Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Жемісті жеті жыл

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

Қытай нарығына бастайтын көпір

Қытай нарығына бастайтын көпір

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

«Қытай – Еуразия» көрмесі «Белдеу және жол» бастамасының маңызды халықаралық алаңдары­ның бірі саналады. Жыл сайын өтетін бұл жиын Шыңжаң – Ұйғыр автономиялық ауданының Батыс Қытайдағы көлік-логистикалық және сауда орталығы ретіндегі орнын күшейтіп келеді.

Ашылу рәсімінде сөз сөйле­ген Серік Жұманғарин ұйымдасты­рушыларға алғыс айтып, көрме­нің жаңа инвестициялық жобаларға жол ашатын, іскерлік байланыс­ты тереңдететін тиімді алаңға айналғанын жеткізді.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин қалып­тастырған өзара сенім екі елдің стратегиялық әріптестігін жаңа белеске көтерді. Бүгінде Қытай Қазақстанның ең ірі сауда серіктес­терінің бірі болса, Шыңжаң өңірі осы байланыстардың негізгі тірегіне айналып отыр.

– Шыңжаң біз үшін көрші өңір ғана емес, Қытайдың ауқым­ды нарығына шығатын бас­ты көлік-логистикалық қақпа. Біз ауыл шаруашылығы, азық-түлік, металлургия мен химия өнер­кәсібі өнімдерінің экспортын ұл­ғай­туға дайынбыз, – деді Серік Жұманғарин.

Вице-премьердің пікірінше, Үрімшідегі басқосу өндірістік кооперацияны кеңейтіп, жаңа инвестициялық жобалардың бас­талуына серпін береді.

Көрме аясында жалпы аума­ғы 140 мың шаршы метрді қамти­тын экспозиция қойылған. Инвестиция, өнеркәсіп, «жасыл» экономика, туризм, жаңа технологиялар мен Жібек жолы кеңістігіндегі ықпалдастыққа арналған алты тақырыптық павильон жұмыс істейді.

Биылғы көрме ауқымы жағы­нан рекорд жаңартты. Оған әлем­нің 49 мемлекеті мен өңірінен делегациялар келген. Бағдарламаға сауда, инвестиция, инновация және өндірістік кооперацияға арналған 80-нен астам іс-шара енгізілген. Солардың бірі – «Қытайға экспорт» бағдарламасы шеңберіндегі Қазақстанның арнайы сессиясы.

Көрмедегі ең ірі экспози­циялардың бірі – «Қазақстан» ұлттық павильоны. Мұнда 30-дан астам кәсіпорын өз өнімін ұсынып отыр. Агроөнеркәсіп кешені, азық-түлік, жеңіл өнеркәсіп, сусындар, парфюмерия, косметика мен терең өңделген өнімдер кеңінен қойылған. Түйе сүтінен өндірілген ұнтақ өнімдер, халықаралық талап­тарға сай ет пен балық өнім­дері келушілердің ерекше қызығу­шылығын туғызды.

Көрме ресми келіссөздерге де ұласты. Серік Жұманғарин Қытай Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Дин Сюэсянмен кездесіп, сауда, инвестиция, өнеркәсіптік кооперация және көлік-логистика бағытындағы ынтымақтастықты кеңейту мәсе­лелерін талқылады.

Вице-премьер көрмеде ұсы­нылған технологиялық жаңа­лықтардың өндірістік әріптестіктің жаңа кезеңін бастауға мүмкіндік беретінін айтты.

– Агрохимия мен дрон өнді­рісіндегі озық әзірлемелер үлкен қызығушылық туғызды. Біз осы өндірушілер мен инвесторларды Қазақстанға шақыруға дайынбыз. Өндірісті жергіліктендіруге қажетті барлық жағдай жасалады, – деді Серік Жұманғарин.

Келіссөз барысында екі ел арасындағы сауда көлемінің тұрақты өсімі сөз болды. Былтыр өзара тауар айналымы 48,7 млрд долларға жетсе, биылғы бес айда 22 млрд долларды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27 пайызға ұлғай­ған. Қазіргі үрдіс сақталса, жыл қорытындысында бұл көрсеткіш 50 млрд доллардан асады.

– Ендігі мақсат – өзара сауда көлемін 100 млрд долларға жеткізу. Ол үшін 2027–2030 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы мен Жол картасын мүмкіндігінше тез келісу қажет, – деді вице-премьер.

Кездесуде инвестициялық ықпалдастыққа ерекше мән берілді. Тәуелсіздік жылдары Қытай Қазақстан экономикасына 30 млрд долларға жуық тікелей инвестиция салды. Ендігі басымдық – жоғары қосылған құны бар өнім шығаратын өндірістерді дамыту. Әңгіме астықты терең өңдеу, толық циклді металлургия, агрохимия және ұшқышсыз ұшу аппараттарын шығару төңірегінде өрбіді.

Агроөнеркәсіп саласындағы байланыс та нығайып келеді. Өзара сауда көлемі 2 млрд долларға жеткен. Қытай тарапы Қазақстаннан ауыл шаруашылығы өнімдерінің 34 түрін импорттауға рұқсат берді. Тағы тоғыз тауар түрін жеткізу мәселесі келісу сатысында.

Көлік-логистика бағыты да келіссөздердің өзегіне айналды. Қытайдан Еуропаға құрлықпен жөнелтілетін жүктердің 85 пайызы Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Осыған байланысты шекаралық өткізу бекеттерін кеңейту жалға­сып жатыр. «Бақты – Аягөз» үшінші теміржол өткелі іске қо­сыл­ған соң, үш бағыттың жалпы өткізу мүмкіндігі жылына 100 млн тоннаға дейін жетеді. Қытай тарапы бұл жобаны бірлесіп жүзеге асыруға дайын екенін білдірді.

Дин Сюэсян цифрлық экономика, жасанды интеллект, энергетика мен навигациялық технология­лар салаларындағы байланыстарды тереңдетуге қызығушылық танытып, Қазақстан кәсіпорындарын Қытай нарығына шығуда «Қытай – Еуразия» көрмесінің әлеуетін кеңінен пайдалануға шақырды.

Келіссөздер қорытындысында тараптар стратегиялық әріптестікті жаңа мазмұнмен толықтыруға, сауда мен инвестиция көлемін ұлғайтуға, БҰҰ, Шанхай ынты­мақтастық ұйымы және «Орталық Азия – Қытай» форматы аясын­дағы ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге уағдаласты.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:84
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Маусым 2026 09:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see120

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see118

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see117

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see115

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see115

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see115

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see115

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see115

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see115

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see113

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see113

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see112

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see112

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see112

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

24 Қыркүйек 2026 10:18see111

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see111

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see111

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see108

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

24 Қыркүйек 2026 10:33see108

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

24 Қыркүйек 2026 10:21see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары