Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Маңғыстауда туған күнінде жоғалып кеткен 18 жастағы жігітті сүңгуірлер мен дрондар іздеп жатыр

Alageum Electric компаниялар тобы Qazaq Tili Endowment қорына екінші мәрте 100 миллион теңге аударды

ӘЧ 2026: Бүгін Франция мен Марокко ширек финалда кездеседі

ІІМ: Заңсыз қосымша отын бактарын пайдаланған жүргізушілер жауапқа тартылды

Қоғамдық іс шара кезіндегі әрекеті үшін астаналық спортшыға айыппұл салынды

Жамбыл облысында шетел азаматынан 170 млн теңге декларацияланбаған валюта анықталды

Бурабайда полицейлер 3 жасар баланы ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті

Іргелідегі Асыл Арман ТҮК: Алматы іргесіндегі Алматылық Бангладеште халық қалай тұрады

Қант зауыттары қамқорлыққа зәру

Мұнара “оралды“: Астананың ескі вокзалында қазір не болып жатыр?

Жатыр мойны обырының алдын алуға болады: 265 мың қыз балаға вакцина салынды

Жамбыл облысында қолма қол ақшаны заңсыз шығармақ болған шетелдік ұсталды

Қазақстанның бес тас жолында орташа жылдамдық енгізілді ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады

Электробустар ел игілігіне

Алматыда кикшерингке арналған жылдамдық шектеуін қайта қарау талап етілді

Астанада Аманжолов көшесі толығымен жабылады

Иранның оңтүстігінде жаңа жарылыстар сериясы болды

Дастан Сәтпаев Хаби Алонсомен бірге алғашқы жаттығуын өткізді

Отбасында зорлық көрсеткендерге жаңа талап: Сот психологиялық курсқа жібереді

ҰҚШҰ мен ТМД парламентаралық ассамблеяның байқаушылары Құрылтай сайлауына шақырылды

Шетелдік жұмыс күші тек кадр тапшылығы бар салаға тартылады

Шетелдік жұмыс күші тек кадр тапшылығы бар салаға тартылады

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Премьер-министрдің орынбасары — мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкіметтің 2025 жылғы желтоқсанда қабылдаған 2030 жылға дейінгі Көші-қон саясаты тұжырымдамасының негізгі ережелерін түсіндірді.

Оның айтуынша, қазіргі заманда көші-қон саясаты қоғамдағы, экономикадағы және әлемдегі өзгерістердің айқын көрсеткішіне айналып отыр. Сондықтан көптеген елдер өз көші-қон саясатын қайта қарап жатыр. Қазақстан да бұл бағытта нақты қадамдар жасап, көші-қон жүйесін заман талабына сай жаңартып келеді. Ол ашық әрі айқын болып, ең бастысы мемлекет пен азаматтардың мүддесіне қызмет етуге тиіс.

2025 жылғы желтоқсанда Үкімет 2030 жылға дейінгі көші-қон саясатының тұжырымдамасын қабылдады. Бұл құжатта экономиканың қажеттілігі, азаматтардың мүддесі мен ұлттық қауіпсіздік мәселелері жан-жақты қарастырылған.

— Ең алдымен, біз Қазақстан азаматтарының мүддесін басшылыққа аламыз. Шетелдік жұмыс күші тек нақты кадр тапшылығы бар салаларға ғана тартылады. Көші-қон бағыт-бағдары өңірлер мен нақты жобалардың сұранысына сай қалыптасады, — деді ол.

Бұл ретте басты назар «Заң және Тәртіп» қағидатының сақталуына салынатын болады.

— Заң бәріне ортақ. Сондықтан көші-қон талаптарын бұзғандар жауапкершіліктен сырт айналып кете алмайды. Бұл талап мигранттарға да, жұмыс берушілерге де бірдей қолданылады. Қауіпсіздік елге кіруден бастап, елден шығуға дейін толық қамтамасыз етіледі.

Біздің мақсатымыз — Қазақстанға заңды сыйлайтын, мәдениетімізді құрметтейтін адамдардың келуі, — деп атап өтті министр.

2026 жылғы қаңтардан бастап жаңа тәртіп енгізіледі. Шетел азаматтары, соның ішінде этникалық қазақтар, алдын ала іріктеуден өтеді. Оған мемлекеттік тілді білу тесті, цифрлық сауалнама, уәкілетті органдардың тексерулері және әңгімелесу кіреді.

Мемлекеттік қолдауға үмітті қандастарымыз үшін арнайы тәртіп бар.

Мемлекеттік жеңілдіктер мен қолдау бағдарламаларын пайдалану үшін олар қандас мәртебесін рәсімдеп, еңбек күші тапшы өңірлерге қоныстануы керек. Бұл — Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.

— Біз отандастарымызды мемлекеттік стратегияны ұстануға шақырамыз. Өңірлік квотаға кірген қандастар көшіп келген кезде 5 жылға әлеуметтік келісімшарт жасайды. Мемлекет оларға көшуге, баспанаға және жұмысқа орналасуға көмектеседі. Ал егер отбасы бес жыл өтпей басқа өңірге көшсе, алған көмекті қайтаруға тиіс болады, — деп түсіндірді Аида Балаева.

Сонымен қатар балама жол да бар. Мемлекеттік қолдаусыз, жалпы тәртіппен тұрақты тұруға рұқсат алу. Бұл жағдайда өңірді өз қалауыңызша таңдай аласыз.

Министрдің айтуынша, жаңа көші-қон саясаты кезең-кезеңімен енгізіледі. Қоғамның, бизнестің және өңірлердің пікірі ескеріледі. Заңды құрметтейтін, адал азаматтарға әрдайым басымдық беріледі. Цифрлық құралдар заңсыз әрекеттер мен жалған құжаттарды жоюға мүмкіндік береді.

— Көші-қон мәселесі заңды, қауіпсіз әрі бақылауда болуға тиіс. Тек сонда ғана ол мемлекетіміз бен азаматтарымыздың мүддесіне сай келеді, — деп түйіндеді ол.

Айта кетелік Еңбек министрлігі 2030 жылға дейінгі көші-қон саясаты тұжырымдамасы жобасын әзірлегені туралы жазған едік

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:138
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қаңтар 2026 15:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Маңғыстауда туған күнінде жоғалып кеткен 18 жастағы жігітті сүңгуірлер мен дрондар іздеп жатыр

09 Шілде 2026 08:19see119

Alageum Electric компаниялар тобы Qazaq Tili Endowment қорына екінші мәрте 100 миллион теңге аударды

09 Шілде 2026 14:20see118

ӘЧ 2026: Бүгін Франция мен Марокко ширек финалда кездеседі

09 Шілде 2026 19:58see117

ІІМ: Заңсыз қосымша отын бактарын пайдаланған жүргізушілер жауапқа тартылды

09 Шілде 2026 09:11see114

Қоғамдық іс шара кезіндегі әрекеті үшін астаналық спортшыға айыппұл салынды

09 Шілде 2026 08:18see113

Жамбыл облысында шетел азаматынан 170 млн теңге декларацияланбаған валюта анықталды

09 Шілде 2026 11:59see110

Бурабайда полицейлер 3 жасар баланы ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті

09 Шілде 2026 21:10see109

Іргелідегі Асыл Арман ТҮК: Алматы іргесіндегі Алматылық Бангладеште халық қалай тұрады

09 Шілде 2026 10:12see109

Қант зауыттары қамқорлыққа зәру

10 Шілде 2026 10:12see108

Мұнара “оралды“: Астананың ескі вокзалында қазір не болып жатыр?

09 Шілде 2026 08:16see107

Жатыр мойны обырының алдын алуға болады: 265 мың қыз балаға вакцина салынды

10 Шілде 2026 16:08see107

Жамбыл облысында қолма қол ақшаны заңсыз шығармақ болған шетелдік ұсталды

09 Шілде 2026 13:35see107

Қазақстанның бес тас жолында орташа жылдамдық енгізілді ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады

10 Шілде 2026 10:52see106

Электробустар ел игілігіне

11 Шілде 2026 00:46see105

Алматыда кикшерингке арналған жылдамдық шектеуін қайта қарау талап етілді

09 Шілде 2026 17:47see105

Астанада Аманжолов көшесі толығымен жабылады

09 Шілде 2026 10:31see105

Иранның оңтүстігінде жаңа жарылыстар сериясы болды

10 Шілде 2026 10:08see105

Дастан Сәтпаев Хаби Алонсомен бірге алғашқы жаттығуын өткізді

10 Шілде 2026 10:12see105

Отбасында зорлық көрсеткендерге жаңа талап: Сот психологиялық курсқа жібереді

10 Шілде 2026 00:08see104

ҰҚШҰ мен ТМД парламентаралық ассамблеяның байқаушылары Құрылтай сайлауына шақырылды

09 Шілде 2026 15:23see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары