылтай депутаттары ТүркПА-ның Жас парламентарийлер және Парламентарий әйелдер топтарының жұмысына қатысты. Құрылтай депутаты, жас парламентарийлер тобының жетекшісі Дидарбек Ділдәбек жастардың саяси шешімдер қабылдау үдерістеріне қатысуы туралы баяндама жасады. ТүркПА-ның Парламентарий әйелдер тобының жетекшісі Айжан Темірбаева "Әйелдер және мәдени дипломатия: тіл мен ортақ дәстүрлер арқылы бірлікті нығайту" тақырыбындағы сессияда сөз сөйледі.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:101
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қазан 2026 16:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

19 Қазан 2026 08:32see137

Президент ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азаматты марапаттады

19 Қазан 2026 14:28see132

Қазақстандағы Рамазан 2027: оразаның басталуы, Қадір түні және Ораза айт күндері аталды

19 Қазан 2026 12:32see132

Президент азаматтық қорғаныс саласының айрықша маңызын атады

19 Қазан 2026 13:35see131

Жүйелі түрде ұрып соққан: Аягөзде ерекше балаларды күтуші санитарлар күдікке ілінді

19 Қазан 2026 18:07see131

Давид Дегтярев екі дүркін Азия чемпионы атанды

19 Қазан 2026 12:39see128

Republic Day: Астанада жеңілдіктер онкүндігі басталды

19 Қазан 2026 12:22see128

Республика күніне орай Саған кітап арнадым акциясы басталды

19 Қазан 2026 16:30see127

Өз елдерінде іздеуде жүрген 62 шетелдік Қазақстан аумағында жасырынған

19 Қазан 2026 17:07see126

Елена Рыбакина Нинбо турниріне оралуы туралы айтты

19 Қазан 2026 07:21see124

Жиын терін маусымының жетістігі мол

20 Қазан 2026 06:15see123

Әкем ренжіді : әнші Бүркіт отбасы құрған кезін еске алды (видео)

19 Қазан 2026 22:42see119

Қазақстан Балтық теңізі порттары арқылы мұнай мен көмір экспортын арттырмақ

19 Қазан 2026 19:44see116

7 градусқа дейін үсік, көктайғақ екпінді жел: қай өңірлерде ескерту жасалды

19 Қазан 2026 21:47see116

Әйел денсаулығы: үнсіз қауіп, өзекті мәселе

20 Қазан 2026 05:05see113

Концерттен кейін таныстық: Мейрамбек Бесбаевтың жұбайы әншіні алғаш көрген кезін еске алды (видео)

19 Қазан 2026 21:23see110

Күзгі демалыс уақыты белгіленді: оқушылар 26 қазанда каникулға шығады

20 Қазан 2026 17:30see109

Паспорт пен жеке куәлікті терминал арқылы рәсімдегенде нені ескеру керек

20 Қазан 2026 17:38see109

Атырау облысында Жайық жағалауын нығайту жұмыстары жүріп жатыр

20 Қазан 2026 17:30see109

Кимешекке көмкерілген тарих

20 Қазан 2026 07:00see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары