Шымкентте шетелдіктерді елге заңсыз кіргізумен айналысқан қылмыстық топ анықталды
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Шымкентте полицейлер заңсыз көші-қон арнасын тоқтатты, деп хабарлады Polisia.kz.
Полиция жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Шымкент қаласында заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырып келген қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды.
© Photo : Скриншот оперативного видео МВД КазахстанаШымкентте шетелдіктерді елге заңсыз кіргізумен айналысқан қылмыстық топ анықталды

Шымкентте шетелдіктерді елге заңсыз кіргізумен айналысқан қылмыстық топ анықталды
© Photo : Скриншот оперативного видео МВД Казахстана
Анықталғандай, күдіктілер ақшалай сыйақы үшін шетел азаматтарының ел аумағына келуін ұйымдастырып, оларды заңсыз түрде заңдастырумен айналысқан.
"Операция барысында 28 тінту іс-шарасы жүргізілді. Нәтижесінде ондаған шетелдік паспорт, ұйымдастыру техникасы, байланыс құралдары, түрлі бланкілер мен жалған еңбек шарттары тәркіленді", - деп жазылған хабарламада.
© Photo : Скриншот оперативного видео МВД КазахстанаШымкентте шетелдіктерді елге заңсыз кіргізумен айналысқан қылмыстық топ анықталды

Шымкентте шетелдіктерді елге заңсыз кіргізумен айналысқан қылмыстық топ анықталды
© Photo : Скриншот оперативного видео МВД Казахстана
Сонымен қатар ірі көлемдегі ақша және тіркелмеген қару алынды.
Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған арнаға қатысы бар 13 адам полицияға жеткізілді.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:50
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Сәуір 2026 11:53 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















