Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

Серпілгенге де сын бар...

Серпілгенге де сын бар...

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Бұл мемлекет тарапынан бұқаралық спортты дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстардың нәтижесі екені анық. Алайда жалпы спорттағы оң өзгерістерге қарамастан, салада шешімін күткен түйткілдер әлі де аз емес. Соның бірі – кезінде талай талантты тәрбиелеген Сыр велоспортының аяқалысы бүгінде көпшілікті алаңдатып отыр.

Аяқсыз қалған бастама

Негізінен, әлемде веломәдениетті дамыту мәселесі үлкен басымдыққа ие. Тіпті бірқатар елдерде велосипед тек спорт­тық жарыс құралы емес, салауатты өмір салтының, экологиялық мәдениеттің және заманауи қалалық инфрақұрылымның ажырамас бөлігі саналады. Әсіресе, Еуропа елдері мен дамыған мегаполистер велосипед­ті күнделікті көлік құралы ретінде пайда­лануға айрықша басымдық береді. Соның негізінде көптеген елде арнайы веложол­ақтардың қатары артып, бұл әуесқойлар жарысының тұрақты өткізілуі мен балалар спор мектебінің жүйелі жұмыс істеуіне жол аша түсті. 

Бұған дейін Сыр өңірінде де велоспортты дамытуға бағытталған бірқатар бастама қолға алынған болатын. Соның ішінде Қызылорда қаласында арнайы веложол салу жобасы көпшіліктің көңілінен шыққан еді. Құрылыс жұмыстары басталып, бұл тұрғындар арасында үлкен үміт тудырғаны да рас.

Аталған жоба шамамен 2017 жылы қолға алынған. Жоспар бойынша Сырдария өзенінің сол жағалауын дамыту аясында ұзындығы 8,3 шақырымды құрайтын магистралды көше салу көзделген. Жоба құрамында төрт жолақты автокөлік жолымен қатар жаяу жүргіншілерге арналған жол және ең бастысы, велосипедшілерге арнал­ған арнайы жолақ қарастырылған. Бастапқы жоспарға сәйкес, құрылыс жұмыстары 2021 жылы толық аяқталып, пайдалануға берілуге тиіс болатын.

Алайда баянды бастама толық жүзеге аспай, веложол құрылысы аяқсыз қалды. Салдарынан, кезінде үлкен үміт артылған өңірдегі велоспорттың дамуына серпін беруі тиіс маңызды инфрақұрылымдық жоба көптің арманына айналды. Бүгінде өңір тұрғындары мен спорт жанашырларын «Веложол құрылысы неге тоқтады?» деген сауал толғандырады. Бірақ оның себебі осы кезге дейін ресми түсіндірілген жоқ.

Өңірдегі велоспортқа қатысты мәселе Қызылорда облыстық қоғамдық кеңестің де назарына ілігіп отыр. Бұл түйт­­кіл велоси­педшілердің қауіпсіздігі мен кәсіби деңгейін арттыруға айтарлықтай қиындық туғызып тұрғанын алға тартады. 

«Ең алдымен, Қызылорда қаласында заманауи велотректің жоқтығы – басты мәселенің бірі. Бұған дейін велотрек салу жоспары айтылғанымен, жоба нақты жүзеге аспады. Арнайы жабық нысанның болмауы спортшылардың жыл бойы сапалы дайындық жасауына мүмкіндік бермей тұр. Сондықтан өңірде халықаралық талаптарға сай велотрек салу мәселесін қайта күн тәртібіне шығару қажет. Сонымен қатар республикалық және халықаралық жарыстарға қатысатын спорт­шылардың іссапар шығындары да қайта қарауды қажет етеді. Жеткіліксіз қар­жы­ландыру олардың жарысқа толық құрамда қатысуына, тәжірибе жинақтауына және спорттық деңгейін арттыруына кері әсерін тигізеді. Сол сияқты материалдық-техникалық база мәселесі де назардан тыс қалмауға тиіс. Жаттығу велосипедтерін жаңарту, жарыстарды сүйемелдейтін арнайы автокөліктер сатып алу, спортшыларды сапалы велоформамен қамтамасыз ету де кәсіби спорттың ажырамас бөлігі екені белгілі. Бұған қоса, «Велосипед спорт түр­лері бойынша кәсіпқой спорт клубының» кадрлық әлеуетін күшейтіп, қосымша штат бірліктерін енгізу және мамандардың еңбекақысын арттыру да уақыт талабынан туындап отыр. Сондықтан Сыр өңірінің велоспорттағы бұрынғы даңқын қайта жаңғырту үшін жергілікті билік тара­пынан нақты қолдау мен батыл шешімдер қажет. Аталмыш мәселеге орай тиісті орынға өзіміз тарапынан ұсыныс хат та жолдадық. Бұл мәселенің қай кезде нақты шешімін табатыны әзірге беймәлім күйде қалып тұр. Алдағы уақытта түбегейлі шешімін табалы деген үміт зор», – дейді қоғамдық кеңес мүшесі Нұрбек Дәуренбеков.

Жүздеген спортшының «жыры»

Қазір Қызылорда қаласында «Велосипед спорт түрлері бойынша кәсіпқой спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыс істейді. Аталмыш клубта велоспортқа қызығушылық танытып жүрген өрендердің қарасы қалың. Клуб балалар мен жасөспі­рімдердің денсаулығын нығайту, бұқаралық спортты дамыту, дарынды спортшыларды анықтау, олардың теориялық және тәжіри­белік даярлығын жетілдіру, халықаралық деңгейдегі спортшыларды тәрбиелеу мін­дет­терін жүзеге асыруға күш салып келеді. Осы орайда Сыр велоспортшыларын тол­ған­дырған мәселе төңірегінде сұрап көрдік. Өз кезегінде клуб тарапынан өңірде велотрек салу өте өзекті мәселеге айналып тұрғанын растап отыр. 

«Қызылорда облысында велоспорттың қалыптасуы мен дамуының өзіндік тарихы бар. Мекеме өз қызметін тиісті ережеге сәйкес жүзеге асырады. Негізгі мақсатымызға тоқталсақ, велоспорт бойын­ша спорт резервін даярлау және облыс­ пен Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларына жоғары дәрежелі спортшы­лар тәрбиелеуге күш саламыз. Осы орайда жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін өңірде заманауи жабық велотрек салу қажеттілігі туындап отырғаны жасырын емес. Негізінен, келешекте көрермендерге арналған трибуналары, әмбебап ойын залы, велосипед жөндеу шеберханасы, велосипед сақтайтын қоймалар, туннель, кәсіби велошабандоздардың жаттығу алаңы, жаңадан келген спортшыларға арналған оқу-жаттығу залы мен автотұрақ қарастырылған заманауи нысан салынса деген мақсат бар. Жобаның жалпы құны шамамен 1 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 2,5 млн теңге қажет. Егер жоба нақты жүзеге асырылатын болса, велоси­педшілердің басты мәселесі шешімін табар еді. Жалпы, Қызылордада велотректің салынуы өңірдегі велоспорттың дамуына тың серпін берері сөзсіз. Сонымен қатар республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік жасап қана қоймай, жаңа чемпиондардың қалыптасуына жол ашылар еді. Алайда өңірден заманауи үлгідегі жабық велотрек салу мәселесі әзірге болашақтың еншісінде қалып тұр», – деп мәлімдеді аталмыш спорт клубы жазбаша жауабында.

Клубтың мәлімдеуінше, осы уақытқа дейін мекеме 5 халықаралық дәре­жедегі спорт шеберін, 29-дан астам Қазақ­стан Республикасының спорт шеберін, 120-дан астам спорт шеберлігіне үміткерді және 90-нан астам бірінші спорттық разряд иегерін даярлаған. Қазір клубта Қазақстан чемпионаттарына, Азия және әлем біріншіліктеріне қатысатын 300-ге жуық спортшы жаттығады. Оларды жоғары білімді, жоғары санатты 10 жаттықтырушы дайындайды екен. Алайда спортшылар бүгінде Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионның небәрі 507,6 шаршы метр аумағын жалға алып жаттығуға мәжбүр. Мамандар тарапынан өңірде велоспорт мектебі жұмыс істегенімен, спортшылар қауіпсіздігінің толық қамтамасыз етілмеуі саланың жұмысын тежеп тұрғанын жеткізді.

Бір кездері Сыр өңірі велоспорттан талай мықтыны түлетіп, республика көлемінде өзіндік мектебі қалыптасқан аймақтардың бірі саналғанын аға буын аңыз қылып айтады. Бүгінде сол дәстүрдің үзіле бастауы көпшілікті алаңдатып отыр. Қазіргі уақытта өңірде жүздеген жас спортшы шыңдалып жұргенімен, олардың заманауи талаптарға сай жаттығу жасауына жоғарыда аталған келеңсіздіктер кедергі келтіруде. Ең бастысы, велотректің жоқтығы, арнайы веложолдардың салынбауы, материалдық-техникалық базаның әлсіздігі мен қаржыландыру мәселесі саланың дамуына тұсау болып отыр.

Соған орай бұған дейін Сыр бойында басталған веложол құрылысының не себепті тоқтап қалғанын жауапты мекемелер халыққа ашық түсіндіріп берсе құба-құп. Сондай-ақ велосипед спортының бүгінгі тағдырына қатысты нақты шешім қабыл­дағаны жөн. Ал халықаралық талаптарға сай жабық велотрек салу мәселесі кезекті жоспар күйінде қалмай, нақты іс жүзінде жүзеге асса, қанекей?! Бұл бірінші кезекте өңір спортына тың серпін беретін бірегей жоба болып, Сыр спортының дамуына сүбелі үлесін қосар еді. Сонда ғана Сыр елінде велосипед спорты бойынша жаңа буын чемпиондардың өсіп жетілуіне жол ашылары сөзсіз. 

Қалай дегенде де, Сыр өңірінде вело­сипед спортын дамыту үшін жедел түрде кешенді шаралар құру қажеттігі туындауда. Яғни веложол салу, материалдық базаны күшейту арқылы жас спортшыларды даярлаудың тиімді жүйесін қалыптастыру өздігінен сұранып тұр.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ,

Қызылорда облысы

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:188
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Маусым 2026 09:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

05 Қараша 2026 23:13see138

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

06 Қараша 2026 19:55see137

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

06 Қараша 2026 17:53see133

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

06 Қараша 2026 17:51see132

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

06 Қараша 2026 17:03see131

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

06 Қараша 2026 01:33see131

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

06 Қараша 2026 21:45see131

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

06 Қараша 2026 14:29see129

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

06 Қараша 2026 14:34see127

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

07 Қараша 2026 09:53see122

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

06 Қараша 2026 17:20see121

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

06 Қараша 2026 14:33see120

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

07 Қараша 2026 07:15see120

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

07 Қараша 2026 01:50see118

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

06 Қараша 2026 14:35see117

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

06 Қараша 2026 18:08see116

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

07 Қараша 2026 16:27see114

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

06 Қараша 2026 15:20see114

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

06 Қараша 2026 16:46see114

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

07 Қараша 2026 16:55see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары