Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жаңа салынған үйлердің бағасы өзгеріссіз қалды, бірақ Алматыдағы вторичка арзандап жатыр пәтер бағасына талдау

Екі финал, екі рекорд: Қазақстан жеңіл атлетикадан U20 әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады

Тоқаев Заң және тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі комиссияның құрамын бекітті

Шанхайға рекордтық нөсер жауын жауды желіде тайфун зардаптарының кадрлары пайда болды

Қазақстандықтар Құрылтай сайлауында дауыс беретін учаскесін қалай біле алады

Әлеуметтік сауалнама Қазақстан Президентіне деген сенім деңгейінің жоғары екенін көрсетті

Ауыл партиясы: отандық ғылымды өндіріспен ұштастыру басты міндет

Ақтау тұрғыны чатта жанжалдасып қалып, бүкіл қаланы дүрліктірген кек дайындады

73 жасында арманын орындауды ұйғарды қазақстандық әйелдің ерекше хоббиі Қазнеттің назарын аударды

Татарстанда дрон шабуылынан жеті өзбекстандық қаза тапты

Алматының сел қауіпсіздігі нысандары тексерілді

Баспана берекелі отбасының басты тірегі

Су добының үздіктері

Еліміздің екі өңірінде мефедронның ірі партиясы тәркіленді

Болашақ ойындары : аргентиндік фиджитал футбол командасы жеңімпаз атанды

Әміре Қашаубаев Париж баспасөзінде: 1925 жылғы үш француз басылымының түпнұсқа деректері

Түрік лоукостері Қазақстаннан екі жаңа бағыт қосты, бірақ маңызды мәселе бар

Алматыда қарбызды қалай сату керек полиция жаңа сауда ережелерін түсіндірді

Парапауэрлифтингтен әлем чемпионы Гузал Ергешева Ұлыбританияда қайтыс болды

Жас ғалымдар мәрмәр қой етін өндіру технологиясын әзірледі

Қыз Жібектің құпия тарихы: цензура, жоғалған кадрлар және актер тағдыры

Қыз Жібектің құпия тарихы: цензура, жоғалған кадрлар және актер тағдыры

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Қазақ киносының алтын қорынан орын алған «Қыз Жібек» фильмін көрмеген адам кемде-кем шығар. Сұлтан Қожықов түсірген туынды әлдеқашан өз дәуірінің шеңберінен шығып, қазақ киносы тарихындағы айрықша құбылысқа айналды. Фильм өзінің тарихи орнын да, бірнеше буын көрерменнің бағасын да алды.

Алайда «Қыз Жібектің» тарихы экраннан көретін оқиғалармен ғана шектелмейді. Фильмге енбей қалған көріністер, сценарийдің өзгеруі, түсірілім кезіндегі шешімдер, шығармашылық кеңестегі тартыстар, актерлердің қатар атқарған жұмыстары мен олардың жеке өміріндегі фильммен сабақтасқан оқиғалар бар. Осы шолуда киноның өзінен тыс қалғанымен, «Қыз Жібекке» тікелей қатысты он деректі оқырман назарына ұсынамыз.

1. «Қыз Жібектің» басқа финалы түсірілген. Бүгін көріп жүрген нұсқада Жібек Төлегеннен айырылғаннан кейін Жайыққа қарай бет алып, оқиға трагедиялық сипатта аяқталады. Алайда фильмнің бастапқы нұсқасында бұдан кейін де көрініс болған. Меруерт Өтекешева Майя Бекбаеваға берген сұхбатында Сұлтан Қожықовтың мүлде басқа финал түсіргенін айтқан.

Оның естелігі бойынша, Жібектен кейін Жайық жағасында сырттан келген жау әскері көрінеді. Жібектің сәукелесі не қалыңдық киімінің бір бөлігі найзаның ұшына ілінеді. Осы арқылы жеке адамдардың трагедиясынан кейін елге төнген үлкен қауіп көрсетілмек болған.

Алайда бұл эпизод жоғары жақтың талабымен фильмнен алынып тасталған. Өтекешеваның айтуынша, сол көрініс үшін оның киімінің екінші данасы да арнайы дайындалған.

2. Жырда Жібек өлмейді. Көпшілік үшін Қыз Жібек пен Төлегеннің хикаясы фильмдегі финалмен аяқталатындай қабылданады. Ал халықтық жырдың оқиғасы бұдан әлдеқайда ұзақ. Төлегеннің қазасынан кейін де Жібектің тағдыры жалғасады.

«Қыз Жібек» жырының кең тараған нұсқаларында Төлегеннің інісі Сансызбай кейін оқиғаға араласады. Ол Жібекке қауіп төндірген Қоренге қарсы шығып, ақырында Жібекті алып кетеді. Жырдың соңында Жібек Сансызбайға қосылады. Яғни фильм авторлары эпостың екінші бөлігін пайдаланбай, Төлеген мен Жібектің махаббатын трагедиялық шегіне жеткізуді таңдаған. Осы шешімнің арқасында экрандық «Қыз Жібек» жырдан бөлек дербес көркем туындыға айналды.

3. Ғабит Мүсірепов жырды экранға сол күйінде көшірмеген. Фильмнің сценарийін жазған Ғабит Мүсірепов халық жырындағы оқиғаларды толық қайталауды мақсат етпеген. Ашық дереккөздердегі фильм тарихына қатысты естеліктерде сценарист үшін мәселе тек Жібек пен Төлегеннің махаббатын көрсету болмағаны айтылады.

Сценарийге ру арасындағы қарым-қатынас, елдің бірлігі, ішкі алауыздық пен сырттан төнетін қауіп секілді кеңірек мәселелер енгізілген. Бекежан бейнесінің де фильмде жырдағыдан өзгеше сипат алуын осыдан көруге болады. Ал фильмнен кесілген жау әскері көрсетілетін финал осы идеяны қорытындылауға тиіс еді. Яғни Мүсірепов махаббат хикаясын жеке екі адамның тағдырынан ел тағдырына қарай кеңейтпек болған.

4. «Қыз Жібекке» дейін «Гәкку» болған

«Қыз Жібек» бірден 1960-жылдардың соңында пайда болған жоба емес. Ашық дереккөздерде және кино қайраткерлерінің естеліктерінде Ғабит Мүсіреповтің бұл тақырыпқа әлдеқайда ертерек келгені айтылады.

Камал Смайыловтың естеліктеріне сүйенген мәліметтер бойынша, Мүсірепов 1940-жылдардың өзінде Қыз Жібек тақырыбы негізінде «Гәкку» атты киносценарий жазған. Бірақ ол кезде жоба жүзеге аспай қалған.

Арада жиырма жылдан астам уақыт өткенде тақырып қайта көтеріліп, Мүсірепов сценарийді жаңа талапқа сай өңдеген. Осылайша кейін қазақ киносының классикасына айналған «Қыз Жібектің» экранға дейінгі тарихы бірнеше онжылдыққа созылған.

5. Дайын фильмді алғашында бәрі бірдей қабылдай қоймаған. Бүгінде «Қыз Жібек» классикалық туынды ретінде қабылданады. Бірақ фильм дайын болған кезде оған берілген баға дәл бүгінгідей біржақты болмаған. Көркемдік кеңестегі талқылауларда картинаны сынаған пікірлер аз айтылмаған.

Фильм тарихына қатысты естеліктерде кейбір мамандар туындыны тым «этнографиялық» деп бағалап, көркем фильмнен гөрі халықтың тұрмысы мен салтын көрсететін еңбекке ұқсатып сынағаны айтылады. Нұрғиса Тілендиевтің музыкасына қатысты да қарсылық болған. Режиссер Дариға Тналина кейінгі естеліктерінде фильмді көркемдік кеңесте қорғап сөйлегенін айтқан. Ал Сұлтан Қожықов үшін бұл талқылаулар өте ауыр өткен. Ашық дереккөздердегі естеліктерде сол күндері режиссердің денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түскені де айтылады.

6. Фильм бастапқыда екі сериялы болмаған. Бүгінгі көрермен «Қыз Жібекті» көлемді екі сериялы туынды ретінде біледі. Бірақ алғашқы өндірістік жоспар мүлде басқа болған. Бастапқыда фильмге бір серияға жететін ғана қаржы қарастырылған. Алайда Ғабит Мүсіреповтің сценарийіндегі оқиғаларды бір бөлімге сыйғызу қиын болған. Фильмнің тарихи ортасын, көшті, көпшілік сахналарды толық көрсету де қомақты қаражатты талап етті. Смайыловтың айтуынша, қосымша қаржы мәселесін шешуге Дінмұхамед Қонаевтың қолдауы ықпал еткен. Соның нәтижесінде «Қыз Жібек» екі сериялы көлемде түсірілді.

7. Асанәлі Әшімов бір мезгілде Бекежан да, Шадияров та болды. «Қыз Жібек» түсіріліп жатқан кезеңде Асанәлі Әшімов қазақ киносының тағы бір ірі туындысы — Шәкен Аймановтың «Атаманның ақыры» фильмінде де басты рөлде жүрген. Бір фильмде ол Бекежан болса, екіншісінде чекист Қасымхан Шадияровты сомдады.

Асанәлі Әшімов кейінгі сұхбаттарында екі картинаның түсірілімі қатар жүргенін айтқан. Тіпті кей күндері арнайы кесте бойынша күннің бір бөлігінде Бекежан болып түсіп, кейін басқа алаңға барып Шадияров рөліне кірісуге тура келген. Әшімов екі үлкен рөлдің біреуінен бас тартуды да ойлаған.

Бірақ Шәкен Айманов бұған келіспеген. Нәтижесінде актер бір кезеңде мінезі, дәуірі, киімі мен психологиясы мүлде бөлек екі кейіпкерді қатар алып шықты.

8. Экрандағы көш шын мәнінде жасалған. Бүгін тарихи фильмдердегі мыңдаған адамды, малды немесе тұтас ауылды компьютерлік графика арқылы көбейтуге болады. «Қыз Жібек» түсірілген кезде мұндай мүмкіндік болған жоқ. Сондықтан камераға көрінетін дүниенің басым бөлігі түсірілім алаңында шын мәнінде жасалды.

Ашық дереккөздердегі фильм тарихына қатысты мәліметтерде түсірілім үшін отыздан астам киіз үй дайындалғаны айтылады. Олардың арасында 8, 10 және 16 қанатты ірі үйлер де болған. Көш көріністеріне жылқылар, түйелер, көпшілік құрамындағы адамдар жұмылдырылған. Киім, ат әбзелдері, тұрмыстық заттар да арнайы әзірленді. Сондықтан фильмдегі көш сахналары декорацияны ғана емес, сол уақытқа уақытша болса да тұтас бір көшпелі ортаны қайта құруды талап еткен.

9. Кино үшін жасалған «көне жазу» кейін жұртты шатастырған. «Қыз Жібекке» қатысты ең қызық оқиғалардың бірі фильм декорациясының кейінгі тағдырымен байланысты. Түсірілім барысында тарихи орта қалыптастыру үшін тастардың біріне көне түркі жазуына ұқсас таңбалар түсірілгені туралы дерек бар. Бұл таңбаларды жасау кезінде көне түркі жазбалары жарияланған ғылыми еңбектер пайдаланылғаны айтылады.

Түсірілім аяқталғаннан кейін тас сол жерде қалып қойған. Кейін оны көрген адамдар жазуды шынайы көне ескерткіш деп қабылдаған деген әңгіме тараған. Бұл оқиғаның кейінгі нұсқаларында зерттеушілердің де шатасқаны жөнінде түрлі мәліметтер кездеседі. 

10. Құман мен Меруерттің тойы «Қыз Жібектің» экраннан тыс жалғасына айналды. «Қыз Жібек» Меруерт Өтекешева мен Құман Тастанбековтің шығармашылық өмірін ғана емес, жеке тағдырын да байланыстырды. Фильмде Жібек пен Төлегенді ойнаған екі жас түсірілім кезінде жақындасып, кейін шаңырақ көтерді.

Олардың үйлену тойы туралы естеліктердің өзі фильммен астасып жатыр. Меруерттің Жібек бейнесіндегі, Құманның Төлеген бейнесіндегі киіммен шыққаны айтылады. Тойға фильмдегі әріптестері де қатысқан. Әнуар Молдабековтің беташар айтқаны, Асанәлі Әшімовтің тойды жүргізуге атсалысқаны туралы естеліктер бар. Осылайша экрандағы Жібек пен Төлегеннің махаббаты трагедиямен аяқталғанымен, оларды сомдаған екі актердің таныстығы шынайы өмірде ұзақ отбасылық өмірге ұласты.

Назар аударыңыз: Бұл мақала авторлық құқықпен қорғалған. Мәтіннің толық нұсқасын көшіру, тарату немесе басқа басылымдарға жариялағанда авторы көрсетіп, Аikyn.kz сайтына  белсенді гиперсілтеме беру міндетті. Мақаланың жекелеген бөліктерін пайдаланғанда да осы талап сақталуы тиіс.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:73
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Тамыз 2026 15:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жаңа салынған үйлердің бағасы өзгеріссіз қалды, бірақ Алматыдағы вторичка арзандап жатыр пәтер бағасына талдау

10 Тамыз 2026 17:07see115

Екі финал, екі рекорд: Қазақстан жеңіл атлетикадан U20 әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады

10 Тамыз 2026 17:14see115

Тоқаев Заң және тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі комиссияның құрамын бекітті

10 Тамыз 2026 09:13see114

Шанхайға рекордтық нөсер жауын жауды желіде тайфун зардаптарының кадрлары пайда болды

10 Тамыз 2026 15:41see114

Қазақстандықтар Құрылтай сайлауында дауыс беретін учаскесін қалай біле алады

10 Тамыз 2026 14:47see114

Әлеуметтік сауалнама Қазақстан Президентіне деген сенім деңгейінің жоғары екенін көрсетті

10 Тамыз 2026 14:07see113

Ауыл партиясы: отандық ғылымды өндіріспен ұштастыру басты міндет

11 Тамыз 2026 01:54see113

Ақтау тұрғыны чатта жанжалдасып қалып, бүкіл қаланы дүрліктірген кек дайындады

10 Тамыз 2026 11:35see112

73 жасында арманын орындауды ұйғарды қазақстандық әйелдің ерекше хоббиі Қазнеттің назарын аударды

10 Тамыз 2026 18:14see112

Татарстанда дрон шабуылынан жеті өзбекстандық қаза тапты

11 Тамыз 2026 02:38see111

Алматының сел қауіпсіздігі нысандары тексерілді

09 Тамыз 2026 19:11see110

Баспана берекелі отбасының басты тірегі

11 Тамыз 2026 04:13see109

Су добының үздіктері

11 Тамыз 2026 03:57see108

Еліміздің екі өңірінде мефедронның ірі партиясы тәркіленді

11 Тамыз 2026 14:28see108

Болашақ ойындары : аргентиндік фиджитал футбол командасы жеңімпаз атанды

09 Тамыз 2026 20:59see108

Әміре Қашаубаев Париж баспасөзінде: 1925 жылғы үш француз басылымының түпнұсқа деректері

10 Тамыз 2026 08:09see108

Түрік лоукостері Қазақстаннан екі жаңа бағыт қосты, бірақ маңызды мәселе бар

10 Тамыз 2026 17:44see108

Алматыда қарбызды қалай сату керек полиция жаңа сауда ережелерін түсіндірді

10 Тамыз 2026 14:24see107

Парапауэрлифтингтен әлем чемпионы Гузал Ергешева Ұлыбританияда қайтыс болды

10 Тамыз 2026 15:26see107

Жас ғалымдар мәрмәр қой етін өндіру технологиясын әзірледі

11 Тамыз 2026 15:05see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары