Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Жемісті жеті жыл

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

СҚО да әлі күнге арқан есіп, қамшы өретін шебер тұрады

СҚО да әлі күнге арқан есіп, қамшы өретін шебер тұрады

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Мейрам Рыспаев — ұлттық қолөнердің бірнеше түрін қатар меңгерген шебер. Бұл оған қанмен дарыған екен.

— Атам, кейін әкем бұрын шана мен арба істеген. Оларға көрші ауылдардан да келіп тапсырыс береді екен. Сондай-ақ қайыстан күміспен көмкеріп ат әбзелдерін жасаған. Ал анамыз алаша тоқып, кесте тікті. Құрақ құрады. Отбасында төрт бала: екі ұл, екі қыз — барлығымыз «ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші, қолөнерге жақынбыз, — дейді Мейрам Кагошұлы.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы / Kazinform

Ол жылқының қылы мен жалынан арқан еседі. Ерекшелігі — бұл жұмысты ата-бабалар қолданған көне тәсілмен орындайды. Арқан есуде «бұрама» деп аталатын құралды пайдаланады.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы / Kazinform

Үш адам бірігіп, ширатылған қылды тартып отырып, орайды. Осылайша сапасы тексеріліп, жуан-жіңішкелігі реттеліп отырады. Соңында дайын арқанға айналады.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы / Kazinform

— Қыл арқан — ата-бабамыздан келе жатқан, ерекше беріктігімен бағаланған бұйым. Ол жылқының жалы мен құйрығынан жасалады. Әсіресе дөнен мен тайдың қылы ыңғайлы, жұмсақ әрі қолға батпайды, қолдануға өте ыңғайлы. Мұндай арқан өте төзімді: жылдар бойы жатса да шірімейді. Сондықтан бұрын қазақтар оны киіз үйдің тартпаларын байлауға пайдаланған. Қар мен жаңбырға, күннің ыстығына да шыдамды. Арқан есу — үлкен шеберлікті талап ететін жұмыс. Қылды сулап отырып, әр талын бір-біріне ұқыптап қосып, жүйелеп отырады. Бұл ұршық иіргенге ұқсайды, бірақ толықтай қолмен жасалады. Дайын болған қыл арқан өте созылмалы әрі берік келеді. Оны тізгінге де, жылқы ұстауға да пайдаланады. Әдетте 10–12 метрге дейін есіледі. Мұндай арқанның тағы бір ерекшелігі — оның жұмсақтығы мен икемділігі. Жылқыға салғанда резеңке секілді созылып, қайта орнына келеді. Сондықтан жылқыны жарақаттамайды, — дейді шебер.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы / Kazinform

Мейрам Рыспаев қамшы өру өнерін де меңгерген. Оның айтуынша, қамшы — тек тұрмыстық құрал емес, қазақ қоғамында ерекше мәнге ие болған бұйым.

Ертеректе адамдар қамшы арқылы ымдасып, тіпті даулы мәселелерді де шешкен.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы / Kazinform

— Бұл қамшының қасиеті өте үлкен. Бірақ оны көбі біле бермейді. Бұл қамшымен құрылтайда көп мәселе шешілген. Әр жүздің үлкен ақсақалдары жиынға келгенде осы қамшымен ымдасып, қамшымен сөйлескен дейді. Дауларды осы қамшымен тоқтатқан. Бір-біріне қарсы келмеген, айғайламаған. Шешімге қарсы шықса қамшыны ортаға лақтырған. Сондай-ақ үй иесі қамшысына қарап-ақ қонақ жайлы біраз нәрсені білген. Мәселен қамшыны қолға сығымдап қысып кіру — дауға келгеннің белгісі болса, белге қыстырып келу — қонақ болуға ниетті екенін білдірген. Ал асығыс жолаушы қамшысын етігінің қонышына тығып кірген, — дейді Мейрам Рыспаев.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы / Kazinform

Шебердің айтуынша, қамшының әр бөлшегінің өз атауы бар: сабы, басы, бүйірі, алақаны, өрімі — бәрі де ата-бабадан қалған атаулармен аталады. Өрілген тұсын «шежемей» деген. Мұның өзі халқымыздың тұрмысындағы тәртіп пен мәдениеттің жоғары болғанын көрсетеді.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы / Kazinform

— Қамшы бірнеше өрім болады. Өру үшін қайыстан таспа жұқа етіп тілінеді. Кейін өргенде дөңгеленіп шығуы үшін таспаның шеттерін қыру керек. Өрген кезде әр таспаны қатты тартып отырмасаң, бос болып қалады. Мен өзім қамшы сабына көбіне тобылғы пайдаланамын. Ол майысқанымен сынбайды, берік келеді, — дейді шебер.

Мейрам Кагошұлы бала кезінен әкесінің қасында жүріп, аңшылық пен тері илеудің де қыр-сырын меңгерген. Үйдегі түлкі ішік — соның дәлелі.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы / Kazinform

— Бұл — ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрлі киімдердің бірі — түлкі ішік. Бұдан да ірі бағалы түрі бар, оны қасқыр ішік деп атайды. Бұрын мұндай ішіктерді құдалық кезінде сыйға тартқан. Менің жұбайым тіккен мына ішікті дайындауға 24 түлкінің терісі жұмсалды. Кезінде өзім аңшылықпен айналыстым, бірақ 2005 жылдан бері бұл кәсіпті доғардым. Қазір қажетті теріні аңшылардан сатып аламын. Оларды өзім тұздап, илеп, толық өңдеуден өткіземін, — дейді ол.

Мейрам ағаның зайыбы Әлия Рыспаева да өнерден алыс емес. Анасының жанында жүріп, тігіншілікті үйренген ол кейін осы мамандық бойынша білім алып, фабрикада жұмыс істеген.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы / Kazinform

Тұрмысқа шыққаннан кейін ауылға көшеді. Қазір ауруханадағы жұмысынан қолы босағанда ұлттық нақыштағы бұйымдар — оюлы жастықтар мен түрлі сәндік заттар тігіп, тапсырыс қабылдайды.

Рыспаевтар отбасы қазақтың ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрін қайта жаңғыртуды басты мақсат санайды. Соның бірі — ләңгі ойыны. Мейрам Рыспаев ләңгіні өзі жасап, немерелеріне, көрші балаларға таратады. Ләңгі — ертеде доптың орнына қолданылған ұлттық ойын. Ол баланың ептілігін, шапшаңдығын дамытады.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы / Kazinform Фото: Ақерке Дәуренбекқызы / Kazinform

— Ләңгі жасау үшін қойдың терісі пайдаланылады. Оның жүнінің ұзын болғаны маңызды, себебі ойын кезінде жерге жеңіл түседі. Сондай-ақ қорғасын арнайы тігіледі. Осылай дайындалған ләңгі ойнауға өте ыңғайлы болады, — дейді Мейрам Рыспаев.

Осылайша Рыспаевтар отбасы ұлттық құндылықтарды сақтап қана қоймай, оны кейінгі ұрпаққа үйретіп, дәріптеп келеді.

Фото: Ақерке Дәуренбекқызы / Kazinform

Бұған дейін сүр ет қосылған наурыз көже Солтүстік өңірде қалай әзірленетінін жазған едік. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:209
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Наурыз 2026 10:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see148

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see146

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see145

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see145

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see143

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see143

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see139

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see138

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see138

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see138

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see137

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see137

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see136

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see136

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see135

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see135

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see135

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see135

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see133

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see133
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары