Қырғызстанда Айсұлу есімді қызды өлтірді деген күдікті өзге де сұмдық қылмыстарын мойындады
Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Қырғызстанның Ішкі істер министрлігі хабарлағандай, тергеу барысында ер адам 17 жастағы Айсулу Мұқашеваны өлтіргенін мойындап, кейін басқа қылмыстарға да қатысы барын айтқан, деп жазды 24.kg порталы.
Күдікті 2014 жылы тағы бір қыз — Камила Дүйшебаеваны тұншықтырып өлтіргенін мәлімдеді. Оның денесі Байтық ауылындағы зираттан табылған. Бұл іс осы уақытқа дейін ашылмай келген.
Ер адам басқа да адам өлтіру қылмыстарына қатысы бар болуы мүмкін. Ол құрбандардың денелері табылған жерлерді көрсеткен. Тергеу қазір мән-жайды анықтап жатыр.
Еске салайық, 17 жастағы Айсұлу Мұқашева қыркүйек айының соңында ерекше қатыгездікпен өлтірілген болатын.
Қызды жерлегеннен кейін Ыстықкөл облысында бірнеше жүздеген адам балаларды зорлау мен әйелдерді өлтіруге қатысты жазаны қатаңдатуды талап етіп митингке шыққан еді.
Қырғызстан президенті өлім жазасын қайтару туралы тапсырма беріп, кейін бұл мәселе референдумға шығарылатынын мәлімдеді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:53
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қазан 2025 16:26 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















