Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
ШҚО да жөндеуден кейін жылу қазандығының қуаты артты

ШҚО да жөндеуден кейін жылу қазандығының қуаты артты

24.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында биыл үш жылу қазандығы жөндеуден өтті. Жылу жүйесінде жиі апат болатын. Жаңа Бұқтырма кентінде қысымды көтеретін станция салынды. 

Енді ішкі құбырлар жаңғыртылып жатыр. Серебрянск қаласындағы қазандықтардың да ескі жабдықтары ауыстырылды. 

Үш жыл бұрын Риддердегі жылу электр орталығында болған апат көпшілікке сабақ болған сыңайлы. Себебі жауаптылар жылыту маусымына ерте қамданатын болған. Мысалы, Алтай ауданында соңғы екі маусымда жылу жүйесін жаңғыртуға 1,5 миллард теңге жұмсалды. Серебрянск қаласындағы жылу қазандығы күрделі жөндеуден өтті.

Дмитрий Васильев, Серебрянск қаласындағы жылу қазандығының бастығы:

- Бұрын кішігірім ақау шығып, кестеге сай жұмыс істей алмай қалатын кез көп болды. Сондықтан жөндеу жұмысы нағыз уақытында басталды. Қазір қазандықтар толық қуатында жұмыс істеп тұр.

Жеті мыңға жуық адам тұртын шағын шаһарда әзірге екі қазандық жұмыс істеп тұр. Тағы екеуі резервте. Жаз бойы көмір қоймасы,мұржалар жаңартылды. «Іргедегі Жаңа Бұқтырма кенті де қысқы маусымды тыңғылықты дайындықпен бастады», - дейді мамандар. Бұған дейін арасында жылу қысымы төмендеп, шағым жиілеп келгенелді мекенде енді мәселе шешімін табады. Кентте жылу қуатын артыратын сорғы станциясы салынып, тозығы жеткен құбыр ауыстырылуда. 

Евгений Шарапов, «Тепловодоцентраль» кәсіпорнының бас инженері:

- Мұндағы қазандық қысымға шыдай алмайтын еді. Сондықтан сорғы станциясының салынуын асыға күттік. Оның үстіне құбыр көлемі де үлкейтілді. Осының барлығы жылумен қамту мауысымын апатсыз өкізуге ықпал етеді.

Жауаптылардың сөзінше, атқарылған жөндеу жұмыстары қызмет көрсету сапасына бірден әсер еткен. Оны тұрғындар да байқапты. 

Татьяна Толстова, жаңа бұқтырма кентінің тұрғыны:

- Біз жұмыс барысын үнемі назарда ұстадық.Құбырдың қалай ауыстырылып жатқанын  өз көзімізбен көрдік. Нәтижесі жаман емес, мінеки, рахат, пәтеріміз жып жылы.

Серебянск қаласындағы қазандықты жаңғырту шаралары келесі жылы да жалғасады. Көмір тасымалдайтын желі мен түтін мұржасы қайта салынады. Қазір ол жоба мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр.

Авторлары: Эльмира Ахметова. Жігер Бабаханов

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:192
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Желтоқсан 2025 05:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see170

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see169

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

22 Қыркүйек 2026 06:26see156

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see155

Жылуыңды жаз қамда

22 Қыркүйек 2026 06:45see143

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see135

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

22 Қыркүйек 2026 07:57see124

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

22 Қыркүйек 2026 06:25see123

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22 Қыркүйек 2026 09:08see115

Астанада жүргізуші қауіпті көлік жүргізгені үшін 10 тәулікке қамауға алынды

22 Қыркүйек 2026 09:07see113

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды

22 Қыркүйек 2026 09:27see91

Алматыда қаладағы алғашқы гастрономиялық көше ашылды

22 Қыркүйек 2026 08:24see91

82 жылдық рекорд жаңармады Қазақстанда тамыз айы қандай болды

22 Қыркүйек 2026 09:31see89
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары