Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Кеңейтілген құрамда кездесті

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Сенім негізгі ресурс: AMANAT тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласындағы жүйелі мәселелерді шешуде

Сенім негізгі ресурс: AMANAT тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласындағы жүйелі мәселелерді шешуде

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

«AMANAT» партиясы көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың заманауи әрі ашық жүйесін қалыптастыруға бағытталған республикалық «TURGYNDAR AMANATY» жобасын жүзеге асыруды жалғастыруда. Бастаманы еліміздің барлық өңірінде қолға алу жұмысы аясында МИБ және ПИК төрағаларына, мәслихат депутаттарына және тұрғындарға арналған оқыту семинар-форумдары өткізілуде, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Мәселен, «Үйді басқару: жауапкершілік, сенім, нәтиже» тақырыбындағы кезекті диалог алаңы Көкшетау қаласында ұйымдастырылды.

Талқылау барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы ең өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, инженерлік желілердің тозу деңгейінің жоғарылығы, қаржылық және ұйымдастырушылық ресурстардың жеткіліксіздігі, сондай-ақ төлемдердің ашықтығы мен басқарушы құрылымдардың тиімді жұмыс істеуі сынды бірқатар мәселеге назар аударылды. Бүгінде пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктерінің атына жиі өтініштер мен шағымдар келіп түседі. Бұл өз кезегінде басқарудың жаңартылған моделіне деген сенімді нығайту және жүйелі шешімдер қабылдау қажет екенін көрсетіп отыр.

Мәжіліс депутаты Юлия Кучинская бұған дейін депутаттық корпус пен партия мүшелері тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына қатысты заңнамаларға түзетулер енгізуге бастамашылық еткенін және олар қазір өз күшіне енгенін атап өтті. Жаңа нормаларға сәйкес, 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін барлық пәтер иелері кооперативтері қайта тіркеуден өтіп, басқарудың заңды субъектісі ретінде қызмет етуге тиіс. Өзгерістердің басты мақсаты – меншік иелерінің құқығын қорғау және басқарушы құрылымдардың қызметіндегі ашықтықты қамтамасыз ету.

Форумда жарияланған деректерге сәйкес, өңірде шамамен 3800 көппәтерлі тұрғын үй бар. Соның 400-ге жуығы мүлік иелері бірлестігі, ал 800-ге жуығы пәтер иелері кооперативі ретінде тіркелген. Солай бола тұра, тұрғындардың жаңа басқару жүйесіне деген сенімі – әлі де жеткіліксіз деңгейде. Бұл өз кезегінде, ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейтуді және халықпен тікелей диалог орнатуды талап етеді.

Жоба аясында тұрғындарға кеңес беру, оқыту курстары мен семинарлар өткізу мақсатында мамандандырылған фронт-офис ашу жоспарлануда. Мұнда азаматтар тұрғын үй қатынасы, әлеуметтік бағдарламалар және қолданыстағы заңнама мәселелері бойынша кеңес ала алады. Мұндай формат меншік иелерінің құзыретін арттырып қана қоймай, тиімді кері байланыс тетіктерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Көппәтерлі үйлерді басқару саласындағы кәсіби қауымдастық өкілі Айгүл Аринованың айтуынша, жүргізіліп жатқан реформалардың басты мақсаты – азаматтарға жайлы әрі қауіпсіз орта құру. Алайда аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін тұрғындар белсенді атсалысуы және тұрғын үйді басқару саласында білікті мамандар даярлау жұмысы жолға қойылуы қажет.

Ұйымдастырушылар жобаның жүйелі жүзеге асырылуы мемлекет, сарапшылар қауымдастығы және тұрғындар арасындағы ашық әрі сындарлы өзара іс-қимылға байланысты екенін атап өтті. «TURGYNDAR AMANATY» жобасы осындай серіктестікті қалыптастыруға және мыңдаған қазақстандық отбасының көкейіндегі мәселелерді шешуге арналған тиімді алаң болуға тиіс. Жобаның негізгі мақсаты – тұрғын үй меншік иелерінің басқару процесіне араласу мүмкіндігін кеңейту, тұрғындардың құқықтық және қаржылық сауатын арттыру, сондай-ақ ортақ мүлікке жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру.

«TURGYNDAR AMANATY» жобасы былтыр Астана қаласында пилоттық режимде іске қосылды. «OSIskills» бағдарламасы бойынша 707 МИБ және ПИК төрағасы практикалық оқытудан өтті. Коммуналдық қызмет өкілдері мен салалық сарапшылардың қатысуымен семинарлар ұйымдастырылып, қатысушыларға қолданыстағы заңнама түсіндірілді. Сондай-ақ олар ортақ мүлікті тиімді әрі ашық басқару құралдарын меңгерді.

Пилоттық кезең жобаның сұранысқа ие екенін және оның қолданбалы сипатын айқындады. Бірмандатты округтер бойынша сайланған мәслихат депутаттары тұрғындармен есептік кездесулер өткізді. Соның нәтижесінде нақты өтініштер қаралып, өз шешімін тапты. Биыл жоба толыққанды республикалық бастама ретінде жүзеге асырылуда. Оқыту форумдары алғаш рет Қарағанды өңірінде өткізілді.

«AMANAT» партиясы алдағы уақытта да тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы реформаларға жүйелі түрде қолдау көрсетуді жалғастырып, сенімге, жауапкершілікке және тұрғындардың шешім қабылдау процесіне нақты араласуына негізделген орнықты басқару моделін қалыптастыруды көздейді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:168
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Ақпан 2026 16:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see140

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see136

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see134

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see131

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see129

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see128

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see124

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see124

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see123

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see123

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see122

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see121

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see121

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see118

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see118

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see117

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see117

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see116

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары