Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Сыр өңірінде жаңа Конституция жобасын қолдауға бағытталған іс шараға 20 мыңға жуық адам жиналды

Сыр өңірінде жаңа Конституция жобасын қолдауға бағытталған іс шараға 20 мыңға жуық адам жиналды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Бүгін Қызылорда қаласындағы «Kaysar Arena» алаңында өңір жұртшылығы елдің жарқын болашағына үн қосуға жиналды. 20 мыңға жуық қала тұрғыны мен қонақтарын біріктірген Open air қоғамдық пікір мен азаматтық жауапкершіліктің символына айналды. Ауқымды іс-шара барысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының өкілдері жаңа Конституция жобасының басым бағыттарын түсіндіріп, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, жаңа Конституцияның мазмұны шын мәнінде халықтық сипатқа ие. Оның айтуынша, бұл маңызды құжат жұртымызға, әсіресе өскелең ұрпақ пен жастардың игілігіне қызмет етеді. Президент азаматтарымыз Ата Заң жобасын қолдаған жағдайда Қазақстанда жаңа, анағұрлым тиімді, яғни, еліміздің ұзақмерзімді тұрақты дамуына жол ашатын саяси жүйе қалыптасатынын мәлімдеді.

Іс-шара ашық әрі еркін форматта өтті. Сахнада Мадина Сәдуақасова, Қайрат Нұртас, Мирас Жүгінісов сынды қазақстандық белгілі орындаушылар өнер көрсетті. Концерттік бағдарлама барысында коалиция мүшелері сөз алып, құжаттағы негізгі өзгерістер туралы өз ойларын ортаға салды. Мәжіліс депутаттары Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, Мақсат Толықбай, Нартай Сәрсенғалиев және «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова конституциялық реформалардың мән-маңызын түсіндіріп, азаматтарды алдағы референдум туралы хабардар етті.

Іс-шараны ашқан Қызылорда облысының әкімі, Конституциялық комиссия мүшесі Нұрлыбек Нәлібаев өз сөзінде сындарлы сәтте ел болып бірігудің маңызын атап өтіп, қатысушыларды 15 наурызда өтетін референдумда мемлекеттің жарқын болашағы үшін дауыс беруге шақырды.

«Жаңа Ата Заңда Тәуелсіздігімізді, аумақтық тұтастығымызды сақтауға, азаматтарымыздың құқығын, бостандығын қорғауға, еліміздің тыныштығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған ережелер бекітілді. Бұл – әлемдегі ахуал ушығып тұрған уақытта мемлекеттігімізді нығайтатын маңызды қадам. Сондай-ақ жаңа редакцияда Ұлы Даланың мыңжылдық тарихи сабақтастығы айқындалды» – деді өңір басшысы.

Өз кезегінде Мұрат Әбенов жаңа құжатта алғаш рет білім, ғылым, инновация мемлекеттің стратегиялық басымдығы ретінде айқындалғанын атап өтті.

«Президент барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында атап өткендей, көптеген елдерге қарағанда Қазақстанда барлық деңгейде ақысыз білім алуға мүмкіндік бар. Ата Заң жобасында білім сапасын арттыру, балалар мен жастарға арналған мүмкіндіктерді кеңейту, ғылымды, мәдениетті, спортты қолдау, озық инновацияға, цифрландыруға ден қою, жасанды интеллектіні енгізу сияқты басымдықтар қамтылған. Конституциялық өзгерістердің ерекшелігі – әр азаматқа өзін танытуға, инновациялық көзқарасын дамытуға және шығармашылықпен айналысуға мемлекет тарапынан мүмкіндік жасалып, қолдау көрсетілуінде», – деді Мәжіліс депутат. 

Ал Мұрат Ергешбаев Конституция жобасының халықтық сипатына тоқталып, ұсынылып отырған өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге, билік тармақтарының тиімділігін арттыруға және қоғам мен мемлекет арасындағы өзара сенімді нығайтуға бағытталғанын атап өтті. 

«Соңғы жылдары қоғамда мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, шешім қабылдау ісіне азаматтардың қатысу мүмкіндігін кеңейту мәселелері кеңінен талқыланып келеді. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа Ата Заң жобасының өзектілігі айрықша. Конституциялық өзгерістер мемлекетті басқарудың заманауи талаптарына сай келетін жаңа тетіктерді қалыптастыруды көздейді. Құжатты әзірлеу барысында қоғам өкілдерінің ұсыныстары мен пікірлері ескерілді. Бүгін қабылданатын шешімдер ел дамуының ертеңгі бағытын айқындайды. Сондықтан жастар қазірден бастап ел ісіне бейжай қарамай, оны өз қолына алуға ұмтылуы қажет», – деді ол.

Коалиция мүшесі Мақсат Толықбай Конституция әрбір азаматтың тағдырына, болашағына тікелей әсер ететін іргелі құжат екенін айтты.

«Адамның құқығы мен бостандығы – басты құндылық. Жаңа редакция Преамбуласында бұл қағида алғаш рет мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде айқындалды. Демек, бұдан былай адам құқығына барынша назар аударылып, оның ар-ожданы мен бостандығына кепілдік беріліп, жан-жақты қорғалады. Құжаттағы негізгі идеялардың бірі адамның шығармашылық еркіндігі, инновация мен ғылымға көңіл бөлінуі. Бұл қазіргі әлемнің даму тенденциясына толық сәйкес келеді», – деді ол.

Өз сөзінде Нартай Сәрсенғалиев енді дарынды жастардың идеялары мен бастамалары конституциялық деңгейде қорғалатынын атап өтті.

«Бұрын дарынды жастар шекара асып, мүмкіндіктерді шет елден іздейтін еді. Бүгін осы олқылықтардың орнын толтыратын кез келді. Жаңа Конституция өскелең ұрпақтың дамуына нақты жағдай жасайды. Жас буын өз идеяларын елімізде жүзеге асырып, ғылым мен инновацияға араласып, шығармашылықтарын толық көрсете алады. Бұл – тек жастар үшін ғана емес, жалпы қоғам үшін үлкен мүмкіндік. Сонымен қатар  мұндай қадам еліміздің зияткерлік әлеуетін нығайтып, экономика мен ғылым саласының өркендеуіне жол ашады», – деді Нартай Сәрсенғалиев.

Сонымен қатар депутат жастарды өз азаматтық ұстанымын ашық білдіріп, қоғамдағы маңызды мәселелерді шешу ісіне белсене араласуға шақырды. Оның пікірінше, жастар қауымы қоғамдағы өзгерістердің бел ортасында жүруге тиіс. 

«Ұсынылып отырған өзгерістердің түпкі мәні – Тәуелсіздігімізді нығайту, қорғау және келер ұрпаққа қуатты мемлекетті аманат ету. Алдағы референдум – бұл жай ғана дауыс беру емес, әрқайсымыздың ел тағдырына қосатын үлесіміз. Болашақ өз қолымызда», – деді «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова. 

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар жаңа Конституция жобасының қоғам бірлігін нығайту мен тұрақтылықты қамтамасыз ету жолындағы маңызына ерекше назар аударып, оған қолдау білдірді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:174
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Наурыз 2026 22:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see123

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see120

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see120

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see118

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see117

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see116

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see116

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see115

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see115

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see115

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see115

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see115

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see114

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see113

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see113

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see112

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see112

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see112

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see111

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары