Рудныйда салмағы бес келіден асатын қыз бала дүниеге келді
Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Ляйсан есімді сәби 10 сәуірде дүниеге келген. Туған кезде оның салмағы 5190 грамм, бойы 55 сантиметр болған.
Бұл Рудный қаласының тұрғыны Индираның екінші баласы. Тұңғышы 3100 грамм салмақпен дүниеге келген. Дәрігерлердің айтуынша, қыз бен анасының жағдайы жақсы.
— Мен 37-аптада УДЗ-ға түстім, олар баланың салмағы шамамен 3700 грамм деп есептеді. Әрине, 41 аптада нәресте бес келіге дейін «өскен» кезде қатты таң қалдым. Қазір қызымның қарны жиі ашады. Оның да, менің де жағдайым жақсы. Есімді жолдасым екеуміз бірге таңдадық — бізге Ляйсан есімі өте ұнайды.
2026 жылдың басынан бері бұл Рудный қалалық көпсалалы ауруханасының перинаталдық орталығында салмағы 5 келіден асатын төртінші бала.
Бұған дейін Түркістан облысында салмағы 6015 грамм, ал бойы 63 см болатын алып сәби өмірге келді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:35
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Сәуір 2026 05:33 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















