Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

Атырау ауасындағы күкіртсутегі: министрлік нормадан асу себептерін түсіндірді

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

Қазақстанның оңтүстігінде бетперде киіп, жастарға оқ жаудырғандар сотталды

Сырдарияның төменгі ағысындағы мұнаралардың негізін қалаушы оғыздар

Сырдарияның төменгі ағысындағы мұнаралардың негізін қалаушы оғыздар

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Тарих магистрі, Эберхард пен Карл атындағы Тюбинген университетінің PhD докторанты Жетесби Сұлтанжанов Kazinform тілшісімен сұхбатта тарихи мәлімет пен археологиялық зерттеу нәтижелері негізінде Сыр өңіріндегі ортағасырлық Бегім ана, Сараман-Қоса және Ұзынтам мұнараларына қатысты ерекше жәйттерді бөлісті.

— Соның бірі Түркістан әуесқойлар үйірмесі мүшелерінің жазбаларында кездеседі. 1897 жылы Түркістан үйірмесінің кезекті отырысында Иван Аничков Сырдарияның төменгі алқабында орналасқан ежелгі ескерткіштерге жүргізілген зерттеу жұмысының есебін берген. Ол өз баяндамасында Сараман-Қоса мен Бегім ана мұнараларына тоқталған. Есептің мәтіні баспаға түсіп, оған қосымша Сараман-Қоса мұнарасының суреті бірінші рет жарияланады. Кейін 1910 жылы Лев Мейер мен Иван Аничковтың жинаған мәліметі Иосиф Кастанье дайындаған «Қырғыз даласы мен Орынбор өлкесінің ескерткіштер жинағына» кіреді. Бегім ана және Сараман-Қоса мұнаралары туралы қысқаша мәлімет Қазақстанның археологиялық картасында бар, — деді ол.

Фото: Жетесби Сұлтанжановтың жеке архивінен

1983-1986 жылдары Қазақ КСР-інің Орталық Кеңесі тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамының экспедициясы ескерткіштерге жоспарлы зерттеу жүргізген. Далалық зерттеу барысында Ұзынтам мұнарасы архитектуралық әдіспен зерттеліп, Бегім ана мен Сараман-Қоса мұнаралары қалпына келтірілді.

Фото: Kazinform

Қызылорда облысы Қазалы ауданының Түктібаев ауылынан 15 шақырым жерде Ұзынтам, одан солтүстік-батыста 12 шақырым және Қазалы қаласынан оңтүстік-батыста 68 шақырым қашықтықта Бегім ана мұнарасы орналасқан. Бегім ана ескерткіші жөнінде ешқандай анық мағлұмат жоқ. Дегенмен, халық арасында Жанкент қаласының апаты мен мұнараны тұрғызу себебі туралы аңыз тараған.

— Сондай аңыздардың бірі Мәлік шахтың ұлы Санжар ханның Жанкентте билік еткен кезеңімен сәйкес келеді. Ол өзіне Қарабура әулиенің Бегім есімді сұлу қызын әйелдікке алады. Бір күні хан әйелінің адалдығына күмәнданып, оның бұрымы мен сол қолын кесіп, зынданға тастауын талап етеді. Кейін Бегім сұлудың адалдығы дәлелденіп, кесілген бұрымы мен қолы қалпына келеді. Бірақ Бегім құсқа айналып, Арал теңізінің жағалауына ұшып кетеді. Аңыз бойынша осы жағдайдан кейін Қарабураның қаһарына ұшыраған Жанкент жыландардың шабуылынан құлайды. Қаладан қашып құтылған адамдар Бегімнің рухын тыныштандыру үшін мұнара тұрғызыпты деседі. Аңыздың келесі нұсқасы да Санжар хан мен Бегім ананың өмірімен байланысты. Оқиға желісі бойынша бірде аңшылыққа шыққан Санжар хан жолай қару-жарағын ұмытып, сарайына бір батырын жұмсайды. Біршама уақыт өткенімен ол оралмаған соң ашуға мініп, кері қайтады. Батыр Бегім сұлудың сарайда ер адам жоқ деген оймен бет-жүзін ашық ұстап, сарайда серуендеп жүргенін көріп, сұлулығына тамсанғаннан есінен танып қалады. Сарайға келген хан әйелінің бөлмесінің маңында есінен танып жатқан батырды көріп, әйеліне «опасыздық жасадың» деп кінә тағады. Әйелінің ақталғанын тыңдамаған Санжар ашумен оның бұрымы мен қолын білезік тұсынан шауып тастайды. Бегім үйін тастап, Арал маңындағы мұнарадан (Бегім ана мұнарасы) пана тауыпты. Бұл мұнара содан бері әулие Бегім ананың құрметіне салынған ескерткіш ретінде сақталып келеді. Бегімнің әкесі Қарабура Санжар ханның қызына жасаған әділетсіздігіне ренжіп, Жаратушыдан әділдік сұрап, дұға жасайды. Бір түнде шашы мен қолының қайтадан қалпына келуі халықты таңғалдырады. Бірақ әкесі сүйікті қызының жаралы жүрегін емдей алмайды. Аңыз бойынша Жанкент қаласын жылан басып, ал халқы қаланы біржола тастап кетеді. Керуендер жылан басқан қаланы айналып өтіп, құстар ұя салмай, жануарлар жақындамай қояды, — деді Жетесби Сұлтанжанов.

Фото: Kazinform

Әр аңыздың астарында шындық бар. Қыпшақтарға, кейін оғыз тайпаларына «жылан» атаулы тайпаның шабуыл жасағаны ортағасырлық деректерде келтірілген. Тарихшының айтуынша, оғыз мемлекеті қыпшақ тайпаларымен болған шайқас нәтижесінде құлап, бұл халық жадында жыланмен байланысты аңыз ретінде сақталған. Ел арасында Қазалы ауданының Кәукей ауылынан солтүстік-шығыста 3 шақырым жерде, Қуаңдария жағалауында орналасқан Сараман-Қоса мұнарасы туралы да аңыз әңгіме аз емес. Иван Аничков жазып алған нұсқа бойынша шамамен 20-25 ұрпақ бұрын Сараман Ноғайдан Үргеніште тұрған Қоса қызды алып кетеді. Қызға ғашық болып қалады, бірақ Қосаның туыстары оларға жетіп алып, ұстап, сол жерде өлтіреді. Қазір ескерткіш тұрған жерде қарақалпақ батырлары Жоба мен Айдос Сараманға арнап ескерткіш тұрғызған, ал Қосаның ескерткіші жақын маңдағы құмда болған, алайда ол сақталмаған. Аңыз бойынша мұнара Арал теңізіне жақын жерде.

Тарихшы үш мұнараның бірқатар ұқсастығы барын атап өтті.

— Олар (Ұзынтам мұнарасынан бөлек) өлшемдері 22-24×22-25×5-6 сантиметр шаршы пішінді қам кесектен соғылып, сырты күйдірілген кірпішпен қапталған. Сақталған биіктігі 10-15 метр аралығында. Мұнаралардың негізі дөңгелек тәріздес (диаметрлері 6 метрге жуық) болып келіп, жоғарыға қарай тарыла түседі. Ішкі бөлігі бір немесе бір-бірінің үстіне орнатылған бөлмелерден тұрады. Киелі ескерткіштердің арасынан Ұзынтам мұнарасы байырғы келбетімен ерекшеленеді, — деді ол.

Фото: Kazinform

Ғалым ескерткіштердің негізін қалаушы оғыздар екенін, бірақ оғыздардың ғұрыптық ескерткіштері белгілі болмағандықтан оны анықтау қиынға соғып отырғанын айтты.

— Халық фольклорын сараптау негізінде ескерткіштердің қызметтік мақсаты туралы екі түрлі пікір қалыптасты. Оның біріншісі — мұнаралардың жерлеу үсті құрылысына немесе жерлеуге қатысы жоқ. Бірақ уақыт өте келе айналасы қорымға айналған. Мысалы, Бегім ана мұнарасына байланысты аңызда «Бұл жерде Қызылбаш ханның әйелі Чанджара жерленген» делінеді. Екіншіден, мұнаралар мемориалды ескерткіштер болып есептеледі. Ал белгілі ғалым, сәулетші Бек Ибраев «жергілікті халық мұнараларды түнеу ғұрпымен байланыстырған» деп тұжырым жасайды. Демек, мұнаралар — сол жерде қайтыс болған адамның рухымен қарым-қатынас орнатуға арналған орын. Олар жергілікті әулие немесе белгілі бір құдіретке тиесілі. Мұнаралардың атауын білу арқылы адам сол жерге келу мақсатын түсінеді. Бек Ибраевтың жазбасына сүйенсек, Бегім ана мұнарасының жанында «құрбандық шалу» рәсімінің іздері, мысалы, матаның үзінділері, тиын, қойдың бас сүйегі мен мүйіздері сақталған. Бегім ананың рухы тек әйел адамдарға көмектеседі және ол жерге ер адамдардың баруына болмайды деген түсінік қалыптасқан. Зерттеуші ескерткішке келген адамдардың бедеуліктен, сал ауруынан және тағы басқа ауру түрлерінен ем тапқаны туралы жағдайларды естігенін атап өтеді. Екінші тұжырымның дұрыстығына негіз бар болғанымен, біздің ойымызша, бұл мәселе толықтай шешімін тапқан жоқ, — деді Жетесби Сұлтанжанов.

Бұған дейін біз Маңғыстаудағы тек көне ескерткіш қана емес, Адай руының батырлары мен би-шешендері мәңгі тыныстаған киелі мекен Сисем ата қорымы туралы тарқатып жазған едік.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:129
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Наурыз 2026 14:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see161

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see160

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see158

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see153

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see151

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see149

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see143

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see143

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see142

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

20 Қыркүйек 2026 22:22see135

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

20 Қыркүйек 2026 22:21see135

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

20 Қыркүйек 2026 22:21see132

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

20 Қыркүйек 2026 22:21see128

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

20 Қыркүйек 2026 22:22see125

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

21 Қыркүйек 2026 12:41see120

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

21 Қыркүйек 2026 10:06see117

Атырау ауасындағы күкіртсутегі: министрлік нормадан асу себептерін түсіндірді

20 Қыркүйек 2026 22:21see116

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

21 Қыркүйек 2026 13:04see116

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

21 Қыркүйек 2026 12:42see113

Қазақстанның оңтүстігінде бетперде киіп, жастарға оқ жаудырғандар сотталды

20 Қыркүйек 2026 22:18see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары