Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Қызылорда облысында суармалы су тапшылығының алдын алу

Қызылорда облысында суармалы су тапшылығының алдын алу

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Трансшекаралық Сырдария өзеніне келетін су көлемі жыл сайын төмендеп барады. Бұған жаһандық климаттың өзгеруі әсер етіп отыр. Су тапшылығы әсіресе Қызылорда облысы үшін күрделі мәселеге айналуы мүмкін. Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев өңірге жасаған жұмыс сапарында айтты. 

Вице-премьер 2026 жылғы егінді суару мәселелеріне арналған Мәжіліске қатысып, аймақтағы су жағдайын талқылады. Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметіне сәйкес Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан аумағындағы ірі су қоймаларында жиналған су көлемі былтырмен салыстырғанда 3,8 миллиард текше метрге азайған. Ал Шардара су қоймасына қазір секундына небәрі 662 текше метр су түсіп жатыр. 

Былтыр бұл көрсеткіш мың текше метрден жоғары болған. Судың күрт азаюына байланысты Сыр өңірінде күріш егісінің көлемін қысқарту және су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар ауыл шаруашылығын әртараптандыру арқылы суды аз қажет ететін дақылдарға басымдық берілмек.

Қанат Бозымбаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

- Қазіргі болжамға сүйенсек, онда бірде-бір литр келмеуі мүмкін. Онда біз осы 7 млрд текше метрді екі су қоймада сақтаймыз және шамамен тағы 1 млрд Тәжікістан мен Өзбекстаннан су келеді, өзіміздің үлесімізді аламыз, көп болса 1-1,5 млрд болады. Сондықтан болжам нашар. Қазіргі таңда осы ақпаратты жеткізу үшін арнайы келіп отырмыз. Оған дайындалу керек. Әлі жарты жылдай уақыт бар. 

Талғат Момышев, ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі:

- Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз нақты міндеттемелерді айқындадық. Су үнемдеу технологияларын қолданатын алқаптарды жыл сайын 150 мың гектарға дейін ұлғайту, 2030 жылға қарай олардың жалпы көлемін 1,3 млн гектарға жеткізу. Мемлекет су үнемдеу технологияларын қолданатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне айтарлықтай қаржылық қолдау көрсетуде.

Сонымен қатар алқалы жиында «Ауыл аманаты» жобасының жүзеге асырылу барысы талқыланды. Қызылорда облысы тұрғындарының жартысынан астамы ауылдық жерде тұрады. Жоба басталғалы ауылдарда 782 жоба жүзеге асып, мыңнан астам жұмыс орны ашылған. Биыл бұл мақсатқа 5 жарым миллард теңге бөлінді. Жиында кооперативтерді қолдау мәселесі де қаралды. «Кооперативтерді құру процесі белсенді жүргізілуі тиіс. Ол қатаң бақылауда болуы қажет», - деді Қанат Бозымбаев. 

Премьер-министрдің орынбасары Қызылордада ашылған шағын өнеркәсіптік аймақтың жұмысымен танысты. Мұнда азық-түлік өндіретін сегіз цех жұмыс істейді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:154
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Желтоқсан 2025 18:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see118

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see115

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see113

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see111

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see111

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see111

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see111

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see110

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see110

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see109

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see108

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see107

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see106

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see106

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see106

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see106

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары