Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Шымкентте 431 азамат қайтарымсыз грант алды

Шымкентте 431 азамат қайтарымсыз грант алды

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Шымкентте өз кәсібін ашқысы келген 431 азамат бірреттік қайтарымсыз грант алды, деп хабарлайды 24KZ. «Бұл жоспарланғаннан да көп», – дейді мамандар. Себебі кейбір тұрғындар қаржылық көмектен өз еркімен бас тартып, қаражат әлеуметтік осал топтағы жандарға берілген. Енді бұл бағдарламаның пайдасы қандай? Артықшылығы неде?

Көпбалалы әке Ерғали Бертаев 6 ай бұрын аяқкиім тігетін шеберхана ашқан. Ол ата-бабаларының бәрі он саусағынан өнер тамған шебер болғанын айтады. Ата жолын жалғастырып, дәстүр мен заманауи технологияны ұштастыруды көздейді. Мемлекеттік гранттың арқасында жаңа тігін машиналарын сатып алған.

Ерғали Бертаев, кәсіпкер:

- Қазіргі таңда бізде ер кісілердің аяқкиімін тігіп жатырмыз. Келешекте балаларға, қыздарға, аналарымызға көптеген түрін қоссақ деп жатырмыз. Заманның ағысына қарай әртүрлі үлгіде аяқкиімдер шығарамыз. Бұл жерде 5-6 адам жұмыс істейміз.

Кәсіпкер бүгінгі таңда ерлердің қысқы етіктерінің 15-20 түрін шығарады. Аяқкиімдердің барлығы таза былғарыдан тігіледі. Отбасылық кәсіп болғандықтан, Ерғалиға жұбайы Мөлдір де көмектеседі. Олар болашақта шағын кәсібін үлкен цехқа айналдыруға ниетті.

Мөлдір Дәрімбетова, Е. Бертаевтың жұбайы:

- Мен пішу, тігу жағын өзім істеймін. Қасымда тігіп, көмектесіп жатқан көмекші әпкелеріміз бар. Әйелдердің аяқкиімін тігу де ойымызда бар. Енді бастамақшы болған кәсіпкерлерге берер кеңесім – ештеңеден қорықпау. Тек талап керек, талап болса, мемлекеттен қолдау болады деп сенемін.

Қалалық Еңбек мобильділігі орталығы мамандарының айтуынша, грантқа өз бизнесін бастауға дайын адамдар жүгінген. Өтініш беруден бастап, барлығы электронды жүйе арқылы жүзеге асады. Комиссия қолынан іс келетін азаматтарға басымдық берген. Үміткерлердің де өз санаты бар.

Бекболат Әлиханов, қалалық Еңбек мобильділігі орталығы директорының орынбасары:

- Мүгедек балаларға қараушылар, мүгедектігі бар, бірақ еңбекке қабілетті адамдар, көпбалалы отбасылар, қоныс аударушылар, қандастар қатыса алады. Олардың мәртебелері жұмыссыз немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болуы керек. Бастау бизнес туралы сертификаты болуы керек.

Бірреттік берілетін қайтарымсыз грант сомасы 400 айлық есептік көрсеткіш немесе 1 млн 600 мың теңге. Бұл қаржыны көбіне тұрғындар үй жағдайында тігін шеберханасын, кондитерлік өнімдер және шағын қолөнер бұйымдарын шығаратын цех ашып, өз кәсібін дөңгелету үшін алады.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Катерина Попкова, Нурмахан Мусатов

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:178
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Желтоқсан 2025 09:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see137

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see135

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see134

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see131

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see125

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see123

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see123

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see115

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see114

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see112

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see111

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see109

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see109

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see107

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see107

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see107

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see103

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see103

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see103

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары