Сенат төрағасы елде жаңа партиялардың құрылуына қатысты пікір айтты
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Оның айтуынша, жаңа Конституция партиялық жүйені дамуына үлкен септігін тигізеді. Өйткені, бір палаталы Парламент – Құрылтай партиялық тізімдер арқылы қалыптасады. Жалпы, партиялық жүйені күшейту керек.
- Елімізде заңнама аясында партиялар құруға мүмкіндік бар. Менің ойымша, алдағы уақытта жаңа Конституцияның қабылдануы жаңа партиялардың дамуына үлкен септігін тиігізеді, - деді Мәулен Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысынан кейін.
Сонымен қатар ол елде жаңа партияның құрылуына қатысты кеше ғана жарияланған мәлімдеме бойынша пікір айтты.
- Жалпы, ел азаматтары қоғамдық ұйымдарды, саяси партияларды құруға ерікті. Ең бастысы, тиісті іс-қимылдарды мемлекеттің заңнамасына сай жүзеге асыру керек... Осы орайда партиялық бәсекелестіктің дамуы, жаңа партиялардың пайда болуы, осыған дейін құрылған партиялардың белсендігі Қазақстанның ары қарай қарқынды дамуына ықпал етеді. Сондықтан елдің дамуы үшін бізде қуатты саяси партиялардың болуы маңызды, - деді Сенат төрағасы.
Бұл тұрғыда ол жаңа партиялардың құрылуына оңтайлы қарайтынын атап өтті.
Айта кетейік, жақында бастамашыл топ «Әділет» атты жаңа саяси партияның құрылатынын мәлімдеді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:72
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Сәуір 2026 12:18 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















