Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Кофені көп ішсе, не болады?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Шоқпартоғайлық Ерасыл: Мұздан қорықпау керек, күш береді

Шоқпартоғайлық Ерасыл: Мұздан қорықпау керек, күш береді

Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Жылыой ауданы Шоқпартоғай ауылының тұрғыны, 25 жастағы Ерасыл Қайырбайды ауылдастары "біздің морж жігітіміз" дейді. Айтса айтқандай Жем өзенінің мұзын ойып, суды серік еткен жігіттің қимылы ширақ, көңілі көтеріңкі. 

Ерасыл отбасындағы бес баланың екіншісі. Мектепте оқып жүргенде сахна төрінде ақын Мұқағали Мұқатаевтың өлеңдерін жатқа оқып, талай жарыстарға қатысып, жүлделі орындардың жеңімпазы танылып жүрді. Негізінен шығармашылыққа жақын балғын мектепті бітіргесін актерлыққа оқуға баруды ұйғарған. Бірақ түрлі себептерге байланысты бұл арманы жүзеге аспай, Ақтөбе қаласындағы колледжден аспаз мамандығын меңгеріп шығады. 

Жапондық кухняны игеруге белсене кіріскен жас бұл бағытта жеті жыл жұмыс жасайды. Бірақ келе-келе арманы асқақ жігіт бұл мамандығына қосымша маркетолог болып еңбек етіп жүр. Өмір ағымына қарай инстаграмм, тик-токтан оны жиі көруге болады. 

- Мен өмір ағымынан қалғым келмейді, үнемі өзімді жетілдіріп отыруға тырысамын. Кітап оқығанды жақсы көремін,  қалай еткенде бос уақыт деген менде болмайды. Қарап отырғым келмейді, алға деген девизді ұстанғанмын,-дейді Ерасыл Айдарұлы. 

Бұдан екі жыл бұрын ол алдымен қақаған қыста жеңіл киіммен жүріп үйренеді. Кейін денесін шынықтыру барысында суық суға түсуді бастайды. Алғашында анасы қарсы болады "өкпеңе суық тиіп, сырқаттанасың" деп. Дегенмен жаңашыл жігіт бұл қадамынан қайтпай бұл мақсатын Жем өзеніндегі мұзды ойып, суға түсумен жалғастырады. 

Енді қыста күнде түсуді дағдыға айналдырып алған, белгілі уақыт емес, қолы тигенде өзеннен табылады. «Морж» жігіттің бүгінде қатары көбейе бастапты. 

- Денсаулыққа өте пайдалы, суық суда 1-1,5 минут тұрғанда тамырлар қатайып, жүрек соғысы күшейіп, кейін қалыпқа келе бастайды. Мен желді күндері де бара беремін, енді тұрақты түрде айналысудамын. Суық су адамға күш-қуат береді, басым жаңарып, тың идеялар пайда болады. Жалпы денең тазарып, алғы күнге деген құштарлығың артады, - дейді Ерасыл өз сөзінде. 

Ол 20 градус суықта да салқын су денеме әсер етпейді дейді. Дене шынығып, шымырлана түскен. Шоқпартоғай ауылында бұдан бұрын зейнеткер Жарылқасын Байжанов суық суға түсіп, кейбіреулерге үлгі болғанын айтады Ерасыл.

Ол Оңтүстік аруы Сабинамен отау құрып, егіз Асылхан мен Асылымның аяулы әкесі. 

- Армансыз адам болмайды ғой. Өзіңнің алға қойған мақсатың қандай? 

- Бес жылдан кейін теңіз жағасында зәулім үйім болып, отбасыммен тату-тәтті өмір кешсем деймін. Бірақ қолымда кітабым болып, әлі де зерттеуді қажет ететін Мұқағалидың өлеңдеріне жан бітіргім келеді. Мен сол мақсатыма жеткенше тынбай еңбек етсем деймін. 

Арманы асқақ "морж" жігіттің мақсаты орындалса деймін.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Сурет пен видео Ерасылдан

Бүгін, 12:22

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:211
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Қаңтар 2026 12:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see141

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see140

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see135

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see134

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see132

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see130

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see127

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see124

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see122

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see122

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see112

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see111

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see111

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see110

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see110

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see109

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see109

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see107

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see106

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары