Ролан Гаррос турниріне Қазақстаннан кімдер қатысады
Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Ролан Гаррос стадионында 24 мамыр – 7 маусым аралығында өтетін негізгі жарыста Қазақстаннан жекелей сында әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакина, сондай-ақ ATP рейтингісінде 11-орында тұрған Александр Бублик, Юлия Путинцева (№80 WTA), Александр Шевченко (№82 ATP) бақ сынайды.
Сонымен қатар 18-22 мамыр аралығында болатын іріктеу сайысында Тимофей Скатов (№198 ATP) өнер көрсетеді. Оған қоса күту парағына рейтингіде 282-сатыдағы Михаил Кукушкин енгізілген.
Биыл Ролан Гаррос өзінің 125 жылдығын («Үлкен дулыға» есебінде 96 жыл) атап өтеді. Доданың жүлде қоры 61,7 млн еуроға бағаланған, бұл өткен жылғыдан 9,5 пайыз артық.
Өткен жылы Е.Рыбакина мен А.Бублик ширек финалға, Ю.Путинцева үшінші, А.Шевченко екінші айналымға дейін жеткен еді. Биыл сол рейтингілік ұпайларын қорғау аса маңызды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Шымкент турнирінде Денис Евсеевтің 18 жастағы Әмір Омархановты жеңгенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Анна Данилина Франциядағы турнирдің ширек финалына шықты.
Шымкент турнирінде Григорий Ломакин жартылай финалға шығу үшін таласады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:104
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Сәуір 2026 23:40 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















