Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Петропавлда ағашқа өрмелеп шыққан ер адам өздігінен түсе алмай құқарушылардың көмегіне жүгінді

Зеленский Ресейдің жауап соққысынан кейін Батысқа үндеу жасады

Қайрат пен Қайсар ҚПЛ 2026 матчында жеңімпазды анықтай алмады

Қарағандыда көлік студент қызды қағып кетті: Бойжеткен оқиға орнында көз жұмды

Тастап кетпейсіз бе? : бір ауыз сөзімен елді елжіреткен Айсұлтан жайлы анасы айтып берді

Атырау мен Маңғыстау тұрғындары: Мұнайдың пайдасы бар, бірақ экология мен денсаулыққа зияны басым

Алматыда жаңа қозғалыс схемалары сыналуда: қала көшелерінде не өзгереді

Алаяқтар жасөспірімдердің аккаунтын өз мақсаттарына пайдаланады: министрлік ескерту жасады

Негізгі ҰБТ ның аралық қорытындысы: талапкерлердің 71% ы тестілеуді қазақ тілінде, 29% ы орыс тілінде тапсырды

Пәкістанда жанкешті пойызды жарып жіберді, кемінде 20 адам қаза болды

Құнды қазынаның жоқшысы

Эбола вирусына қарсы вакцина дайындалып жатыр

Астанада ерекше қажеттілігі бар оқушыны қатарластары соққыға жыққан

Саясаткерлер халыққа қызмет етуді ойлауы керек : Мажарстанда шенеуніктердің айлығы екі есе қысқармақ

Астанадағы аптап ыстық пен Алматыдағы нөсер жаңбыр 26 28 мамырға арналған болжам

Қарағандыда алаяқ бір біріне жақын тұратын зейнеткерлерді алдап кеткен

Денесіне 1 келі есірткі жасырған: Қазақстанға апиын өткізбек болған шетелдік ұсталды

Әділетмин: Газпром және Нафтогаз ісі бойынша АХҚО сотының шешімі Қазақстан аумағында орындалмайды

Алабай 45 қойды жарып кетті фермер ветқызметтен миллиондаған теңге өндіріп алды

Қазақстандықтар Алматыда жиі концерт өткізетін ресейлік әншіге бойкот жариялады

Саясат жолы: Биылғы Президент сапарлары қандай нәтиже берді

Саясат жолы: Биылғы Президент сапарлары қандай нәтиже берді

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Таяу Шығыстан табысты қайттық

Мемлекет басшысы жыл басындағы алғашқы сапарын Біріккен Араб Әмірліктерінен бастады. Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның шақыруымен «Абу Дабидің орнықты даму апталығы» саммитіне қатысып, бір жағы инвестициялық келіссөздерді жүйеге түсіргенін көрдік. Саммитте Президент орнықты даму, климат өзгерісіне қарсы күрес және жасыл технологияларды дамыту секілді мәселелер талқылағаны тағы бар.

Қарымта жауап ретінде кейін мамырда Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян Қазақстанға ресми сапармен келгенін білеміз. Бұл сапар екі елдің серіктестігін тереңдетіп, 20-дан астам инвестициялық және коммерциялық келісімге қол қойылды – құны 5 миллиард доллардан астам жобалар іске асырылды.

Ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығысқа қайта барды. Бұл жолы Иорданияға табан тіреген. Корольдің таққа отырғанына 25 жыл толуымен тұспа-тұс сапар аса сәтті өтті десек болатындай. Тараптар энергетика, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, ақпараттық технологиялар, өңдеу өнеркәсібі және фармацевтика салаларында уағдаласты. Сондай-ақ атом энергетикасы, көлік-логистика, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамыту мәселесі айтылды.

Фото: Ақорда

Жарты жылдан кейін Иордания Королі ІІ Абдалла да Астанада бой көрсетті. Екі жақ тауар айналымын 500 млн долларға дейін ұлғайту жолын саралап, біршама маңызды жоба басталған-ды. Мысалы, ««Қазатомөнеркәсіп» компаниясы Иорданияның JUMCO компаниясымен келісімге келді. Мәмілеге сәйкес, келер жылдың соңына дейін «Қазатомөнеркәсіп» пен JUMCO Иорданияда уран саласымен айналысу үшін бірлескен кәсіпорын құрады. Әзірге «Қазатомөнеркәсіп» үлесі – 70, ал JUMCO үлесі 30 пайыз болмақ.

Орталық Азияның жаңа дәуірі

Биыл Мемлекет басшысы көрші елдермен, әсіресе Орталық Азия мемлекеттерімен байланысты нығайта түсті. 12 айда ОА елдерінің көшбасышылары да бір-біріне барыс-келісті азайтқан жоқ. Нәтижесінде Қазақстан мен Орталық Азия елдері арасындағы өзара сауда 2025 жылдың қаңтар–тамыз айларында 5,4 млрд долларға (14,8%) жетіп, тарихи рекорд орнатты.

Мұндай көрсеткіштің алғашқы қадамы Өзбекстаннан басталғанын ұмытпауымыз керек. Көктемде Президент Өзбекстанға барып, «Орталық Азия–Еуропа Одағы» саммитіне қатысты әрі ала шапанды ағайындармен түрлі саладағы мәселені талқылағаны есте. Сол жолы аймақ елдері алыс-берісті бірлесіп көтерудің тиімділігін ұғынып, кейін «C5+» форматы жанданды. Бұл ретте өңірдің бірінші экономикасы ретінде Қазақстанның позициясы да орныға түскен болатын.

Фото: «ОА-ЕО» саммитін ұйымдастыру комитеті

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Азиялық зерттеулер бөлімінің жетекші сарапшысы Бауыржан Әукеннің пікірінше, Орталық Азияның саяси-экономикалық дамуына Астананың қосқан үлесі зор және Президент қатысқан Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесулері жеміс беріп келеді.

– 2018 жылы Астанада өткен алғашқы консультативтік кездесуден бері аталмыш формат өңір елдерінің басын қосып, сенім мен өзара түсіністікке негізделген тұрақты диалог алаңына айналды. Осы уақытқа дейін өткен алты кездесудің әрқайсысы аймақтық үйлесімді арттырып, ынтымақтастықтың нақты бағыттарын айқындады. 2024 жылғы Астанада қабылданған «Орталық Азия – 2040» тұжырымдамасы мен 2025–2027 жылдарға арналған «Жол картасы» аймақтың көлік, энергетика, цифрлық даму және экология салаларындағы болашақ ортақ стратегиясын бекітті, – деген ойда Бауыржан Әукен.

Мемлекет басшысы тамызда Қырғызстан мен Түрікменстанға, қазанда Тәжікстанға сапарлады. Қырғыз жерінде екіжақты тауар айналымын 2030 жылға қарай 3 миллиард долларға дейін ұлғайту бойынша Жол картасы қабылданса, Түрікменстанда энергетика, көлік-транзит салаларындағы серіктестік талқыланды.

Күздегі сапар тізімінде Өзбекстан қалыс емес. 15 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкентке мемлекеттік сапармен барды. Кездесуде қазақ-өзбек одақтастығын одан әрі дамыту жайы сөз болған. Нәтижеге келсек, бауырлас елдер өнеркәсіп, құрылыс, мұнай-газ химиясы, қаржы, логистика және туризм салаларында 1,2 млрд доллар болатын 7 жоба әзірледі.

Жылан жылы Каспий теңізі арқылы шектесетін Әзербайжанмен де жылы қарым-қатынас орнады. 7 қазанда Тоқаев Әзірбайжанның Габала қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының XII саммитіне қатысқан. Сонда Президент Түркі мемлекеттері ынтымақтастығын күшейту үшін «Түркі мемлекеттері ұйымы+» форматын құру идеясын қолдаған болатын. Ұйым аясында киберқауіпсіздік кеңесін құру, цифрлық қауіпсіздік пен технологиялық байланысты нығайтуды атаусыз қалдырмады.

Екі аптадан кейін, яғни 21 қазанда Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға келді. Мұнда айтылған мәлімдемелер қазақ-әзербайжан экономикасына елеулі өзгеріс болғанын айта керу керекпіз. Себебі, келіссөздер кезінде ынтымақтастық туралы 15 құжатқа қол қойылып, Қазақстан Әзербайжаннан 2 паром сатып алатын болып келісті.

Фото: ӘР президентінің баспасөз қызметі

Екі ел шикізат экспортынан табыс тауып отырған мемлекеттер, сондықтан келіссөздердің көбі экономика саласында жүзеге асқаны анық. Осы орайда қаржы сарапшысы Айбар Олжаев Қазақстан-Әзербайжан байланысы аймақ тұрақтылығы үшін маңызды деп санайды.

– Қазақстан мен Әзербайжан Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказдың геосаяси өзара байланысы үшін стратегиялық тұрғыдан маңызды. Бұл елдердің экономикасы, демографиясы және көліктік әлеуеті өсу үстінде. Ынтымақтастықтың маңызды факторларының бірі – өзара сауда мен инвестицияның өсуі, – деді сарапшы.

Биыл сыртқы саясаттағы маңызды оқиғаның бірі – Президенттің шілдедегі Түркияға сапары. Өйткені Түркияның Қазақстанға деген ерекше ілтипаты және Қасым-Жомарт Тоқаевты «Есенбоға» әуежайында Режеп Тайип Ердоғанның күтіп алуы әлемдік медиада ұзақ талқыланды.

Бұл сапарда екі ел басшылары Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің отырысына қатысты, кейін Бірлескен декларация қабылдады. Сонымен қатар 18 мемлекетаралық және ведомствоаралық келісім жасалып, Қазақстан Түркияға миллиард долларға 34 өнім түрін экспорттаймыз деді.

Державалар деңгейіндегі дипломатия

Қазақстанның дипломатия деңгейіне баға беру үшін алып державалармен – Ресей, АҚШ, Қытай елдерімен арақатынасты аңғару қажет. Биыл бұл үштікпен байланыс үзілмеді: ортақ жиындар, жекелеген кездесулер ұйымдастырылды. Ретімен тарқатайық.

Ресей – жыл бойы Қазақстанмен ең тығыз қарым-қатынас жасаған мемлекет, екі елді ең ұзын құрлық шекарасы байланыстырады. Қазір Қазақстан-Ресей сауда-экономикалық көрсеткіші жылдан-жылға өсуде. Оған мемлекет басшыларының тұрақты байланысы себеп болса керек.

Мысалы, Президент 8 мамырда Ресейге сапар жасап, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысты. Оған қоса осыдан бір апта бұрын ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысу мақсатында Санкт-Петербургте қонақта болды.

Фото: Ақорда

Мұның бәрі қатынасты қалыпты деңгейде ұстап тұруға көмектескенімен, негізгі шешімдер мемлекеттік сапар барысында шешілетіні түсінікті. Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қарашада Ресейге жасаған мемлекеттік сапарында елге ауқымды келісімдер әкелді. Екіжақты тауар айналымын 30 млрд долларға жеткізу мақсаты сөз болып, 13 меморандумға қол қойылды.

Қазір Ресейге салынған санкция мен Еуропа елдерінің ұстанымы көп мемлекетке Кремльмен етене жақындасуға қолбайлау болып отыр. Осы орайда Қазақстанның Мәскеумен тауар айналымын ұлғайту идеясына алаңдаушылық білдіргендер бар.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері Санат Көшкімбаевның ойынша, Қазақстанның Ресеймен тығыс байланыс жасауының тиімді тұсы көп, әсіресе көпвекторлы саясатты жетілдіруге себеп болмақ.

– Неліктен Қазақстан үшін тепе-теңдікті сақтау маңызды? Біріншіден, тек бір ірі көршіге арқа сүйеу сыртқы күйзелістер мен саяси қысымдарға осалдық тудырады, ал сауда-инвестициялық әртараптандыру мұндай тәуекелдерді азайтады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанның жалпы сыртқы сауда айналымы шамамен 141,5 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл ретте Ресей негізгі, бірақ жалғыз серіктес емес – сонымен қатар Қытаймен және басқа да мемлекеттермен бірлескен жобалар көлемі өсіп келеді.

Мысалы, энергетика саласында жобалар бәсекелестік жағдайында жүзеге асырылуда. «Росатом» атом электр станциясы бойынша бір тендерді жеңіп алса, қытайлық компаниялар басқа нысандарда жұмыс жүргізіп жатыр, ал батыс инвесторлары мұнай саласы мен сервистік қызметтерге тартылған. Мұндай бәсекелестік Қазақстан үшін тиімді шарттарды қамтамасыз етіп, тәуелділікті азайтады, – деп талдады спикер.

2025 жыл Қазақстан АҚШ-пен де арақатынасын алшақтатқан емес, керісінше биыл екі елдің ұстанымы мен саяси бағдары ортақ екенін тағы дәлелдеді. Мысалы, 23 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке жасаған жұмыс сапары күздің айтулы оқиғасына айналды. Сол сапарда құны 5,2 млрд долларды құрайтын 11 келісім мен меморандум қоржынға түсті. Ішінде көлік, энергетика, логистика, ақпараттық технология секілді стратегиялық салалар жинақталған.

Оған қоса Президент Нью-Йоркте Черрогория, Украина, Франция, Финляндия мемлекет басшыларымен жүздесті.

Фото: Ақорда

Екі ай өткенде – 7 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-та Дональд Трамппен қайта қол алысты. Кезекті сапар алдыңғысынан көп жаңалық әкеліп, 17 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісім жасалды.

ҚСЗИ Халықаралық қауіпсіздік бөлімінің бас сарапшысы Мұхит Асанбаевтың айтуынша, АҚШ-тың Қазақстанға басымдық беруіне елдің шикізат, транзит әлеуетінің артуы себеп. Дипломатиялық жетістіктер де рөл ойнаған сыңайлы.

– Қазақстан соңғы жылдары аймақтық және халықаралық саясат үшін стратегиялық маңызы бар ел ретінде қарастырылуы кездейсоқ емес. Бұған Қазақстанның мұрындық болуымен құрылған жаңа дипломатиялық платформалар мен форматтардың жәрдемі жетерлік. Еліміздің прагматикалық ұстанымы да ықпал еткенін жоққа шығара алмаймыз. Осының бәрі аймақтық және жаһандық саясаттың көптеген субъектілері тарапынан Қазақстанды орта держава ретінде қарастыруына түрткі болып отыр. Бұл, ең алдымен, еліміздің халықаралық аренадағы жауапкершілігі мен позициясын қорғауға деген қабілетін көрсетеді, – деді Мұхит Асанбаев.

Бүгінде мемлекеттің көпвекторлы саяси бағыттың бір көрінісі ретінде Қытаймен байланысты мысалға келтіретіндер көп. Сарапшылардың пікірінше, кейінгі жылдары қазақ-қытай ынтымақтастығы беки түскен. Биыл үрдіс жалғасын тауып, маусым айында Си Цзиньпин ресми сапармен Қазақстанға табан тіреді. Ал араға бірнеше ай салып – тамызда Президент Аспанасты еліне аяқ басты.

Бес күнге созылған сапарда Президент Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне және «ШЫҰ плюс» жиынына қатысқан еді. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен жеке жолығып, кейін Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінде 15 миллиард доллардан асатын 70-тен аса коммерциялық құжат күшіне енді.

Фото: Ақорда

Шығыстағы көршіміз үшін экономикалық инфрақұрылым маңызды. Сондықтан Қазақстан қаржы секторындағы қазақ-қытай іскерлік жүйесін қалыптастыруға күш салып келеді: «Астана» халықаралық қаржы орталығы қытай компанияларының үлесін арттырып жатыр, Қазақстан даму банкі еурооблигацияны Қытай юанымен (Dim Sum bonds) орналастыра бастады.

Қазақстанды зерттеу орталығының басшысы Ван Хайян Kazinform-ға берген пікірінде Қазақстан-Қытай байланысы геосаяси ландшафтты өзгертіп жатқанын айтқан болатын.

– Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық екі халықтың дамуына айтарлықтай мүмкіндіктер ашады. Жаһандық экономиканың баяулауына және геосаяси тәуекелдердің өсуіне қарамастан, сауда-экономикалық өзара іс-қимыл нығаюда. 2024 жылы ҚР мен ҚХР арасындағы тауар айналымының көлемі 44 млрд доллардан асып, жаңа рекорд орнатты. 2005 жылдан бастап қытайлық компаниялардың Қазақстанға салған жиынтық инвестициясы 27 млрд доллардан асты. Бұл ретте бүгінде елде 6 мыңға жуық қытайлық кәсіпорын жұмыс істейді, - деп тарқатты сарапшы.

Жыл соңына қарай Мемлекет басшысы Жапонияға жол тартты. Ресми сапарда Император Нарухитомен, Премьер-министр Санаэ Такаичимен және Күншығыс елінің іскерлік орта өкілдерімен тілдескенін көрдік. Бұл кездесулер Қазақстанның саяси-экономикалық өміріне елеулі өзгеріс енгізбек. Президенттің Жапонияға сапары аясында сомасы 3,7 миллиард доллардан асатын 60-тан астам құжат бекіді.

Айта кетейік, биыл Президент Қасым-Жомат Тоқаевтың 20 шетелдік сапарға шығу жоспарланған еді: 12-сі жұмыс, 5-еуі ресми, 2-еуі мемлекеттік кездесулер болды. Бұдан бөлек бірнеше бейресми жүзесу жүзеге асты.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:126
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қаңтар 2026 18:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Петропавлда ағашқа өрмелеп шыққан ер адам өздігінен түсе алмай құқарушылардың көмегіне жүгінді

25 Мамыр 2026 12:14see116

Зеленский Ресейдің жауап соққысынан кейін Батысқа үндеу жасады

24 Мамыр 2026 19:34see111

Қайрат пен Қайсар ҚПЛ 2026 матчында жеңімпазды анықтай алмады

23 Мамыр 2026 20:47see109

Қарағандыда көлік студент қызды қағып кетті: Бойжеткен оқиға орнында көз жұмды

25 Мамыр 2026 11:14see109

Тастап кетпейсіз бе? : бір ауыз сөзімен елді елжіреткен Айсұлтан жайлы анасы айтып берді

24 Мамыр 2026 16:44see109

Атырау мен Маңғыстау тұрғындары: Мұнайдың пайдасы бар, бірақ экология мен денсаулыққа зияны басым

25 Мамыр 2026 15:54see108

Алматыда жаңа қозғалыс схемалары сыналуда: қала көшелерінде не өзгереді

25 Мамыр 2026 09:41see108

Алаяқтар жасөспірімдердің аккаунтын өз мақсаттарына пайдаланады: министрлік ескерту жасады

25 Мамыр 2026 09:38see107

Негізгі ҰБТ ның аралық қорытындысы: талапкерлердің 71% ы тестілеуді қазақ тілінде, 29% ы орыс тілінде тапсырды

25 Мамыр 2026 11:08see107

Пәкістанда жанкешті пойызды жарып жіберді, кемінде 20 адам қаза болды

24 Мамыр 2026 18:45see107

Құнды қазынаның жоқшысы

25 Мамыр 2026 09:56see107

Эбола вирусына қарсы вакцина дайындалып жатыр

24 Мамыр 2026 11:25see107

Астанада ерекше қажеттілігі бар оқушыны қатарластары соққыға жыққан

25 Мамыр 2026 10:34see107

Саясаткерлер халыққа қызмет етуді ойлауы керек : Мажарстанда шенеуніктердің айлығы екі есе қысқармақ

25 Мамыр 2026 09:57see106

Астанадағы аптап ыстық пен Алматыдағы нөсер жаңбыр 26 28 мамырға арналған болжам

25 Мамыр 2026 14:48see106

Қарағандыда алаяқ бір біріне жақын тұратын зейнеткерлерді алдап кеткен

24 Мамыр 2026 20:11see106

Денесіне 1 келі есірткі жасырған: Қазақстанға апиын өткізбек болған шетелдік ұсталды

25 Мамыр 2026 12:33see106

Әділетмин: Газпром және Нафтогаз ісі бойынша АХҚО сотының шешімі Қазақстан аумағында орындалмайды

25 Мамыр 2026 11:59see106

Алабай 45 қойды жарып кетті фермер ветқызметтен миллиондаған теңге өндіріп алды

25 Мамыр 2026 11:48see106

Қазақстандықтар Алматыда жиі концерт өткізетін ресейлік әншіге бойкот жариялады

25 Мамыр 2026 15:49see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары