Салық реформасы: үкімет тіркеуге тұрған кәсіпкерлердің артқанын хабарлады
Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АСТАНА, 14 сәуір – Sputnik. Қаржы министрі Мәди Такиев салық реформасынан кейін тіркеуге тұрған кәсіпкерлердің артқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің есебіне сәйкес, жаңа Cалық кодексі қабылданғаннан кейін бұрын тіркеу есебінде тұрмаған және өзін-өзі жұмыспен қамтыған 348 мыңға жуық азамат тіркелді.
"Жалпы, жұмыспен қамтығандарды қоса алғанда, бизнес субъектілерінің саны, жыл басынан бері 200 мыңға артып, 2,7 млн-ға жетті. Бұл - экономикалық базаның сапалы жоғарлауының маңызды көрсеткіші", - деді Такиев үкіметтің бүгінгі отырысында.
Ал салық түсімдері 2025 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 20 процентке артып, 1 трлн теңгеден асты.
"Импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы бойынша түсімдер, 165 млрд.теңгеге ұлғайды. Оның ішінде, алдын ала берілетін деректерге сәйкес, қосылған құн салығы мөлшерлемесінің ұлғаюы есебінен, өсім шамамен 80 млрд. теңгені құрайды", - деді Такиев.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:85
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Сәуір 2026 12:00 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















