Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Қытайдан көлік әкелу қиындайды

Қытайдан көлік әкелу қиындайды

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Келесі жылы Қытайдан жаңа көлік әкелу қиындайды. Бұған күншығыстағы көршіміздің жаңа заңы себеп. 1 қаңтардан бастап Қытайдан автомобильді сыртқа шығару үшін транспорт алты ай есепте тұруы керек. Бұл ереже ел нарығына қалай әсер етеді? Көлік бағасы көтерілуі мүмкін бе? 

Қазақстандағы автомобиль өнеркәсібі ай сайын дамып келеді деуге болады. Бұны ресми статистика растайды. Мәселен, отандық өндіріс қыркүйекте 11 мыңнан астам жеңіл көлік жасаса, қазанда бұл көрсеткішті 13 мыңнан асырған. Өсім 12 пайыз. Ал жыл басынан бері 111 мыңнан астам темір тұлпар конвейерден шыққан. Былтырғы он айдағы көрсеткіш 96 мың. Яғни биыл өндіріс көлемі 16 пайызға көп.

Ал қазан айында 20 мыңнан астам жаңа көлік сатылған. Бұл қыркүйекпен салыстырғанда 10,1% жоғары көрсеткіш. Жалпы он айда 181 789 бірлік автомобиль сатылды. Бұл жерде де былтырғы нәтижеден 14,6% көп. Танымал брендердің арасында үйреншікті Hyundai, Chevrolet, Kia-мен қатар, Қытайдың Changan және Jetour маркалары да бар. Әсіресе Changan-ға сұраныс артқан. Бұл көліктің сатылымы былтырғы қазанмен салыстырғанда 136,7% жоғары. Ал Jetour-дың көрсеткіші 41,5%-ға өсті.

Оң динамикаға сарапшылар да қуаттап отыр. Мәселен, автокөлік нарығын бақылау және талдау агенттігінің бас директоры Артур Мискарянның айтуынша нарықты бағалаудың екі көрсеткіші бар. Біріншісі - сатылым болса, екіншісі - өндіріс.

Артур Мискарян, Автокөлік нарығын бақылау және талдау агенттігінің бас директоры:

- Біз сатылымның тұрақты өсіп келе жатқанын көріп отырмыз. Алайда өндірісіміз оны қуып жете алмай жатыр. Бұған бірнеше себеп бар. Оған серіктестеріміздің логистикалық қиындықтарын жатқызуға болады. Биыл Алматы мен Қостанайда екі зауыт салынды. Қарағанды облысында алдымен автобус және жүк көліктеріне арналған қосалқы бөлшектер  жасайтын өндіріс орны ашылуы керек. Мен көп ұзамай ол жерде жеңіл көліктердің де бөлшектерін шығара бастайтынына сенімдімін. Сондықтан бұл саланың болашағы зор дер едім.

Десе де отандық өндіріс сұранысты толық қамти алмай жатыр. Сондықтан азаматтар шетелден автокөлік сатып алуға көшкен. Қазақстан нарығының 30 пайызына жуығы қазір Қытай маркаларына тиесілі. Жеке компаниялар оларды түрлі жолмен елге кіргізіп жүрді.

Эдуард Эдоков, Қазақстанның тәуелсіз автокөлік одағының төрағасы:

- Қытайдан жаңа көліктерді бейресми жолмен алып шығуға болмайды. Яғни ресми диллер немесе өндіруші болмасаңыз, шекарадан шығара алмайсыз. Сондықтан шетелдік ұсақ компаниялар оларды делдалдар арқылы сатып алып, кейін ескі көлік ретінде алып шығатын. Ол үшін жаңа көлікті сол жақтағы заңды тұлғаларға немесе азаматтарға тіркесе жеткілікті болды. Осылайша, біз Қытайдың ішкі нарығына арналған көліктерін арзанға сатып алып жүрдік. Енді ресми диллерлерден ғана алуымыз мүмкін.

Енді келесі жылы күншығыстағы көршімізден осылай көлік әкеліп міну де қиындамақ. Қытайдан автомобильді сыртқа шығару үшін ол кемінде 180 күн, яғни алты ай есепте тұруы қажет. Сонда ғана ол қолданыста болған деп есептеледі. Бұл өзгеріс елдегі автосүйер қауымға ұнамағыны рас.

Алексей Алексеев, автосарапшы:

- Қытайда 97 түрлі көлік маркасы бар. Қазақстанда соның 15-ке жуығы ғана сатылады. Қалған маркаларын жеке компаниялар жеткізіп жүрген. Себебі ресми диллер Қазақстанда сертификаты жоқ көлік сата алмайды. Сондықтан жекеменшік ұйымдарға жүгінетінбіз. Олардың бағасы да арзан болатын. Енді бұл жол жабылады.

Бұл өзгерістің нарыққа әсері қандай болатынын білу үшін Астанадағы автосалондардың біріне бас сұқтық. «Қытайдан көлік әкеліп сатумен айналысатын компаниялар саны азаюы мүмкін», - дейді олар. 

Анатолий Пашкевич, автосалон басшысы:

- Қазір Қытайдан автокөлікті екі айда әкеліп жүрміз. Яғни жаңа модельдерді тез жеткізу мүмкіндігіміз бар. Енді бұл уақытқа тағы алты ай қосылады. Біз Қытайдағы жаңа модельдерді жеткіземіз дегенше басқасы шығып үлгереді деген сөз. Сонымен қатар баға қымбаттауы мүмкін. Себебі ол Қытайда 180 күн тұрақта тұрады. Қазір Қазақстанда көрші елден көлік әкелетін 50-ден астам компания бар. Олардың да саны қысқарады деп ойлаймын.

Қазір көп компания әліптің артын бағып отыр. Сарапшылар: «бұл ереженің әсері нақты қалай боларын уақыт еншісіне қалдырған дұрыс», - дейді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:171
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Желтоқсан 2025 19:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see136

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see136

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see133

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see131

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see129

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see129

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see128

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see126

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see125

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see125

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see124

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see124

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see124

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see123

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see122

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see122

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see121

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see120

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see120

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары