Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Шымкентте отбасылық жанжалдар неге азаймай отыр

Шымкентте отбасылық жанжалдар неге азаймай отыр

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Шымкентте тұрмыстық зорлық-зомбылық әлеуметтік тұрғыдан ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Өткен жылы полицияға отбасылық жанжалдар бойынша 7 488 шақырту түскен. Ал жаңа жылдың алғашқы апталарында 500-ден астам өтініш тіркелген. Мамандардың айтуынша, арыздардың басым бөлігі әйелдерден түседі.

– Жанжалдар тек ерлі-зайыптылар арасында емес. Полиция назарына ата-ана мен бала, ене мен келін, сондай-ақ жақын туыстар арасындағы жанжалдар да ілігеді, – деп атап өтеді тәртіп сақшылары.

Полиция дерегінше, агрессия көбіне қызғаныш пен алкоголь қолдану аясында өршиді. Мас күйде тұрмыстық жанжалдар ауызша сөз таласынан шығып, жиі жағдайда күш қолдануға ұласады. Бұл ретте зорлық тек жұбайларға ғана емес, балалар мен қарт ата-аналарға да бағытталады.

– Алкогольдік ішімдіктерді тұтыну көп жағдайда басты факторға айналады. Мас күйдегі азаматтар арасында тұрмыстық жанжал туындап, соңы күш қолданумен аяқталады, – дейді полиция өкілдері.

Құқық қорғау органдары 2024 жылы күшіне енген заңнамалық өзгерістерден кейін тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жаза профилактикалық әңгімемен шектелмейтінін еске салады.

– Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін әкімшілік айыппұл қарастырылмаған. Өтініш түскен сәттен бастап құқық бұзушы дереу ұсталады. Сот шешімімен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамау түріндегі жаза тағайындалуы мүмкін, – деп түсіндірді инспекторлар.

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес бөлімі мәліметінше, 2025 жылы осындай құқық бұзушылықтар үшін 820 адам қамауға алынған. Ал 2026 жылдың қаңтар айының толық емес кезеңінде – 72 адам. Отбасылық жанжалдар салдарынан екі адам зардап шеккен.

Психологтардың айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жоғары деңгейі жекелеген жанжалдардың нәтижесі емес. Бұл – терең әлеуметтік және психологиялық үдерістердің көрінісі.

Мамандардың пікірінше, алкоголь мен қызғаныш тек салдары ғана, ал негізгі себеп емес. Көп жағдайда жанжалдардың түп-тамырында жылдар бойы қалыптасқан, кейде ұрпақтан-ұрпаққа берілетін мінез-құлық үлгілері жатады.

Кейбір отбасыларда агрессия өз ұстанымын қорғаудың қалыпты тәсілі ретінде қабылданады. Адамдар ашу, қорқыныш немесе күйзелісті сөзбен жеткізе алмай, күш қолдануға жүгінеді. Ал алкоголь ішкі тежеулерді ғана әлсіретеді.

– Алкоголь мен қызғаныш – себеп емес, триггер ғана. Мұндай жанжалдардың негізінде эмоцияны басқару дағдысының жоқтығы, диалог жүргізе алмау және ішкі шиеленіс жатады. Егер отбасында мәселе қысым мен күш арқылы шешілсе, бұл сценарий қайта-қайта қайталана береді, – дейді психолог Марина Ливанова.

Сарапшылар агрессорлардың едәуір бөлігі өзін заң бұзушы ретінде қабылдамайтынын атап өтеді. Олар болған жайтты «әдеттегі ұрыс», «тәрбие» немесе «эмоциялық күйзеліс» деп бағалайды. Сондықтан полицияға жүгіну көбіне жағдай ушығып, қауіпті кезеңге жеткенде ғана орын алады.

Ал зорлық-зомбылық құрбандары қаржылық тәуелділік, қоғамның айыптауынан қорқу немесе «шыдауға болады», «өзгеріп кетеді» деген сенім салдарынан жылдар бойы травмалық ортада өмір сүруі мүмкін.

– Психологиялық көмек пен тәуелділіктермен жұмыс жүргізілмейінше, күштік шаралар қысқа мерзімді нәтиже береді. Адам жазалануы мүмкін, бірақ сол ортаға қайта оралып, ішкі көзқарасын өзгертпесе, бұрынғы сценарийді қайта жалғастырады, – дейді мамандар.

Эксперттердің пікірінше, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тек кешенді тәсіл арқылы ғана мүмкін. Бұл – психологиялық оңалту, агрессиямен жұмыс істеу бағдарламалары, жәбірленушілерді қолдау және жанжалды отбасыларды ерте анықтау. Отбасындағы кез келген зорлық фактісі құқықтық бағалауға жатады, ал үнсіздік жағдайды одан әрі ушықтыра түседі.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте әйел пышақ жарақатынан қаза тапты.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:140
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қаңтар 2026 06:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары