Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Кеңейтілген құрамда кездесті

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Шындықты жасырып, бір сәттік ал­дамшы жетістіктерге ұмтылу мемлекетіміз үшін тым қымбатқа түс­ті Тоқаев

Шындықты жасырып, бір сәттік ал­дамшы жетістіктерге ұмтылу мемлекетіміз үшін тым қымбатқа түс­ті Тоқаев

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Үкімет энерге­ти­ка­лық және коммуналдық нысандарды жап­пай жаңғырту жұмыстарын қолға алды. Ұзындығы жүздеген шақырым бо­латын инженерлік желілер мен элек­тр қуатын тарататын желілер салуымыз ке­рек. Бүгінгі таңда осы ауқымды жоба­ның есеп-қисабы әзірленіп жатыр.  Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

– Қазірдің өзінде қауіпті «қызыл» ай­мақта тұрған жылу электр станция­ла­ры­ның саны 19-дан 10-ға дейін азайды. Қа­былданған шаралардың нәтижесі кө­ріне бастады. Нысандардың апаттық жағ­дайға тап болу қаупі сейіліп келеді. 

Дегенмен, әбден тозып, әупіріммен әрең тұрған инфрақұрылымды қалпына келтіру жеткіліксіз, жұмыс тәсілін өз­герту керек. Сондықтан, жаңғырту ша­ра­лары ең басты міндетті шешуге тиіс, яғни, салаға инвестиция салу үшін қо­лай­лы жағдай жасап, нағыз нарықтық те­тіктер қалыптастыруы қажет.  

Үкіметтің шұғыл шаралары мәселе­нің түпкі мәнінен туындап отыр. Себебі, энергетика және тұрғын-үй ком­му­нал­дық шаруашылығы кез келген мем­ле­кет­тің өмір сүруіне аса қажетті тұғыр са­налады. Бұл негіз шайқалса, басқасы тү­гел күйрейді. 

Тамыры тереңге кеткен экономи­ка­лық мәселелерге ондаған жылдар бойы назар аударылған жоқ. Қалалар мен ауыл­дардағы инфрақұрылым тозды, энер­гетика нысандары мен коммунал­дық желілер әбден ескірді.    

Қордаланған түйткілдер күрмеуі қиын күрделі мәселеге ұласты. Бұл сала жыр­тық-тесігін жанталаса жамап-жас­қап, бюджет қаржысын үздіксіз құюға тура келетін «коммуналдық аждаһаға» айналды. Бұған жұрттың еті үйреніп, аза­маттар шарасыз күйге түсті.  

Соған қарамастан, біздің үкімет­тері­міз «авгийдің атқорасын» тазалауға асық­қан жоқ. Себебі, мұндай күрделі жұ­мыс ешкімге жақсы атақ әкелмес еді. Ең дамыған отыз мемлекеттің қатарына қосылу сияқты «керемет» бағдарламалар әзір­леп, оның «табысты» орындалғаны ту­ралы баяндау әлдеқайда жеңіл бола­тын. Шындықты жасырып, бір сәттік ал­дамшы жетістіктерге ұмтылу ақы­рын­да мемлекетіміз үшін тым қымбатқа түс­ті. 

Шынымды айтайын, жеке абы­ройым­ды ойласам, мен де бұл жұмысты ке­лесі басшылыққа ысыра салар едім. Бір­ақ, халықтың көзі үйренген тап­таурын түсініктерге қайшы келсе де, мен үшін қағаз жүзінде емес, іс жүзінде нақ­ты нәтижеге қол жеткізу бәрінен де маңыз­ды. 

Электр қуатының арзандығы кімге тиімді болды? Табысы шамалы көп ба­лалы отбасыларға емес, ірі кәсіпорын­дар­ға өте тиімді болды. 

Арзан жанар-жағармайдың қызы­ғын кім көрді? Әдетте қоғамдық көлік­пен жүретін студенттер мен зейнет­кер­лер емес, билікке жақын жүретін, қазір жұрт олигархтар немесе олигополия деп атайтын кәсіпкерлер көрді. 

Коммуналдық қызметтердің тари­фін төмен ұстап тұру кімге ыңғайлы бол­ды? Әр түбіртектегі соманы уақтылы тө­леп отырған адал азаматтарға емес, «ком­муналдық былық-шылықты» пай­да­ланып, қалтасын қалыңдатқан дел­дал-кәсіпкерлерге қолайлы болды.   

Посткеңестік кеңістіктегі ең төмен бағалар мен тарифтер Қазақстанға тие­сілі. Соның салдарынан, біз амалсыздан арзан жанар-жағармайды көрші мем­лекеттерге астыртын тасымалдайтын, сол арқылы олардың экономикасына демеу көрсететін елге айналдық. 

Сол себепті, тарифтің төмен болуы қара­пайым тірлік кешіп жатқан адам­дарға пайдалы деген жалған сенімнен ары­­латын уақыт жетті. Іс жүзінде бұл – ауқатты азаматтарға жасырын түрде берілетін субсидия. 

Әлеуметтік әділдікті қалпына кел­тіру үшін, ең алдымен, мәселені шешу жол­дарын өзгерту қажет. Мемлекет кө­мекке шын мұқтаж адамдарға ғана ті­ке­лей, атаулы өтемақы төлеу арқылы қол­дау көрсетуге міндетті. Сондықтан, та­рифтерді көтеру – ақылға қонымды, яғ­ни тиімді және әділ экономика құру үшін аса қажет қадам. Кім қанша тұтын­са, сонша төлейді, қолдауға шынымен зәру адамдарға ғана көмек беріледі. Тариф­тер әділетті болуы керек, яғни «неғұрлым көп тұтынған, соғұрлым көп төлейді» деген қағидат берік орнығуға тиіс. Мен осындай нақты міндет қойып отыр­мын. Алғашқы оң нәтижелер бар. Тө­лем жүйесіне сараланған тәсіл енгі­зіл­ді. Суды және электр қуатын барынша үнем­деп пайдаланатын тұрғындар «тұ­тынудың әлеуметтік нормасына» сәйкес төлемді ең төмен тарифпен төлейтін болды. 

Бұл қадам бұрынғы жүйеден бас тар­тып, әлеуметтік игіліктерді әділ бөлетін жүйе құруға мүмкіндік береді. Елдің ре­сурстарын таңдаулы адамдар емес, бар­ша жұрт бірдей пайдалануға тиіс. Сон­да ғана заманға сай инфрақұрылым мен тиімді энергетика жүйесін қалып­тас­тыра аламыз. Осылайша, эконо­ми­ка­ның сапалық тұрғыдан өсуіне зор сер­пін береміз, - деді Президент.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:128
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қаңтар 2026 10:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see142

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see138

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see137

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see135

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see133

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see133

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see131

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see127

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see126

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see125

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see125

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see125

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see123

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see123

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see122

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see121

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see120

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see119

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see118

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары