Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Табысқа жол ашқан таңдаулы жоба

Табысқа жол ашқан таңдаулы жоба

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Мемлекет басшысының ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру, жергілікті кәсіпкерлікті өрістету және жаңа жұмыс орындарын ашу жөніндегі сындарлы тапсырмалары аясында қолға алынған «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасы аймақтардың экономикалық тынысын ашып, жаңа серпін беріп келеді. Бұқар жырау ауданында 2023 жылдан бас­тап қарқынды жүзеге асырылып жатқан бұл жоба бүгінде өзінің өміршеңдігін іс жүзінде дәлелдеп, ауыл тірлігінің ажарын кіргізді. Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында, тек 2023–2025 жылдар кезеңінде ауданда жалпы сомасы 1 449,2 миллион теңгеге 158 шағын несие беріліп, нәтижесінде 214 тұрақты жұмыс орны құрылды. Ауыл шаруашылығының құры­­лымында маңызды орын алатын, халықты ет, май, сүт секілді құнды азық-түлікпен қамтамасыз ететін мал шаруашылығы бағытына тұрғындар ерекше ықылас танытып, бұл салаға 906,3 миллион теңгені құрайтын 117 несие бағыт­тал­ды. Сонымен қатар техника мен құрал-жаб­дық сатып алуға 345,1 миллион теңге (21 несие), ауыл шаруашылығынан тыс бизнес түрлеріне 119,7 миллион теңге (16 несие), өсімдік шаруашылығына 42 миллион теңге (2 несие) және өнім өңдеу саласына 36,1 миллион теңге (2 несие) бөлініп, бағдарламаның қамту аясы жан-жақты екенін көрсетті. Бұл қолдау әсіресе егістік немесе қосалқы жері бар, бірақ іс бастауға қар­жысы тапшы азаматтар үшін нағыз мүм­кіндікке айналды.

Бағдарламаның биылғы маусымдағы даму қарқыны да көңіл қуантады. Жыл басынан бері «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына жалпы сомасы 512,1 миллион теңгеге 40 өтінім келіп түскен. Қазіргі таңда мал шаруашылығы, техника сатып алу және өзге де бизнес бағыттары бойынша 174,2 миллион теңге көлеміндегі 14 жоба мақұлданып, қаржыландырылды.

«Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға, кәсіпкерлікті дамытуға және тұрақты табыс көзін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама екенін іс жүзінде дәлелдеп келеді. Бұл бағдарлама Бұқар жырау ауданында да нәтижелі жүзеге асып, көптеген тұрғынның өз кәсібін ашуына, жаңа жұмыс орындарының құрылуына және ауыл экономикасының жандануына оң ықпал етіп отыр. Жобаның басты мақсаты – ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту. Бұл бағытта кооперативтер құруға, қосалқы шаруашылықты дамытуға және мемлекеттік қолдау тетік­терін тиімді пайдалануға ерекше көңіл бөлінген. Осы мақсатта ауданымыздағы 29 ауылдық округтің әрқайсысы бо­йынша перспективалық даму жоспарлары әзірленіп, бүгінде барлық жұмыс сол жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Өткен жылы «Ауыл аманаты» аясында жалпы құны 537,3 мил­­лион теңгені құрайтын 59 жоба іске қосылды. Біздің басты мақсатымыз – ауыл тұрғындарының табысын арттырып қана қоймай, олардың туған жерінде еңбек етіп, өз кәсібін дамытуына барлық жағдай жасау. «Ауыл аманаты» бағдарламасы осы міндетті орындаудың тиімді тетіктерінің бірі болып қала береді. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып, мемлекеттік қолдау ауылдағы әрбір бастамашыл азаматқа қолжетімді болуына күш саламыз»,  дейді аудан басшысы Ерлан Құсайын.

Осы жүйелі жоспардың нәти­жесінде 2023–2026 жылдар ара­лығында жал­пы сомасы
741,3 мил­­лион теңгеге 32 ауыл­дық өн­ді­рістік коопе­ратив­тің жобасы несие­лен­дірілген.

Осындай коопе­рациялық бірлесудің озық үлгі­сін Үштөбе ауылындағы «DG Сүт» ауылдық өн­дірістік кооперативінен көруге болады. Кәсіпкер Күләш Сері­кова жетекшілік ететін бұл жоба айналасына 50-ге жуық жеке шаруашылықты біріктіріп отыр. Мемлекеттен алынған 28,6 миллион теңге несиеге заманауи құрал-жабдықтар сатып алынып, қазіргі таңда цехта 11 адам тұрақты еңбек етуде. Тәулігіне 1,5 тонна сапалы сүт өнімдерін – май, қаймақ, сүзбемен қатар ірімшік пен құрт шығаратын кәсіпорын өз өнімдерін балабақшалар мен мектептерге, мемлекеттік мекемелер мен ірі сауда үйлеріне келісімшарт негізінде жеткізеді. Алдағы уақытта қайта өңдеу көлемін тәулігіне үш тоннаға жеткізіп, қосымша 10 жұмыс орнын ашуды жос­парлап отырған ұжымның қадамы нық.

Осы Үштөбе ауылында өсімдік шаруашылығын серік еткен «Aqjol-2023» және «Zhailau-krg» кооперативтері де жалпы құны 42 миллион теңге болатын жеңілдікпен несие алып, екі бірдей жылыжай салды. Бұл шаруа иелері ауыл тұрғындарын жыл бойы балғын көкөніспен қамтамасыз етпек.

Бағдарламаның тағы бір игілігі – ауыл шаруашылығынан тыс, этнотуризм мен қызмет көрсету саласындағы тың жобалардың аяқтан тік тұруына мүмкіндік беруі. Ботақара кентінде қоғамдық тамақтану саласында 18 жылдық тәжірибесі бар кәсіпкер Маржангүл Әбікеева жетекшілік ететін «Этноауыл Достар» жобасы осының жарқын айғағы. Мемлекеттен алынған 31,3 миллион теңге көлеміндегі 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие мен біржылдық каникул мерзімі кәсіпкердің бұрыннан бар дәмханасын ұлттық нақыштағы заманауи демалыс кешеніне айналдыруына септігін тигізді. Бүгінде мұнда тігілген киіз үйлерде қонақтарға қымыз, балқаймақ пен ыстық бауырсақ ұсынылып, ұлттық дәм дәріптелуде. Кешенді алдағы уақытта абаттандырып, алтыбақан орнатуды, садақ ату мен атпен серуендеуді, тіпті таңертеңгілік саумалмен емдеу қызметін жолға қоюды жоспарлап отырған іскер әйелдің еңбегі аймақтың туристік әлеуетін арттырары сөзсіз.

«Қоғамдық тамақтану саласында тәжірибем де, көрген-түйгенім де аз емес. Бірақ ішкі дүнием әрдайым өзімнің туған жерімде, Ботақарада ерекше, жанға жылы бір жобаны қолға алсам деп тұратын. Бұрыннан жұмыс істеп тұр­ған «Достар» дәм­ханасын сатып алып, оны күрделі жөн­деу­­­ден өткізген соң, бағытымызды толықтай ұлттық на­қышқа бұруды ұй­ғар­дық. Өйткені бүгінде ата-бабамыздың салт-дәстүрін заманауи бағытта жаңғырту – уақыттың өзі алға тартып отыр. Әрине, кез келген үлкен істі бастау үшін сенімді тірек пен қаржы керек. Осы тұста жергілікті әкімдік өкілдерінің түсіндіру жұмыстарының арқасында «Ауыл аманаты» бағдарламасы туралы біліп, тәуекелге бел будым. Нәтижесі көңіл қуантады», дейді кәсіпкер.

Мемлекеттен 3 миллион 200 мың теңге несие алып, заманауи жылжымалы монша сатып алған Базаркүл Құндызбаеваның да шағын кәсібін мысалға алуға болады. Тұрғындардың сұранысына ие болып, күнделікті қызмет көрсетіп отырған кәсіпкер алдағы уақытта ісін кеңейтіп, қосымша жұмысшы алуды көздеуде.

Сәйкесінше, осындай жобалардың арқасында ауыл халқына қызмет көрсететін орындар көбейіп келеді. Туған топырақтан алыстамай-ақ, кәсіп айналдырып отырған олардың берекелі бизнестері ауыл халқына да олжа.

Қарағанды облысы,

Бұқар жырау ауданы

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:88
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Шілде 2026 08:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see149

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see147

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see143

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see137

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see132

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see130

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see128

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see121

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see121

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see120

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see120

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see119

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see119

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see119

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see118

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see117

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see117

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see116

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see116

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары