Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Жемісті жеті жыл

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

Сергек боламын деп саулықтан айырылмайық

Сергек боламын деп саулықтан айырылмайық

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Алайда жастар арасында белең алған зиянды әдеттер елдің ертеңіне қауіп төндіреді. Соның бірі – энергетикалық сусындарға деген әуестік. Жасөскіндер уақытша қуат беретін бұл сусынның ұзақмерзімді зардабы барын біле бермейді, білсе де елемейді. Бұл ретте көмекке мемлекет келіп, залалды «сұйықтыққа» тыйым салды. Кейінгі аптада бұл тыйымды бұзған кәсіпкерлерді жазалау басталды. 

Қауіпті сусын, кешіккен тыйым

Сергектік үшін денсаулықты құрбан ету  бүгінгі қоғамның ең қауіпті әдеттерінің біріне айналып барады. Сондықтан Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы энергетикалық сусындарды жастардың тұтынуына шектеу қою мәселесін пысықтауды тап­сырған болатын. Тиісінше, бір жарым жылдан астам уақыт бұрын өскелең ұрпақтың денсаулығын қорғауға бағытталған қатаң шектеу енгізілді. Бұл норма «Ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қыз­меті мәселелері бойынша кейбір заңнамалық акті­лерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тура­лы» заңның құрамында 2024 жылғы 8 шілдеде қа­был­данды. Онда ел тарихында тұңғыш рет энер­гетикалық сусындарды 21 жасқа толмағандарға сату­ға тыйым салынды.

Алайда сол тыйым іс жүзінде орындалмады. Энер­гетиктер тәтті «газдалған сусын» кейпіне еніп, ба­ла­ларға бұрынғыша еркін сатылып келді. Вейп, қор­қор сияқты бұл «спиртсіз ішімдіктерге» қатысты тыйымның «тағдыры» тағы да қағаз жүзінде қалған. Неге? Себебі Әкімшілік кодексте бұл шектеуді бұз­ға­ны үшін жаза қарастырылмады. Жауапкершілік болмаған жерде заң жүзіндегі талаптың өзі халық арагідік сескене еске алатын «ырым-тыйымға» ай­на­лып кетеді екен. 

Содан тым-тырыс, үн-түнсіз отыр­ған Үкіметке және құзырлы орган­дар­­ға «аманаттық» қалаулылар қозғау сал­­ды. Экс-Мәжіліс депутаты Елнұр Бей­сен­­баевтың айтуынша, бұл сусындар бү­гін­де спирттен де қауіпті сипат алды. 

«Энергетиктер алкогольден де қатерлі. Қа­зір тіпті он жастағы бала да оны емін-ер­кін сатып ала алады. Мемлекет бас­шы­сының ұрпақ денсаулығын қорғау жө­нін­дегі тапсырмасын орындау мақсатында энер­ге­ти­калық сусындарды 21 жасқа дейін­гі­лерге сатуға тыйым салынып еді», – деді де­путат Мәжіліс отырысында.

Заң қабылданды, бірақ оның лайықты орын­далмауы депутаттарды Үкіметке қай­та жүгінуге мәжбүр етті. Елнұр Бейсенбаев энер­гетиктерді атауын өзгертіп, мазмұнын сол күйі қалдырып, балаларға әрі қарай сату үрдісінің белең алғанына назар ау­дарт­ты. Мәжіліс депутаттарының Үкіметке жол­даған хатында мәселе ашық айтылды.

– Біздің еліміз үшін жас ұрпақтың ден­саулығын жоғалту – ұлттың құруымен бір­дей! Заңды орындауды созбалаңға, сөз­бұйдаға салу қоғамның жауапты органдарға де­ген сеніміне селкеу түсіреді және ха­лық­тың денсаулығын қорғау саясатының тиім­ділігіне шәк келтіреді. Сонымен қатар ба­қылаудың нақты тетігінің жоғы мем­ле­кеттің қоғамда «бұзушылықтарға нөлдік тө­­зімділік» мәдениетін қалыптастыру ба­ғы­­тындағы күш-жігерін жоққа шығарады, – делінген Елнұр Бейсенбаев бастаған Мәжіліс депутаттарының Үкіметке ха­тында.

Сондықтан былтыр ел Парламенті бұл тыйым тетігін «тірілтуге» бағытталған жаңа заң қабылдады. «Әкімшілік құқық бұзу­шылық туралы кодекске өзгерістер мен то­лықтырулар енгізу туралы» жаңа заңға Мем­лекет басшысы 2025 жылғы 17 қара­ша­да қол қойды. Құжат өтпелі кезең түге­сіл­ген соң енді ғана қолданысқа енгізіліп отыр. 

Айыппұл бар, әрекет керек

Құқық қорғау органдары жаңа заңдағы та­лаптардың лайықты орындалуына ба­қылау жүргізіп жатыр. Бұған «құпия сатып алу­шы» тәсілін қолдану кіреді. Касса үстін­дегі видеокамералардың жазбалары да ірік­телген түрде тексеруге ілігуге тиіс.

Биыл өмірге жолдама алған жаңа заң қолданыстағы «Әкімшілік құқық бұзу­­­­шылық туралы» кодекстің 199 және 423-1-баптарына түзетулер енгізді. Оған сәй­кес, 2026 жылдан бастап энергетикалық су­сындарды сату туралы заңнама талап­та­рын бұзғаны және 21 жасқа толмағандарға энер­гетикалық сусындарды сатқаны үшін айып­пұл төлеу түріндегі жаңа жаза қолда­ны­лады. Атап айтқанда, 199-бап негізінде энер­гетиктерді сату талаптарын бұзу үшін же­ке тұлғаларға – 15 АЕК (2026 жылы 64 875 теңге), шағын кәсіпкерлерге – 30 АЕК (129 750 теңге), орта бизнес нысан­дары­на – 50 АЕК (216 250 теңге), ірі кәсіп­кер­лерге  70 АЕК (302 750 теңге) айыппұл салынады.

Осы бұзушылықты бір жыл ішінде қай­та­лап жасайтын болса, жеке тұлғаларға – 20 АЕК (86 500 теңге), шағын кәсіпкерлерге – 50 АЕК (216 250 теңге), орта кәсіпкерлерге – 100 АЕК (432 500 теңге), ірі кәсіпкерлерге – 120 АЕК (519 000 теңге) айыппұл салын­бақ. Мұның сыртында, 21 жасқа толмаған­дар­ға энергетикалық сусындарды сатқаны үшін жеке тұлғалар – 30 АЕК,  шағын кә­сіп­кер – 50 АЕК, орта кәсіпкер – 80 АЕК, ірі кәсіпкер  200 АЕК айыппұл арқалайды. Бұзушылығын қайталай берсе, төлейтін айып­пұлының көлемі екі есеге өседі.

Тыйым бар, тұтыну азайды ма?

Энергетикалық сусындар нарығы әлем­де қарқынды өсіп келеді. Fact.MR порталының дерегінше, 2020-2025 жыл­дар аралығында нарық көлемі 63,2 мил­лиардтан 87,8 млрд долларға дейін ұл­ғай­ған. Онжылдықта бұл көрсеткіш ша­ма­мен 170 млрд долларға дейін жетуі мүмкін. Со­нымен бірге қауіп те ұлғайып отыр.  Ден­саулық сақтау министрлігі кофеин мен қант­қ­а бай сусындар қант диабеті, семіздік, пси­хикалық ауытқулар және жүрек-қан та­мырлары ауруларына соқтыратынын ес­кертті.

Көптеген ел бұл сусынсымақты тек ба­лалар мен жасөспірімдерге ғана сатуға тыйым салу жолын таңдады. Бұл ретте Қа­зақ­стан ең қатаң түрін – 21-ге дейінгі жас­тарды тегіс қамтыған шектеуді таңдаған са­наулы, саналы елдердің қатарына қосыл­ды. 

Денсаулық сақтау, Сауда министрлік­тері бұл сусын түрін тұтынуға қатысты жеке статистика жоғын хабарлады. Ұлттық ста­тистика бюросы берген мәліметке жү­гін­сек, Қазақстанда 2025 жылдың қоры­тын­ды­сында барлық сусын өндірісі, соның ішін­де энергосусындар 9,7%-ға артқан. Сау­да орындары бұл сусындарды сатудан 2020 жылы бір айда орта есеппен 40,1 мил­лиард теңге табыс тапса, 2025 жылғы жел­тоқ­сандағы (бір ай ішіндегі) табысы 208,5 мил­лиард теңгеге жеткен. Бұл – ел тари­хын­дағы рекорд. Денсаумині бұл салада тыйым енгізілгенге дейін зерттеу жүргізді.

«Қазақстанда энергетикалық сусын­дар­ды тұтынудың таралуы жыл сайын ар­тып келеді. 11-15 жас аралығындағы жа­сөс­­­­пірімдердің шамамен 45%-ы энер­ге­тик­терді қолданып көрген. Кейіннен олар­дың көпшілігінде бұл тәуелділікке әкел­ді. Оқушылардың 12%-ы күн сайын не­месе аптасына бірнеше рет энергетик тұ­тынады және олардың саны барған сайын өсіп келеді», – делінген министр­лік­тің мәліметінде. 

Қазақстанда энергетикалық су­сын­дарды тұтыну деңгейін коммерциялық зер­т­теулер де көрсетеді. K Research Central Asia маркетингтік деректерінде жа­зыл­ғандай, 2025 жылы ірі қалалар тұрғын­дары­ның 27%-ы энергетикалық сусын ішкен. Олардың 72%-ы аптасына кемінде бір рет тұтынады.

Ең белсенді тұтынушылар – 15 пен 34 жас аралығындағы жастар. Зерт­теу авторлары қазақстандықтардың нақты бір брендке берілмегенін, түрлі энергетикті, нарыққа жаңа шыққан өнімдерін сынап, дәм татып көретінін тілге тиек етті. Соны­мен қатар өндірушілердің жарнамаға жұм­сай­тын қаржысы соңғы төрт жылда 8%-ға арт­қан. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйы­мының «Қазақстандағы балалар мен жа­с­өс­­­­пірімдердің денсаулығын және әл-ау­қа­тын қалыптастыратын факторлар» атты зерт­теуінде осы салаға қатысты дерек бар. Жаһандық ұйымның тапсырысымен HBSC мұн­дай зерттеулерді әр 4 жыл сайын жүр­гізеді. Оған сәйкес, қазіргі қазақ­стан­дық жас ұрпақ арасында 11-15 жас ара­лы­ғындағы әрбір бесінші жасөспірім не­ме­се 20,5%-ы энергетикалық сусындарды ап­та сайын ішеді. Бұл ретте энергетикалық су­сын­дарды аптасына бір реттен 5-6 ретке дейін ішетін балалардың үлесі 17,5%-ды құ­­райды. Оның ішінде ұл балалардың (19,1%) үлесі қыз балаларға (15,8%) қара­ған­­да жоғары. 

Аға ұрпақтың қателігі неде?

Сөйтіп, құрдымға жетелеген «жалған қуат» ұрпақтың бір бөлігінің қа­сіретіне айнала бастағандай. Психолог Еле­на Мартынова жасөспірімдердің бұл су­сынға қызығуының бірнеше себебін ата­ды. Қазір әсіресе балалардың талғамы мен танымы блогерлер мен ММА жұл­дыз­дары­ның соңынан еруге бейім. Өкінішке қа­рай, экрандағы кейбір кумирлері энергетикалық сусындарды жарнамалап, жас сананы улау­дың жанама қатысушыларына айнал­ды. Жасөспірімдердің пайымында бұл зиянды сұйықтықты жұрт көзінше ішу – ересек бо­лып көрінудің нышаны, өзін өзгелерден жоғары әрі мықты көрсетудің амалы деп саналады екен. 

– Бұл әлеуметтік дерттің түп-тамыры тек сыртқы еліктеуде  жатқан жоқ, отба­сы­­лық тәрбиенің де кейбір олқылықт­а­ры­нан бастау алады. Көп жағдайда ата-ана­лардың өздері байқаусызда балаларын осы ты­ғырыққа итермелейді. Баланы бір ме­зет­те сан түрлі үйірмеге, спорт секция­ла­ры­на, жаттықтыру-репетицияларға жазып, оның иығына көтере алмас ауыр жүк арта­ды. Әке-шешесінің алдындағы жауап­кер­ші­­лікті сезінген, олардың үкілі сенімін ақ­тауға тырысқан жас жеткіншек бойынан күш-қуат таппаған соң амалсыз жасанды сер­гектік сыйлайтын «уға» жүгінуі де мүм­кін, – деді психолог.

Оның пікірінше, бұл тұста ата-аналар перзентінің физикалық және психикалық мүмкіндігін жіті қадағалауға тиіс. Егер ба­ла­­н­ың қабілетіне шектен тыс күш түсіп жат­са, өмірде аса маңыздылығы жоқ дү­ние­лерді құрбан етіп, баланың иығынан оның ауыр жүгін алып тастағаны абзал.

Маман тәжірибесінен бір мысал кел­тір­ді. «Ерлан деген бала бір мезгілде брей­кинг (бұрынғыша – брейк-данс) пен кио­ку­­­шинкайға қатысады екен. Шамадан тыс шар­шап, қуатын тауысқан соң амалсыз энер­гетикалық сусындарды серік еткен. Оның соңы орны толмас өкінішке әкеле жаз­дады: бірде, кезекті «b-boys батл» ке­зінде қатты жаңылысып, қайда тұрғанын, не істеп жатқанын ұмытқан ол би алаңын­да­ғы қарсыласына каратэнің қатал тәсілін қол­данып жіберген. Бәсекелесін ауруха­на­ға түсірген. Мұны естіп, есінен тана жаз­да­ған ата-анасы «мұның есі ауысты!» деп шо­шынып, оны маған сүйреп әкелді. Ер­лан менің алдымда еңіреп жылады», – дей­ді сарапшы.

Бұл  жай ғана оқиға емес, бұл – ере­сек­терге, аға ұрпаққа бағыттал­ған жас ұрпақтың жанайқайы. Бір ғана тыйым-шектеулермен іс бітпейді. Ұрпақты шы­найы қамқорлықпен, ақылды сабырмен, жан-жақты әрі дәйекті түсініктемемен тәр­биелеген абзал.

Қорыта айтқанда, сергек боламын деп сау­­лықтан айырылып жүргендер жетерлік. Бұл нәубеттен ең құрығанда жас ұрпақты аман сақтап қалу үшін жауапты органдар жаңа заңның қалтқысыз орындалуын қам­тамасыз етуге тиіс. Заң қабылданды, жаза­сы бекітілді, айыппұл белгіленді. Енді ең бас­тысы – бақылау мен жауапкершілік. Заң бар жерде – талап болуы керек. Талап бар жерде  әрекет қажет.

Айхан ШӘРІП

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:168
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Ақпан 2026 07:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see120

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see118

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see117

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see115

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see115

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see115

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see115

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see115

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see115

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see113

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see113

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see112

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see112

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see112

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

24 Қыркүйек 2026 10:18see111

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see111

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see111

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see108

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

24 Қыркүйек 2026 10:33see108

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

24 Қыркүйек 2026 10:21see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары