Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тайқазанды елге жеткізгендердің айтары көп

Тайқазанды елге жеткізгендердің айтары көп

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Әмір Темірдің бұйрығымен жеті асыл металдан құйылған Тайқазан - Әзірет сұлтан кесенесіндегі ең құнды жәдігер.

Жарты ғасырдан астам Санкт-Петербордағы Эрмитажда тұрған тайқазанды елге жеткізген жандардың айтар естелігі көп. Құнды мұраның елге оралып, тұғырына қойылуына атсалысқандардың жасы бүгінде 70-ке таяды. 

Тарихшы Зікірия Жандарбек өткен ғасырда Түркістанның 1500 жылдығына қатысты тарихи деректерді іздеп, Ресейдегі мұржайға екі рет барған. Алғашқыда музей директоры әйгілі шығыстанушы Михаил Пиотровскиймен тарихи деректер жайлы сөйлескен. Кейінгісінде ғалым қазақстандық қонағына көпшілікке беймәлім жәдігерді көрсеткен.

Зікірия Жандарбек, тарихшы:

- Как мы можем вернуть этот казан дедім. Ол кісі можно деді. Есть один маленький секрет деді. Ол қандай деп едім. Ол "біз қазанды "уақытша" деп расписка беріп кеткенбіз" деді. "Соны тапсаң" деді архивтен, "қазан сенікі" деді.

Архивтен табылған осы құжат Тайқазанды қайтарып алуға негіз болған. Осыдан кейін жедел келіссөздер жүргізіліп, 1989 жылы тарихи шешім қабылданған.

Тайқазанды елге әкелу 29 жастағы Түркістанның тумасы Молдахан Жолымбетовке жүктелді. Сол кезде ол құрылыс мекемесінде автокөлік жүргізушісі болып жұмыс істейтін. Қыркүйек айында басшылықтың тапсырмасымен жанындағы серігі екеуі ауыр жүк көлігімен ұзақ жолға шықты.

Молдахан Жолымбетов, көлік жүргізуші:

- Шығатын кезде үш тонна қарбыз, елден өздері подарка есебінде «Камазымызға артып беріп, 30 матрас салып берді астына салып әкелесіңдер деп. Сонымен шығып кеттік, 4 күнде бардық. Біз екі күн Эрмитаждың ішінде жаттық. Жергілікті крандар арта алмады. Финляндияның краны, ол кезде манипулятор дегенді біз көрген емеспіз ғой, сол келіп, 2 күнде артып, терезесін алып, шығарып берді. Он күнде барып келдік қой.

Осы сапарда Молдахан ағамен көлік тізгініне алма-кезек ауысып, серіктес болған Шерәлі Беркінбаев та бұл оқиғаны әлі күнге ұмытқан емес. Оның айтуынша, бастапқыда Эрмитаждан біраз құнды жәдігерді әкелуі тиіс болған. Бірақ музей басшылығы тек Тайқазанды ғана берген. 

Шерәлі Беркінбаев, көлік жүргізуші:

- Қазақстаннан тағы да барған екі шырағдан қалды деді сол жерде. Ол шырағданды бізге берген жоқ. Бүкіл Қазақстанға үлкен жәдігер ғой бұл енді келіп жатқан. Екеумізге бұл өте үлкен абырой деп ойлаймын. Есте қалатын мәңгі мына үйдегі балалар, немерелер бәрі ертең біз кеткен күннің өзінде айтып отырады ғой. "Біздің атамыз әкелген, папамыз әкелген" деп, осы күнде айтып, мақтанады.

Әмір Темірдің әмірімен құйдырған қазанды қабылдап алу сол кездегі музей директоры Нұрмахан Назаровқа жүктелген. Мамандар құнды жәдігердің елге оралуына Өзбекәлі Жәнібеков те көп еңбек сіңіргенін айтады. 

Нұрлан Дүкенбаев, "Әзірет Сұлтан" ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы директорының м. а.:

- Өзбекәлі Жәнібеков ағамыздың еңбегі ерен. Бірнеше рет Эрмитаждың басшыларымен кездесіп, 1989 жылы ғана Тайқазанды елге қайтару мүмкін болды. Оны осында әкелуге сол кездегі музейдің басшысы Нұрмахан Назаров атамыздың еңбегі ерекше. Қазіргі таңда млн-даған адамдар Тайқазанды жыл сайын іздеп келеді. Қазір ол экспозияда тұр, кесененің қақ ортасында. 

Жандос Жұмабек, тілші:

- Тайқазан екі ел арасындағы мәдени келіссөздермен қатар, осындай қарапайым адамдардың жанкешті еңбегінің арқасында елге жеткізілді. Сан мыңдаған ұрпақтың тағдыры тоғысқан көне шаһардан өз орнын тапқан тарихи жәдігер бүгінде тұтас түркі жұртының құты, Қазақ еліндегі ырыс пен берекенің белгісіне айналып отыр.

Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:124
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қаңтар 2026 09:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see139

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see135

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see135

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see134

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see133

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see133

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see131

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see127

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары