Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

Атырау ауасындағы күкіртсутегі: министрлік нормадан асу себептерін түсіндірді

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

Қазақстанның оңтүстігінде бетперде киіп, жастарға оқ жаудырғандар сотталды

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеңіл атлетикадан біріншілігі аяқталды

Дүрбелең тудырмаңыздар : Ресейдегі оқу жаттығуға әскери техника жөнелтіледі

Самұрық Қазына қоғамдық кеңесі тауарлық газ бағасын көтеру мәселесін талқылады

Самұрық Қазына қоғамдық кеңесі тауарлық газ бағасын көтеру мәселесін талқылады

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Кеңес мүшелерінің назары бәрінен бұрын тауарлық газ бағасын көтеру стратегиясының қазақстандықтардың өмір сапасына қалай әсер ететініне көбірек ауды. Бірі компания ұсынып отырған стратегияны жақтаса, кейбірі қарсы шықты.

Компания басшысы Әлібек Жамауов «QazaqGaz» кәсіпорны болашаққа жоспарлап отырған ірі жобалардың қатарында мыңдаған шақырымға созылған құбырлар мен ірі газ өңдейтін зауыттар құрылысы бар екенін. Осы жобаларға инвестиция тарту үшін ішкі нарықты тартымды ете түсу қажеттігін айтты. Ал ішкі нарық тартымды болу үшін тауарлық өзіндік құнынан төмен бағаға сатылмау керектігі сөз болды.

Қоғамдық кеңес төрағасы Болат Жәмішев оның бұл уәжін бірнеше сұрақпен нақтылады.

— Ішкі нарықта тауарлық газ тарифін көтеру керек дегенді айтқанда QazaqGaz-бен байланысты жобаларды іске асыру үшін кросс-субсидияның көлемін қысқарту керектігін меңзеп отырсыздар ғой, солай ма? Инвестиция үшін тарифті көтеру керек деген сөз бе? Ішкі нарыққа газ жеткізуден кейінгі жылдары 160 млрд теңге шығын көрсеңіздер, орнын немен жаптыңыздар, — деп жылда сұрады ол.

QazaqGaz менеджерлері бұл шығынның 90 пайыздан астамы көтерме нарыққа газ сатудан келетінін, ал оны сыртқа эскпортталатын тауарлы газ бен транзиттік құбырлардың есебінен жауып отырғанын жеткізді.

Ал Мәжіліс депутаты Ерлан Әбдиевке акционерлік қоғам менеджерлерінің халыққа көгілдір отын жеткізу жұмыстарын компанияның шығын ретінде ғана сипаттағаны ұнамай қалды.

— Маған ішкі нарыққа газ сату компанияның шығыны ретінде сипатталып жатқаны ұнамай отыр. Ішкі нарықта тауарлық газдың бағасы төмен болғандықтан қолдан жіберген табыс 160 млрд теңгеге жетті деп жатырсыздар. Осы шығынды өтеу үшін ішкі бағаны кем дегенде газды өңдеп жеткізудің өзіндік құнына дейін көтеру керектігін айтып отырсыздар. Мұндай тәсілмен келіспеймін. Газ деген — ұлттың байлығы және халықтың меншігі. Мемлекет оны тек халықтың атынан басқарады. Ұлттық компанияның басты міндеті — табысты барынша аттыру емес, энергетикалық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету, — деді депутат.

Мәжіліс өкілі газ мәселесінің қаншалықты нәзік мәселе екенін Қаңтар оқиғасын еске алап отырып түсіндірді.

— Газ мәселесі қаншалықты өзекті екенін бірер жыл бұрын болған оқиғалар көрсетіп кеткенін білесіздер. Стратегияларыңызда халыққа газды тиімді бағамен жеткізуді басым бағыт етіп көрсетіпсіздер. Ендеше халыққа газ жеткізуді неге мемлекет функциясын орындау емес, шығын деп сипаттайсыздар? Қазақстанға газ нарығының құрылымы ұқсас елдермен бағаны салыстырып көрдіңіздер ме? Менің білуімше Алжир, Ресей сияқты ұқсас мемлекеттерде тауарлық газдың іштегі бағасы бізден төмен ғой, — деді Ерлан Әбдиев.

Ұлттық компания басшысы Әлібек Жамауов көгілдір отынның Қазақстандағы бағасы депутат атаған елдердегіден неге жоғары екенін бірнеше фактормен байланыстырып түсіндірді.

— Халық ішкі нарықта сатылатын газдың 20 пайыздан астамын тұтынады. Қалған 80 пайызын энергетикалық ұйымдар, коммерциялық кәсіпорындар тұтынады. Мұнда да баға өз құнынан төмен.

Газ халықтың игілігі екенін білеміз. Өзім де Атырау өңірінің тумасымын. Бірақ газды сол игілікке айналдыру үшін жер астынан алып шығып, ұңғымаларды күтіп ұстау керек. Шыққан газды өңдеу қажет. Басқаша айтсақ Қазақстанда газ көп. Бірақ сол көп газды өңдейтін зауыттар жоқ. Жылына1 млрд текше метр газ өңдейтін зауыт салуға 1 млрд доллар керек. Ал бізде газ көп, өңдейтін зауыт жоқ. Осыған байланысты әуелі 1 млрд текше метр газ өңдейтін, одан кейін 2,5 млрд текше метр өнім шығаратын зауыт саламыз. Осы инвестицияның бәрі халыққа газ жеткізудің өзіндік құнына, тарифке әсер етеді. Газдың бәрі Атырау мен Батыс Қазақстан облысында, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында шоғырланған. Оны Алматыға немесе Жетісу облысына жеткізу үшін 5 мың шақырымдық құбыр тарту керек. Мысалы, бір ғана Азия газ құбырына 2-3 мың адам қызмет көрсетеді. Осының бәрі қомақты ақшаны керек етеді. Сондықтан газ бағасы, өкінішке қарай, қымбат, — деді ол.

Қоғамдық кеңестің тағы бір мүшесі Олжас Байділдинов ішкі нарықта сатылып жатқан газдың 85 пайызы Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған кен орындарынан алынатынын еске салды.

— QazaqGaz ішкі нарыққа сататын газды осы кеніштердің операторларынан сатып алады. Ішкі тасымалды шығынсыз еткіміз келсе, осы үш алпауыт «киттің» алдына мәселе қоюымыз керек. Олар арзанға сатса, ешқандай шығын болмаушы еді, — деді энергетика сарапшысы.

Бірақ бұл уәж Ерлан Әбдиевті райынан қайтара алмады.

— Бүгінгі таныстыруда газ бағасын көтеру керектігіне көп ым-ишара айтылған. Ішкі нарықта газ тұтынушылардың 80 пайызы кәсіпорындар болса, қарапайым халыққа сататын газ бағасы неше пайыз, кәсіпорындарға сатылатын газ бағасы неше пайыз қымбаттайтынын нақты көрсетіңіздер, — деді қоғамдық кеңес мүшесі.

Кеңес төрағасы Болат Жәмішев те бұл ұсынысты қолдады.

— Бұл жермен енді келісемін. Тарифті көтеру туралы айтқанда әңгіме орта есеппен 33 пайыз көтеру туралы екенін айтуларыңыз керек. Бұл 33 пайыз бүкіл тауарлық газ тұтынушыға теңдей бөлінбейтіні түсінікті. Сараланған тариф болады. Үкіметтің, QazaqGaz халық тұтынатын газ бағасын көтеретінін еш жерден естіген жоқпын. Сондықтан ол туралы әңгіме жоқ, — деді ол.

Еске салсақ, былтыр Премьер-министр Олжас Бектенов Энергетика министрлігі мен «QazaqGaz» компаниясына газ өңдеу зауыттарын салу және жаңа газ кен орындарын игеру бойынша нақты жол карталарын әзірлеуді тапсырған болатын.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:155
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Қараша 2025 16:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see159

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see157

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see155

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see151

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see150

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see150

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

20 Қыркүйек 2026 22:22see142

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

20 Қыркүйек 2026 22:21see142

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

20 Қыркүйек 2026 22:21see139

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

20 Қыркүйек 2026 22:21see135

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

20 Қыркүйек 2026 22:22see134

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

21 Қыркүйек 2026 12:41see127

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

21 Қыркүйек 2026 10:06see124

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

21 Қыркүйек 2026 13:04see123

Атырау ауасындағы күкіртсутегі: министрлік нормадан асу себептерін түсіндірді

20 Қыркүйек 2026 22:21see122

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

21 Қыркүйек 2026 12:42see120

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

21 Қыркүйек 2026 15:55see118

Қазақстанның оңтүстігінде бетперде киіп, жастарға оқ жаудырғандар сотталды

20 Қыркүйек 2026 22:18see118

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеңіл атлетикадан біріншілігі аяқталды

21 Қыркүйек 2026 18:03see117

Дүрбелең тудырмаңыздар : Ресейдегі оқу жаттығуға әскери техника жөнелтіледі

21 Қыркүйек 2026 14:36see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары