Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Semei телеарнасы: 60 жыл эфирде

Semei телеарнасы: 60 жыл эфирде

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Қазақ телевизиясы тарихында алғашқы «Айтыс» бағдарламасы Семейдегі телестудияда түсірілген. 

Биыл «Semei» телеарнасының ашылғанына 60 жыл толды. Өңірдің басты арнасы талай буын журналистерді тәрбиеледі. Мерейлі мерекеге орай салтанатты шара өтті.

1965 жылдың 1 қыркүйегінде Семей телестудиясының алғашқы хабары эфирге шықты. Бұл Алматы, Қарағанды, Өскемен, Ақтөбе телевизиялық студияларынан кейінгі эфир еді. Қазақ тележурналистикасының мэтрі Фатима Бегенбаева еңбек жолын Семейдегі студиядан бастаған. Ол Кеңес одағының ұшқыш-ғарышкері Герман Титовпен сұхбаттасқан әлемдегі алғашқы журналистердің бірі.

Фатима Бегенбаева, ардагер журналист:

- Көз алдыңызға 1965 жылды елестетіңізші, қандай техника болуы мүмкін? Студияның ішінде тек бір камера, бір стол. Алдыңызда жарық, оператор оны бір сағаттай әрі жүгіріп, бері жүгіріп қояды. Ал жасанды интеллектпен қаруланған бүгінгі заманға сай жастарды көріп, олардың жаңа еңбектерін көріп өте қуандым.

Арна заман талабына сай жаңарып, ақпарат таратудың жылдам әрі сапалы үлгісін қалыптастырып отыр. «SEMEI» арнасы тәулігіне 14 сағат хабар таратады. Көрерменге 30-ға жуық авторлық бағдарлама ұсынылады. Жаңалықтар күніне бес рет шығады. Кәсіби журналистер, операторлар мен техник мамандар көрермен сенімін ақтап, өңір медиасының дамуына үлес қосып келеді.

Нұрбек Бекен, «Semei» телеарнасының директоры:

- Семей қаласына Герман Титов келген. Сол кезде біздің алғашқы дикторларымыздың бірі Фатима Мамырбекқызы сұхбат алады. Біз сол фотоларды жандандырып, сол кезге саяхат жасадық. Заман талабына сай жұмыс істеуміз керек. 1965 жылы телеарна қалай ашылды? Біздің алғашқы дикторларымыз қалай сөйледі? Біз соның барлығын суреттерді сөйлетіп, өткенге саяхат жасадық. Көрерменге ұнап жатыр.

Мерейтой аясында телеарна ұжымына қызметтік көлік табыс етілді. Бірнеше қызметкерге «Еңбек ардагері» медалі мен «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі берілді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Алғыс хаты және Құрмет грамотасымен марапатталғандар да болды.

Бақытгүл Қазез, «Semei» телеарнасының редакторы:

- Студент кезімде кастингтен өтіп, тележүргізуші, жаңалықтар дикторы болдым. Екі тілде диктормын. Осы күнге дейін мықты мамандардан сабақ алдым. Мықты мамандармен жұмыс істедім. Сол кісілердің арқасы деп ойлаймын бүгінгі алып отырған марапатым. Әрине, кез-келген журналист үшін ең басты марапат халықтың ықыласы. Сондықтан материалдарымыз көп болсын. Жағымды жаңалықтармен эфирде кездескенше.

Семей телеарнасының ұжымы алдағы уақытта да сапалы контентті көбейтіп, ақпарат кеңістігінде бәсекеге қабілетті болуды көздейді.

Авторлары: Рүстем Қайратұлы, Мәди Базарбеков

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:171
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қараша 2025 21:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see144

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see143

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see142

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see141

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see140

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see139

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see138

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see138

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see138

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see135

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see135

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see134

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see126

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see126

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see124

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see124

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see123

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see119

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see118

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары