Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Сауда серіктестігіне серпін

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Ақтөбеде мектеп оқушысы ағаш астынан пакетке оралған нәрестені тауып алды

Ақтөбеде мектеп оқушысы ағаш астынан пакетке оралған нәрестені тауып алды

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Ақтөбеде жантүршігерлік оқиға болды: аулалардың бірінде мектеп оқушысы ағаштың түбінен жаңа туған нәрестені тауып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ақтөбеде жантүршігерлік оқиға болды: аулалардың бірінде мектеп оқушысы ағаштың түбінен жаңа туған нәрестені тауып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Екі қабат пакетке оралған нәресте шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Полиция баланың анасын іздестіріп жатыр. Баланы Гагарин көшесіндегі екі қабатты үйдің жанынан 11 жасар қыз тауып алған. Оқиға 23 мамырда болған.

"Өткен сенбіде ауламыздан 11 жастағы қыз пакетке салынған жаңа туған нәрестені тауып алды. Ол алдымен ақ пакетке, сосын қара пакетке салынып, аузы байланған екен. Қыз мияулағанға ұсқсас дыбысты естіп, ішінде марғау бар екен деп ойлаған. Кейін сыртына шығып қалған нәрестенің аяғын көрген", - дейді Ақтөбе тұрғыны Любовь Шестакова.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, нәресте табылған учаске баяғыдан мәселе тудырып келген: маңайда қараусыз қалған гараждар орналасқан, ал аумақтың өзі қоқысқа толы әрі қараусыз күйде.

"Осы жерді ретке келтіріп, гараждарды бұзса екен дейміз. Балалар бұл жерден өтуге қорқады. Енді, міне, баланы да осында тастап кетіпті. Қайта оны уақытында тауып алғаны жақсы болды", - дейді аудан тұрғындары.

Тұрғындардың бірі бала табыларға дейін, аз уақыт бұрын көршілері пакетті тастап кеткен әйелді көргенін айтады.

"Бесінші пәтердегі көрші бір әйелді көріпті. Ол алдымен пакетті үйдің бүйіріне тастап, кейін ағаштың түбіне ауыстырып қойып, тездетіп кетіп қалған. Бәлкім, ол баланың анасы шығар. Әйел үстіне қызыл көйлек киген. Нәресте жаңа туған, үсті-басы қан-қан болған", - деді Александр есімді жергілікті тұрғын.

Денсаулық сақтау басқармасы табылған нәрестенің ауыр халде ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.

"23 мамырда қалалық балалар ауруханасына тоңып қалған, жаңа туған нәресте түсті. Ол жансақтау бөліміне жатқызылып, қажетті емдік шаралар жүргізілді. Қазір нәрестенің жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр", - деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Аманжолова.

Ақтөбе облысының полициясы баланың анасы әлі анықталмағанын хабарлады. Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 119-бабы "Қауіпті жағдайда қалдыру" бойынша тергеу жүріп жатыр.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:163
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Мамыр 2026 17:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see139

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see137

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see125

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see119

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see118

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see118

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see118

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see118

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see117

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see115

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see114

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see114

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see114

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see113

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see112

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see112

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see111

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see111

Қазақстанның Елдік климаттық инвестициялық платформасын құру жөніндегі жоба бойынша келісімге қол қойылды

07 Қазан 2026 01:59see111

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары