Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Табылған тарихи жәдігерлер шаң басып шашылып жатыр Асхат Аймағамбетов

Табылған тарихи жәдігерлер шаң басып шашылып жатыр Асхат Аймағамбетов

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясының мүшесі Асхат Аймағамбетов тарихи жәдігерлерге қатысты бірнеше мәселені көтерді. 

Депутаттың айтуынша, тарихи-мәдени мұраны сақтау, қорғау және археология қызметін реттеу мәселелеріне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ерекше көңіл бөліп, Ұлттық құрылтайда бірқатар тапсырмалар берді.

Ұсынылған заң жобасы – сол тапсырманың нақты орындалуЫ. Бұл – депутаттар мен ғалымдардың бірлесіп жасаған ортақ еңбегі.

Саладағы негізгі проблемалар мен оларды шешуге бағытталған нормаларға тоқталайын.

1. Бірінші мәселе – лицензиялау жүйесінің тиімсіздігі.

Бүгінде археология саласында лицензиялар мерзімсіз және ескерткіштің барлық түрімен жұмыс істеуге бірдей беріледі.

Мысалы, ұйым бір рет лицензия алса, одан кейін оның мамандары бар ма, біліктілігі жеткілікті ме – ешкім оны тексермейді.

Сол лицензиямен ол өмір бойы, еш шектеусіз, еш міндеттемесіз мәдени мұрамызбен жұмыс істей береді.

Тағы бір проблема – археологиялық және реставрациялық жұмыстарға, бір ғана лицензияның берілуі. Формалды түрде оның жеке санаты болғанымен, іс жүзінде ол осы екі саланың айырмашылығын толығымен ескермейді. 

Соның кесірінен реставраторлар қазба жұмыстарымен, ал археологтар реставрациямен айналысып жүрген фактлер бар

Нәтижесінде – сапасыз қазбалар, бүлінген ескерткіштер.

Енді бұл жүйе өзгереді.

Біз ӘДІЛ лицензиялау жүйесін енгіземіз.

• Енді екі бөлек лицензия болады – археологияға бөлек лицензия, реставрацияға бөлек.

• Лицензияның нақты мерзімі болады – 5 жыл.

• Әр лицензия үшін арнайы біліктілік талаптары енгізіледі.

• Егер заң талаптарын бұзса, олардың лицензиясын 6 айға дейін тоқтату немесе тіпті қайтарып алу туралы нормасын да енгіздік.

Бұл – саланы тазалап, нағыз мамандарға жол ашатын шешім.

2. Екінші. Археология саласындағы деректер хаосы.

Кім, қай жерде, қандай қазба жұмыстарын жүрізді? Не табылды? Ғылыми әдістемеге сәйкес пе? Оның есебі – толық белгісіз.

Мемлекетке толық, әрі сенімді ақпарат жетпейді. Тек ескерткіштер тізімінің өзі қазір 42 тізімде шашыранқы түрде. Ал қазба жұмыстары бойынша, есептерді ешкім ешқайда өткізбейді. 

Яғни қазбалар бар, бірақ есептер жоқ. Табылған жеке жәдігерлер бар, бірақ жаппай жәдігерлер мен материалдар жоқ. Нәтижесінде кейбір ескерткіштер қайта-қайта зерттелінсе, енді біреулері мүлде қараусыз қалып, жойылып кетіп жатыр.

Біз осы жүйесіздікті тоқтатып, археологиялық жұмыстардың толық цифрлық жүйесін енгіземіз.

Кім, қай жерде нені қазып жатыр? Қалай қазып жатыр? Не табылды? Қазбаның есептері, ескерткіштердің паспорттары, археологтар тізімі  - енді осының барлығы бір цифрлық жүйеде болады. 

Бұл жүйе саланы ашық қылып, есептілік пен тәртіпті орнатады.

3. Үшінші мәселе – біріңғай  ғылыми үйлестірудің болмауы.

Қазір археологиялық жұмыстарды ғылыми тұрғыда бақылайтын, үйлестіретін нақты мекеме жоқ. 

Кім қалай істеймін десе, солай істейді – біреуі музеймен, біреуі әкімдікпен, біреуі жеке өзі бетімен әйтеуір білгенін істеп жүр.

Нәтижесінде – ретсіздік, қайталау, бақылаусыздық.

Мәселені қалай шешеміз?

Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының базасында енді Ұлттық археологиялық қызмет құрылады.

Бұл қызмет – нағыз археологиялық «ми орталығы» болады.

Ол енді қазба жұмысына мониторинг жүргізеді, ғылыми сараптама жасайды, бірыңғай ақпараттық жүйені басқарады және археологтарға ғылыми-әдістемелік қолдау көрсетеді.

Қай кезеңді, қандай ескерткіштерді зерттеуіміз қажет деген сұрақтарға да жауап беруге қауқарлы.

4. Төртінші мәселе – табылған жаппай жәдігерлер мен материалдарды сақтау жүйесінің жоқтығы.

Археологтар жаппай жәдігерлерді табады, бірақ кейін сол табылған дүниелер қайда кетеді, қайда тапсырылады – біркелкі жүйе жоқ. Бірін сөрелерде шаң басып жатыр, бірі жоғалып кеткен, ал бір бөлігі есепке алынбаған.

Енді біз археологиялық материалдардың Мемлекеттік қорын жасаймыз.

• Музейлік құндылығы бар жеке жәдігерлер – музейге беріледі заңда бекітелгендей.

• Ал жаппай жәдігерлер мен табылған материалдар – депозитарийде, ғылыми ортаға ашық, қауіпсіз жағдайда сақталады.

Бұл шешім – археологиялық мұраның сақталуына мүмкіндік береді.

5. Бесінші мәселе – қазбадан кейін археологиялық объектіні өз кейпінде сақтау мен айналасын қалпына келтіру.  

Кей археологиялық жұмыстардан кейін қазба орны жабылмайды, рекультивация толығымен жасалмайды, тіпті ескерткіштердің өзі бүлінеді.

Жобада әрбір археолог қазбадан кейін жерді қалпына келтіру туралы, яғни консервация-рекультивация жұмыстарын жүргізу бойынша талаптар нақтыланады. 

6. Даму мен мұраны сақтаудың қақтығысы.

Бүгін жол, су қоймасы, электр желісі сияқты құрылыс жұмыстары кейде ескерткіштер орналасқан жерлерден өтеді. 

Бұл ескерткіштер жоғалмау үшін, алдын ала экспертиза жүргізілуі тиіс.

Бірақ қолданыстағы ережелерге сәйкес, археологиялық жұмыстар тек жоспарға сай ғана жүргізілуі мүмкін. 

Мамандардың айтуынша бекітілген жоспарда бүгін 70 жуық қазбалар болса, расында 300 жуық қазбалар жүріп жатыр. Яғни оның көбі есепке алынбаған, бақылаудан да тыс қалуда. 

Сондықтан қолданыстағы механизм, бір жағынан қажетті құрылысты тежесе, екінші жағынан уақытылы ескерткіштерді зерттеп, оларды сақтап қалуға кедергі жасайды.

Біз археологиялық жұмыстарды енді екіге бөлеміз:

• жоспарлы – ғылыми зерттеу үшін;

• превентивті – құрылыс алдында, алдын ала экспертиза және шұғыл қазбаларды жүргізу үшін.

Бұл бизнеске де, инфрақырұлымдық жобаларды тезірек іске асыруға да, және мәдени мұраны сақтап қалуға мүмкіндіндік береді. 

7. Жетінші мәселе – заңсыз қазбалар.

Біз тек ескерткіштерді емес, сонымен бірге тарихи құндылығы жоғары жәдігерлерді де жоғалтып жатырмыз.

Құнды заттар шетелге кетіп, «қара нарықта» сатылып жатыр. Көп жағдайда оларды металл іздегіштер мен арнайы құрылғылар арқылы тауып алады.

Сондықтан заң жобасында металл іздегіштер мен осындай құрылғыларды лицензиясыз пайдалануға тікелей тыйым салу ұсынылған.

Бұл — тарихи мұрамызды тонаудан, қорғауға бағытталған нақты қадам деп ойлаймыз.

Дегенмен әлі де талқылауды қажет ететін бірнеше мәселе бар. 

1. Жер кадастрына ескерткіштердің қорғау аймақтарын енгізу.

Бұл не үшін керек? Құрылысты бастағанға дейін азаматтар осы базадан тарихи-мәдени ескерткіштердің бар екенін білуі тиіс. Қазір ондай ақпарат жоқ. Сондықтан осындай жерлерге құрылыс салу қауіпі бар. Бұл түзету бойынша Үкіметтің қолдауы қажет. 

2.   Мемлекет басшысы осы салада жауапкершілікті қатаңдату туралы нақты тапсырма берді. Біз заң жобасында арнайы нормаларды да ұсындық, бірақ Үкімет қолдамады. Екінші оқылымға дейін бұл мәселе қайта қаралып, Президенттің тапсырмасы орындалуы қажет.

3. Тағы бір мәселе – жергілікті тарихи-мәдени мұраны қорғау инспекцияларының жұмысы. Бүгінде олар қағаз жүзінде бар, алайда ешқандай құзыреті, бақылау тетігі мен ресурсы жоқ. Осы жүйені реттемейінше, нақты бақылау орнату қиын.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:211
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қазан 2025 11:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары