Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Атырау тұрғындары АМӨЗ маңындағы ауа сапасын онлайн бақылай алады

Ұлытау облысында кадр тапшылығы өзекті болып тұр

Ұлытау облысында кадр тапшылығы өзекті болып тұр

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Жұмыс бар, маман жоқ.

Ұлытау облысында кадр тапшылығы әлі де күн тәртібінен түспей тұр. Қазір мың жарымнан астам бос жұмыс орыны бар. Күн сайын байқаулар жарияланып, хабарландыру берілгенімен әзірге еңбек нарығындағы сұраныс толық қанағаттандырылмай отыр. Сондықтан мансап орталықтары әр сала бойынша еңбек жәрмеңкесін өткізуге көшті.

Арнайы білімі бар кез келген адамның қызметке қол жеткізуіне тең құқық берілген. Бұл мемлекеттік қызмет туралы заңның басты қағидаты. Сондықтан жәрмеңкеде 300-ге жуық бос жұмыс орны түгел ұсынылды. Қызметтің де сан түрі бар. Қатардағы маманнан басшылық лауазымға дейін бақ сынап көруге болады.

Ерлан Ермаханбетов, мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы:

- 1522 штат бірлігі бар. Соның қазіргі таңда 20 пайызға жуығы бос орын болып есептеледі.күн тәртібіндегі негізгі мәселе осы бос орындарды барынша толтыру. Аталған іс-шараға 15-тен астам мемлекеттік органдар қатысып жатыр. өздерінің бос орындары және де басқа да мәліметтермен толыққанды, өздерінің функционалды міндеттеріне сәйкес, департаменттер немесе жергілікті атқарушы органдар немен айналысатыны туралы мәлімет беруде.  

Мемлекеттік қызметке кадрларды тарту мақсатында бірқатар тиімді әдіс енгізілді. Мысалы, оқу нәтижесі жоғары түлектер қызметке конкурссыз қабылданады. Өңірлік жастар кадр резерві бар және конкурстық іріктеудің де жаңа жүйесі қолданылады. Дегенмен мұның өзі өңірдегі кадр тапшылығын шешуге жеткіліксіз, дейді мамандар. Себебі аймақта жастардың көбі өзге өңірлердегі оқу орындарын таңдап, сонда қалып қояды. 

Айдар Қойшыбаев, облыстық еңбек мобильділігі орталығының басшысы:

- Жылына орташа есеппен алғанда 6 мыңға жуық бала мектепті бітіріп, оның 4 мыңы басқа облыстарға жоғары оқу орындарына кетеді. Мыңға жуығы жергілікті коледждерге оқуға түсіп, оны бітіргеннен кейін өзіміздің өнеркәсіп саласына жұмысқа орналасып жатыр. қазіргі таңда мемлекеттік қызметке кадр тапшы. Енді оның себептерінің бірі облысымызда тек бір ғана жоғары оқу бөлімі болуы деп ойлаймыз.  

Мемлекеттік қызметшілерден бөлек, облыста педагог ұстаздар, құрылысшылар мен полиция қызметкерлерінің тапшылығы да өткір тұр. Мансап орталықтарында 1500-нан астам бос орын бар. Мамандар бұл олқылықты жою үшін өзге өңірлерден мамандарды тартуға басымдық береміз дейді.

Айдар Қойшыбаев, облыстық еңбек мобильділігі орталығының басшысы:

- Біздің мемлекеттік бағдарлама – ерікті қоныс аударумен мамандарды өзіміздің облысқа тартып жатырмыз. Бүгінгі күні 108 адам оңтүстік өңірлерден облысымзға қоныс аударып келді. Оның 28-і тұрақты жұмысқа орналастырылды. Қалғандары отбасы мүшелері, мектеп оқушылары, бала күтімімен отырған кісілер. Енді әрі қарай жұмысты дамытамыз қарқынды.  

Жезқазғанда келер жылы шетелдік жетекші білім ордасымен әріптестік аясында университет ашылады. Қаланың тартымдылығын арттырып, өмір сүруге жайлы шаһарға айналдыру мақсатында даму стратегиясы жасалып жатыр. Жоспар жүзеге асса, жастардың да өзге өңірлерге көшуі тиылып, кадр тапшылығын жоюға сеп болады, дейді мамандар. 

Елдос Кәкенов, Нұрлан Исмаилов

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:174
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қараша 2025 10:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see144

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see143

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see141

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see140

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see139

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see139

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see136

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see136

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see135

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see129

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see129

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see129

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see127

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see125

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see122

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see120

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see117

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see117

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see117

Атырау тұрғындары АМӨЗ маңындағы ауа сапасын онлайн бақылай алады

12 Қазан 2026 15:20see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары