Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Сыбызғышы Халиолла

Сыбызғышы Халиолла

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Осыдан екі ғасыр бұрын Жалпақталдың киелі топырағында дүниеге келген атақты сыбызғышы Сармалай мен бүгінгі сыбызғышы Халиолла Нағиевтың арасындағы сыбызғы аспабымен ойналатын сиқырлы күйлердің сарынды үні — күресінен салынған соқпақ жолдай ешқашан үзіліп көрген емес.

Жазиралы даланың төсінде кеңінен тараған сыбызғы аспабының сарыны қазаққа етене жақын. Қамыс басы қозғалып, құрақтар сыбдырлап, қурайлар уілдегенде тамаша күйлер төгілері анық. Сыбызғыдан шыққан сырлы саз Алтайдың баурайынан Ақжайықтың жағасына дейін жалғасып жатады десек артық айтпаспыз. Сиқырлы әуен бетпақ далада да ойналып, қу тақтайдың шанағы мен бір тұтам қамыстың өзегінен төгіледі. Бүкіл тамыры әуенмен әрленген қазақ үшін ұлттық аспаптардың ішінде жүрегіне ең жақыны — сыбызғы болған. Сыбызғының үнін бір естіген адам сиқыр әуенге елітіп, қайта-қайта тыңдай бергісі келетіні сондықтан.

Хакім Абай Семейдің өлкетану музейіне сыбызғы сыйлаған. Ол үш шекті домбыра, қылқобыз, асатаяқпен бірге Семейдегі Абай мұражайында сақтаулы тұр.

Шоқан Уәлиханов та Петербор музейіне қамыстан жасалған, үш ойығы бар, қорабына үш жерден темір сақина кигізілген сыбызғыны сыйлаған болатын. Қанғожа мен Тулақ күйші Шоқанның жас өлімін әкесі Шыңғыс төреге сыбызғының азалы үні арқылы естірткен екен. Ал белгілі жазушы Тәкен Әлімқұлов осы аспап жайында «Сары сыбызғы» деген тамаша әңгіме жазды. Онда ол «Сайрағыш құстың ең кішкентайы бұлбұл болса, сайрағыш аспаптың ең шағыны – сыбызғы», деп жазады. Сол сияқты сыбызғышылық дәстүр туралы құнды деректер қалдырған семейлік Талиға Бекқожина да бірегей ғалым. Оның еңбектерінде көпке белгісіз Еңсебай, Сүлеймен, Қалижан, Ғайса, Шерубай сынды сыбызғышылардың өмірбаяндары мен Шанақ Ауғанбаев, Биқан Шерубаев сияқты бүгінге белгілі сыбызғышылар туралы мағұлыматтар мен XVII ғасырда өмір сүрген әйгілі сыбызғышылар Тілеке мен Жантелі Бұланұлының, 1922-жылдары Шерубай мен Мұса бақсының, 1950-жылдары Оспанғали Қожабергенов пен Шанақ Ауғанбаевтың сыбызғымен күй тартысқаны туралы тың деректерді жеткізеді.

Танымал сыбызғышы – Талғат Мұқышев қазақ жерінде сыбызғының екі мектебі өткен ғасырға дейін сақталғанын айтады. Біріншісі Шерубай, Шанақ, Биқандар дамытқан Шығыс Қазақ­стан мектебі болса, екіншісі, Сармалай салған сара дәстүрдің иесі саналатын Батыс Қазақстан мектебі. Бүгінгі таңда Сармалай күйлерін жеткізуші белгілі сыбызғышы Ысқақ Уәлиевтің де сыбызғысы музейде сақтаулы. Ол – 1934 жылы құрылған Құрманғазы оркестрінің тұңғыш сыбызғышысы. Ленинградқа арнайы шақырылып, «Амангелді» фильмін сыбызғы үнімен көркемдеген күйші. Оны Алматыға шақырып, оркестрге орналастырған Ахмет Жұбанов болатын. Қан майданнан қайтпаған Ысқақ Уәлиевтің оркестрдегі орны ұзақ жылдар ойсырап тұрды. Кешегі Кеңес кезіндегі жүйенің шолақ белсенділері ұлттық мұра­ларды жоюға тырысқаны анық. Бірақ, мәдениет майталмандары олармен табанды күресе білді. Мәселен, Өзбекәлі Жәнібеков үрмелі аспаптарға көңіл бөліп, оркестр ұйымдастырған кезде сыбызғыны да енгіздірген.

Халық арасындағы Батыс сыбызғышыларының қатарында Макар, Сабыр, Сармалай, Сүлеймен, сынды тағы да басқа атақты сыбызғышылар есімі кеңінен белгілі болды. Сыбызғы аспабын кейінгі ұрпаққа жеткізген өнерпаздар қатарында Ысқақ Уәлиевтің есімі бөлек аталады. Олардың репертуарында бағдарламалық сюжетке құрылған «Бұлбүл», «Аңшының зары», «Ақсақ құлан», «Боз інген» сияқты тағы да басқа күйлер болған.

Осыдан біраз жыл бұрын Моңғолиядан сыбызғы мұрасын сақтаушы ретінде Алматының мемлекеттік консерваториясына шақырылған Кәлек Құмақайұлының бір сыбызғысын сол кезде консерваторияның қобыз сыныбында үшінші курста оқып жүрген студент Талғат Мұқышев аттай қалап алып қалыпты. Арада біраз жылдар өткенде сол шәкірті консерваторияда тұңғыш рет сыбызғы сыныбын ашарын ол кезде екеуі де білмеген еді. Талғат Мұқышев – диплом алған тұңғыш қазақ сыбызғышысы. Оның «дипломды сыбызғышы» болуы­ның жайы мынадай. Тәуелсіздік алған жылдары консерватория ректоры Дүйсен Қасейінов, бөлім меңгерушісі Айтқали Жайымов, Досмұхамбет Тұяқбаев «Сыбызғы аспабын қайта жаңғырту керек болып тұр. Башқұртстанда сыбызғының үлкен мектебі бар. Сонда оқуға ыңғайың келе­тін сияқты. Қалай қарайсың?» деп Талғатқа Башқұртстанға бару жөнінде ұсыныс жасайды. Осылайша, 1995 жылы Уфа консерваториясын тәмамдап, қазақтың музыка тарихында тұңғыш рет сыбызғы саласы бойынша диплом алған Талғат, елге оралған соң Құр­ман­ғазы атындағы консерватория­да сыбызғы класын ашып, шәкірт тә­р­биелей бастады. Бірақ екі жылда бір қабылдайтындықтан, осы күнге дейін санаулы бала ғана сыбызғышы мамандығын меңгеріп шыққан көрінеді. Қуанарлығы, Ж.Елебеков атындағы Эстрада және цирк колледжінде сыбызғы сыныбы ашылғаны. Одан бөлек Талғаттың авторлығымен алғаш рет қырықтан астам сыбызғы күйі «Сыбызғы сазы» жинағында топтас­тырылып жарық көрді. Сыбызғы – қазақтың өнері. Қазақ пен башқұрттан өзге еш ұлт сыбызғы тарта алмайды.

Сыбызғы мектептерінің қалыптасқан жері – Батыс Қазақстан мен Шығыс Қазақстан өңірі деп айттық. Өйткені, қурай қай жерде өседі, сол жерде сыбызғышылар көп кездеседі. Олай дейтініміз, сыбызғының дəстүрлі түрі қурайдан жасалады.

Енді Батыс Қазақстан сыбызғышылар мектебінің бүгінгі өкілі, жалпақталдық белді сыбызғышы Халиолла Нағиев жайлы дерекке тоқталайық.

Нағиев Халиолла Хамзаұлы 1970 жылы 23 қазанда Батыс Қазақстан облысы, Казталов (бұрынғы Жалпақтал) ауданы, Жалпақтал ауылында дүниеге келді. 1986 жылы сол ауылдан орта мектептің 8 сыныбын аяқтап, Жезқазған музыкалық училищесінің флейта мамандығы бойынша оқуға түсіп, оны 1990 жылы бітіріп шыққаннан кейін, сол жылы Алматы қаласы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Мемлекеттік Консерваториясының сыбызғы, флейта үрмелі, ұрмалы аспаптар факультетіне оқуға түсіп, оны 1995 жылы бітіріп шықты.

Алғашқы еңбек жолын 1993 жылы Құрманғазы ұлт аспаптар оркестрінде сыбызғышы болып бастаған ол, 1995-1996 жылдары Жалпақтал музыка мектебінде, 1996-1998 жылдары Орал мемлекеттік университетінің музыка факультетінде флейта пәнінің мұғалімі болып, 1998-2002 жылға дейін Жезқазған музыка колледжінде, 2002-2023 жылға дейін Жалпақтал Балалар Өнер мектебінде флейта класының жоғары санатты мұғалімі болып ұзақ жылдар шәкірт тәрбиелеп, ұлағатты ұстаз атанды.

2023 жылдан бастап күні бүгінге дейін Жалпақтал Мәдениет үйінде қызмет атқарып келеді. Халиолла Хамзаұлы ұзақ жылдар бойы еңбек еткен ұстаздық жолында шәкірттерінің шығармашылық қасиеттерін дамытып, оларды облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға қатыстырып жеке және ұжымдық орындау конкурстар бағамы бойынша жүлделі орындарды иеленіп жүрді. Мұғалімнің тынымсыз еңбегінің арқасында мектептің балалар оркестрі мен хор ұжымын дайындап көптеген конкурстардан жүлдеге ие болды. Қазіргі таңда Халиолла Хамзаұлының шәкірттері жоғары оқу орындарын тәмәмдап Қазақстанның әр жерінде музыка мектептерінде, мәдениет саласында әр түрлі оркестрлерде қызмет етіп жүр. Атап айтар болсақ, Күміс Амангелдиева Орал қаласы, Құрманғазы атындағы саз колледжін және Астана қаласындағы Өнер Академиясын тәмамдады. Әлия Қадерова Орал қаласы, Құрманғазы атындағы саз колледжін Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетін мемлекеттік грант арқылы тәмәмдап, бүгінгі таңда Теректі ауданының Саз мектебінде флейта пәнінің оқытушысы қызметін атқарып жүр. Зарина Меңдібаева Орал қаласы, Құрманғазы атындағы саз колледжін бітіріп, қазір Ақсай қаласындағы Музыка мектебінде флейта пәнінің оқытушысы болып қызмет атқаруда. Бибінұр Абуханова Орал қаласы Құрманғазы атындағы саз колледжін, Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетін бітіріп, қазіргі таңда Подстепной ауылында Саз мектебінде флейта пәнінің оқытушысы қызметін атқарып жүр. Олардың бәрі де бірнеше дүркін облыстық республикалық байқаулардың лауреаттары. Айтас Айдарбеков, Әйгерім Айдарбекова Орал қаласы, Құрманғазы атындағы саз колледжінің студенттері. III Pеспубликалық Ұлы Дала Ұрпақтары байқауына қатысып Бас жүлдеге ие болды. Облыстық Республикалық конкурстардың лауреаты.

Аяжан Абай, Аружан Ұзақбай, Бек Әнуар, Дәулет Мақсотов, Ералы Қадеров Жалпақтал Балалар Өнер мектебінің флейта сыныбының шәкірттері. Олардың бәрі де III Pеспубликалық Ұлы Дала Ұрпақтары байқауына қатысып жүлдегер атанды. Тоғжан Қайратова, Аиза Кенжеғалиева облыстық жас музыканттар фестиваль-конкурсының лауреаты атанса, Нұргүл Батырбекова облыстық Дельфийлік ойындарына белсене қатысқаны үшін Алғыс хатқа ие болды.

Ал өзі ұлағатты ұстаз бола жүріп, түрлі байқауларға қатысқан Халиолла Хамзаұлының жетістіктерін айтар болсақ, ол Татарстан Республикасында өткен халықаралық фестивалдің және облыстық Дала дарындары байқауының лауреаты атанса, Орал сазы ансамблімен Ғасырлар сазы фестиваль-конкурсына қатысып, арнайы жүлдеге ие болды. Халиолла Хамзаұлында еңбек пен өнер жолында қол жеткізген табыстарын дәлелдейтін түрлі алғыс хаттар мен марапаттар жетіліп артылады. Ол Орал сазы фольклорлық-этнографиялық ансамблінің дамуына зор үлес қосып, талантты шәкірттер дайындағаны үшін Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің дипломы мен облыстық білім басқармасының Құрмет тақтасына лайық болып,

республикалық Күйшілік өнерді насихаттап, оның дамуына зор үлес қосқаны үшін Құрмет Грамотасымен марапатталды.

2022 жылы маусым айында Абай Телеарнасының журналистері ұйымдастырған «Ғасырлар пернесі» атты бағдарламаның қонағы болды.

Халиолла Хамзаұлы отбасында аяулы жар, асыл әке. Жұбайы - Айнамкөз Амантайқызы жоғары санатты ұстаз болса, төрт баласының тұңғышы Айару Хамзина Алматы қаласы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясының Академиялық ән айту бөлімінің І курс студенті. Қалған балалары мектеп жасында.

Сыбызғының сиқыр үнін ұрпақтан ұрпаққа жалғап, қазақтың ұлттық аспапттарын кеңінен насихаттауға зор үлес қосқан сыбызғышылар қатары сиремесін.

Қыдыр ХАРЕСҰЛЫ

Орал

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeБұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
seeКөрілімдер:172
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2025 08:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see156

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see147

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see145

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see145

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see145

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see143

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see142

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see137

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see136

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see134

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see131

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see128

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see128

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see120

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see119

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see119

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see119

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see117

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары