Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

Алматыда Жандосов көшесінде қозғалысқа төртінші рет шектеу қойылды

Оралда Ұлттық ұлан әскери қызметшісі өрт кезінде екі баланы құтқарды

​Мемлекеттік аппараттағы өзгерістер: Президент бірнеше шенеунікті қызметінен босатты

Атыраудағы WeDrink қоймасынан 21 адам эвакуацияланды, олардың ішінде тоғыз бала бар

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Құрылтай төрағасы сайланды

Жастар неге шетелге кетеді?

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқыны: Қазақстан азаматы да іздестіріліп жатыр

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

Соңғы көштің шынайы кейіпкері

Соңғы көштің шынайы кейіпкері

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Семей топырағында туып, Шығыс Түркістандағы ұлт-азаттық көтерілісте Тарбағатайда қол бастаған, ал өмірінің көп бөлігінде (туған жері Мақаншыға оралған соң) еліне қызмет еткен тұлға Сансызбай Иісұлы еді.

Бұл өзі күрделі теңдеу тәрізді шешуі қиын нәрсе. Мәселен, кез келген ұлт-азаттық күрес жолында немесе бостандық пен езгіге қарсы соғыста болған адамдар – батыр, қаһарман, сүйікті тұлға ретінде қалады. Тіпті оған ниеттес адамдар да тарихтың жағымды кейіпкері саналады. Бірақ бұл жолда аяушылық, асыра сілтеу болмай тұрмайтыны тарихтан белгілі, бүгін де болып жатыр. Жуырда Мақаншыда болғанымда ел аузынан осы Сансызбай Иісұлы деген кісі туралы көп естідім. Өзі туған Көктал ауылына да ол кісінің сіңірген еңбегі ересен екен. Бірақ ол 30-жылдардан бастап, кеңес өкіметі­нің арнайы тапсырмасымен Қытайға жібері­ле­ді. Яғни коммунистік жүйенің адал адамы. Ал оған біржақты қарасақ, жағымды кейіпкер демеуіміз мүмкін. Алайда жүріп өткен жолында талай адамның жа­зық­сыз атылғанын көріп, «қайран сормаң­дай халқым» деп жүрегі езіліпті. Тіпті өз қызметін пайдаланып, жазықсыз атыл­­ғалы тұрған талай қазақты құтқарып қа­лып­ты. Бұл өз сөзі емес, сол тірі қалған­дар: «Сәкеңнің арқасында тірі қалып едік, татар талқанымыз бар екен, аман қалдық, содан ұрпақ өрбіттік», депті. Әйтеуір өз шамасының шеңберінде ұлтына қыз­мет етіпті, әлсіздерді қолдапты, қорғапты. Бұған мысал келтірмес бұрын әкесі Сансызбай Иісұлының тарихын түгендеп, артында жоқшысы болып жүрген адал перзенті – тарих пәнінің ұлағатты ұстазы Фариха Сансызбайқызының әңгімесін тыңдап көрдім.

«Кеңес өкіметінің үшінші онжыл­ды­ғының бас кезінен бастап әкеміз Сансыз­бай елдегі аумалы-төкпелі жағдайға байланысты ежелден қазақтар мекен еткен, қазіргі Қытайдың батыс аймағына кетті. Әкеміздің шетте жүрген кездегі «Сағынышым – туған жер» өлеңінде «Жасымда дәл он жетім, міндім атқа, дәм тартып келіп едім осы жаққа» деген өле­ңінен оның негізгі қызмет уақыты 1927–1929 жылдардан басталғанын білеміз», дейді ол.

Ал жас зерттеуші Ерзат Кәрібайдың «Тарбағатайдағы ұлт-азаттық күрес» деген мақаласында Сансызбай Иісұлы туралы былай дейді: «Қытай өкіметінен ірге айырғаннан кейін Майлыдағы ел қиындықпен қысты өткізді де 1945 жылы көктемде ресми соғыс бастады, Қайса батыр, Мұсажандарды Іледе орныққан «Шығыс Түркістан» үкіметінен көмек сұрауға аттандырды, осыдан көп өтпей кеңестік әскери ақылшы Байкенже Орақұлы Майлыға барды. Сонымен қатар көтерілісшілер Қызылқайың шекара бекетіндегі кеңес азаматы Сансызбай Иісұлы арқылы қару алдырады. Сансызбай алғаш барған азаматтарға 8 германка беріп қайтарады әрі оларға: «Тарбағатай елін азаттыққа бастаңдар», деп сәлем айтады. Сансызбай 1932–1933 жылдары кеңес одағының арнайы қызметімен Шыңжаңдағы қазақтарға жіберілген төрт түйінді адамның бірі еді. Ілеге Фатих барса, Баркөлге Абай Қасымов барған еді. Сансызбай Майлыдағы төрт мықты әулеттің бірі Кәрібай ауылының қызы – Қапипаға үйленген еді, сонымен қатар Нұрсапалар да осы Сансызбай ауылы бай­ғаналармен құдандалы болған. Тар­ба­ғатай ел басшыларының аз қолға алынуына да осы Сансызбай әсер еткен, оны жоғарыда өз қайнағасы Әбдешке жасырын сәлем айттырып: «Үрімжіге бармасын, барса қайтпайтын қатерлі сапар!», деп ескертуінен байқауға болады, ол 1941 жылға дейін Тарбағатай аймақтық сақшы мекемесінде істеген (ол ғана емес, өзге де көптеген кеңестік азаматтар болған), 1941 жылы Шың Ши Цай кеңес одағымен ат кекілін кесісіп, кеңес азаматтарын қуғындай бастағанда жасырын қайтып кетеді де, 1945 жылы Тарбағатай тұтас азат болғанда аймақтық ішкі істердің орынбасары болады. Демек осы қозғалысқа кеңес одағы қолдау білдірген, Сансызбай Шәуешек гиминазиясындағы оқушылар­ды да аттанысқа келтіруге адам жібереді, туыстарын жасырын Дөрбілжінге жібе­ріп, көтеріліске адам тарта бастайды. Ақы­ры көтерілісшілер бас қосып көкқасқа тай­ға бата жасап, қолдарын қанға батырып серт береді. Басшысы Нұрсапа Сейітжанұлы, орынбасары Қали Қизамаденұлы, атойшы 70 жастағы Шеттікбай батыр болады».

Бұл Сансызбай Иісұлының Тарбағатай тарапындағы қызметі ғана. 1954 жылы орталығы Құлжа қаласы болған Қазақ автономиялы облысында транспорт бөлі­мінің бастығы ретінде сондағы қазақ­тарға да көп қарасыпты. Тіпті Алтай аймағында да ізі қалғаны туралы тарихи дерек жетерлік. Шыңжаңды дара биле­гісі келген, озбыр саясат жүргізген қан­құйлы гоминдан Шың Ши Цаймен ұлт-азаттық соғыста Сансызбай Иісұлының да ізі бар. Сансызбай Иісұлының тағы бір елеулі еңбегі – 60-жылдары Шыңжаң қазақтарының атамекенге ауа көшетін кезінде көрініс береді.

«1962 жылы қазақтар Қытайдан Қазақстанға көше бастады. Бұл көштің басында әкеміз Сансызбай болып, шекарадан өткізу мәселесін қадағалап отырған. Сол жылы 17 сәуір айында шекарадан Шәуешектің қазақтары өтсе, ал 24–26 сәуір аралықтарында Шағантоғайдағы қазақтар өткен. Көш туралы әкем «Көш» деген жыр жолдарын жазып, бұл жайында дауыс­тап айтып отырушы еді», дейді Фариха апамыз.

Бұл ретте жазушы Қабдеш Жұмаділов­тің Шыңжаң қазақтарының ақырғы бұл­қынысы, алапат арпалысы көрініс тапқан әйгілі «Соңғы көш» романының шынайы өмірдегі кейіпкері, тарихтағы қаһарманы осы Сансызбай Иісұлы екені де бұған дейін айтылғаны есімізде.

«Бірде өзім бұрында тұрған Қара­бұлақ ауылының тұрғындарының бірі Ашманов­тардың көл жағалауындағы үйінің тұсынан өтіп бара жатқанымда басында ақ жаулығы бар қарт ана киіз үйден шығып: «Мына балалардың Фариха мұғалім деген дауыс­тарын естіп шықтым. Жүр, түс үйге», деді. Мен рақметімді айтып, әрі асығыс екенімді білдіріп кетпек болып едім, қарт ана: «Жоқ, балам рақметті саған мен айтуым керек. Түс үйге, мен сендерге қарыздар адам­ның бірімін», деп қоймай мені үйге алып ­кірді. Қарт ана: «Қызым сен Сансызбайдың ­баласы екенсің. Біз Сансызбайға қарыздар­мыз. Ондай қарызды өтеу қайда. Өтей ­алмай қалдық. Әкеміз сол кісінің арқасында ­тірі қалыпты» дегені бар», дейді қызы.

Сансызбай Иісұлы Қытай елінде ғана емес, туған жеріне де елеулі еңбек сіңірген тұлға екенін айтқан едік, оған мақаншылық Ғаниятолла Рахимов сөзі куә.

«Негізінде 1957 жылдан бас­тап Сансызбай ағамыз Көктал ауылын ұйым­дастырып, бригадир болған. «Ыдыра­маң­дар, біраз қиындыққа шыдаңдар, кейін көгеріп, гүлденіп, көркейетін жер» деп ауылға жаңа қоныстанғандарға жігер берді. Расында да уақыт өте бұл ауыл көр­кейіп, жағдайымыз жақсарып, басқа ауылдардың алды болдық. Сансызбай аға­мен кейіннен Мақаншыда жиі кездесіп жүрдік», дейді ол.

Сансызбай Иісұлы туралы айтылған, тасқа басылған сөз де аз емес. Тіпті ол кісі Д.Қонаев, Мао Цзедун, Оспан батыр және оның баласы Шертиман Оспанұлымен жолыққаны туралы да айтылады. Алайда келесі бір сөздің жөні бөлек деп білеміз. Кеңес заманында Сансызбай Иісұлымен Шыңжаңға бірге барған, күні кешеге дейін өмір сүрген Қалдыбай Қанафиннің естелігі:

«Сәкең елім деп, жұртым деп туған ардагер азамат. Халқы үшін еңбек еткен үлкен қайраткер. Сәкеңмен 1942 жылдан бастап таныспын. Осы таныстық кезе­ңін­де тынбастан, халқымызға зұлымдық көрсеткен әрбір патшалықпен күресті. Әсіресе қазақтар көп жасаған Шыңжаң жерінде Қытай гоминданына қарсы әрбір жерде құрылған партизандар отрядтарымен тығыз байланыста болды. Тарбағатай аймағының керей, мәмбет, сайболат, төртуыл руларында өзі құрған партизандық отрядтарына басшылық етті. Сөйтіп, 1944 жылдан бастап Шыңжаңда үш аймақ төңкерісінің үстемдігіне үлес қосқан адам. Кейінгі кезде Мао Цзэдунның өкі­меті Шыңжаңға келген кезде осы өкі­мет­ке қарсы топтармен де бейбіт келіссөз арқылы жұмыстар жүргізді. Шыңжаң­­да­ғы ұсақ ұлттарға (саны аз ұлттарға қазақ, ұйғырлар, т.б) жүргізген өктемдігіне қарсы күрескен адам. Сол жақтағы қазақтардың атамекеніне қоныстануына басшылық еткен, үгіт жүргізген. Яғни 1955 жылдан ­бастап атажұртына бір миллионнан ­астам қазақты көшірісуге атсалысты. Айта ­берсе күрескерлігі таусылмайтын әңгіме. Сәкеңнің айтылмай қалған жақсылығы өте көп. Оның бірі есте бар, бірі есте жоқ. Бірақ та өз ісіне адал, «елім, жерім» деп күңіренген асыл азаматтың адамгер­шілік қасиетін ұмыту мүмкін емес», депті Қалдыбай Қанафин.

1956 жылы Қазақстанға қайтатын кезде Шәуешекке келіп, Тарбағатай аймағындағы 1916–1932 жылдары қоныс аударған қазақтардың басшыларымен жолығып, оларды Отанға қоныс аударуға шақырады. Сөйтіп, оның тікелей араласуымен 1962 жылдың сәуір айында қалың қазақ көші қозғалады.

Сансызбай Иісұлы өз естелігінде: «...Бірер солдаттарыммен шығып, олардан 3–4 метр алға жылжып, Жайтөбені (Қытай жақтан өз туған ауылына алыстан қарап тұрған сәті – Б.Қ) көруге асығамын. Алыстан бұлдырап көзіме оттай ыстық басылған Жайтөбені көргенде көзімнен ыстық жас төгіліп кетеді. Шеріктерге көрсетпей, көз жасымды сығып-сығып алушы едім. Жайтөбеден көз алмай тұрып бір Алладан тілеген тілегім: «Өзің жаратқан Сансызбай болсам, дұшпанның найзасына іліндірмей, Жайтөбенің топырағынан бұйырта гөр» деп жалбарынатын едім», депті. Осы сөзінен оның Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін көреміз.

* * *

Сансызбай Иісұлының есімін туған елі аузынан тастамай айтып қана қоймай, өскен өлкесінде бір көше атауын беруді жөн көріпті. Тіпті қызы Фариха апамыз­ға ресми ұйғарым хаты да жолданыпты. Хатта: («Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Мақаншы ауылдық ок­ругінің аппараты» ММ №161 06.02.2015 ж) «Сіздің ШҚО Үржар ауданының әкімі С.З.Зайнулинге 27 қаңтар 2015 жылғы №ЖТ-И-46 жазған өтінішіңізге байланыс­ты әкеңіз Сансызбай Иісұлына Мақаншы ауылына көше беру туралы сұранысы ауыл әкімі алқа мүшелерінің қатысуы­мен талқыланды. Мақаншы ауылын­дағы М.Калинин көшесі Сансызбай Иісұлы­ның атына беруді ұйғардық. Мақаншы ауылдық округінің әкімі С.Қалиев» делінген.

Алайда бұл ресми хат сөз күйінде ғана қалып қойыпты...

Абай облысы 

Соңғы жаңалықтар

«Соңғы көштің» шынайы кейіпкері

Тағзым • Бүгін, 08:48

Қазақ кітаптары – Үндістанда

Руханият • Бүгін, 08:45

Оралхан арманы орындалып келеді

Руханият • Бүгін, 08:43

Жеке мектеп мемлекет меншігіне берілді

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Желіде жарысқан мұғалімдер

Білім • Бүгін, 08:37

Жәрдемақы мөлшері артты

Қоғам • Бүгін, 08:35

Сан бар, сапа қандай?

Білім • Бүгін, 08:33

Қарттарға жан-жақты қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 08:30

Білім ошағы ашылды

Білім • Бүгін, 08:28

Еңбек нарығының ерекше буыны: Өзін-өзі жұмыспен қамту заман талабы ма, әлде амалсыздық па?

Қоғам • Бүгін, 08:25

Дана БӨКЕНОВА: «Bloomberg»-тегі жұмысым кәсіби деңгейімді көтерді

Сұхбат • Бүгін, 08:23

Ұлттық құрылтай – қоғам трансформациясының арқауы

Құрылтай • Бүгін, 08:20

Өркендеудің қозғаушы күші

Жастар • Бүгін, 08:17

Ашық ой, айқын ұстаным

Пікір • Бүгін, 08:15

Музыка тарихындағы іргелі бастама

Өнер • Бүгін, 08:13

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:103
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қаңтар 2026 08:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

27 Тамыз 2026 16:19see148

Алматыда Жандосов көшесінде қозғалысқа төртінші рет шектеу қойылды

27 Тамыз 2026 14:49see147

Оралда Ұлттық ұлан әскери қызметшісі өрт кезінде екі баланы құтқарды

27 Тамыз 2026 13:10see146

​Мемлекеттік аппараттағы өзгерістер: Президент бірнеше шенеунікті қызметінен босатты

27 Тамыз 2026 14:11see144

Атыраудағы WeDrink қоймасынан 21 адам эвакуацияланды, олардың ішінде тоғыз бала бар

27 Тамыз 2026 14:10see142

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see142

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see134

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see128

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see125

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see125

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

27 Тамыз 2026 19:41see125

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see122

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see119

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see118

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see116

Жастар неге шетелге кетеді?

27 Тамыз 2026 13:10see116

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see115

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see113

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқыны: Қазақстан азаматы да іздестіріліп жатыр

27 Тамыз 2026 17:28see113

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

27 Тамыз 2026 18:39see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары