Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Кофені көп ішсе, не болады?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Талаптың мініп тұлпарын...

Талаптың мініп тұлпарын...

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Колледжге кел, қалқатай!

Отандық техникалық және кәсіптік білім ұйымдарына құжаттарды қабылдау 25 маусымда басталады. 2026–2027 оқу жылына мемлекеттік білім тапсырысы бойынша колледж­дерге 140 мың грант бөлінді. Талапкерлер құжаттарды Egov.kz порталы арқылы немесе колледжге барып электронды түрде тапсыра алады.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметіне сүйенсек, мемле­кеттік білім тапсырысы техникалық мамандықтар бо­йынша ұлғайтылды. Орта буын мамандықтары мен қолданбалы бакалавриатқа түсушілер үшін конкурс міндетті саналады әрі бейінді пәндер бойынша аттестаттың орташа балы негізінде өткізіледі. Жұмысшы біліктілігін алуға ниетті түлектер колледждерге әңгімелесу нәти­жесі бойынша қабылданады. Педагогикалық мамандықтарға түсушілер үшін эссе немесе диктант, медициналық және шығармашылық мамандықтарға түсушілер үшін арнайы және (немесе) шығармашылық емтихандар өткізіледі.

Құжаттарды қабылдау мерзімдері – мамандықтар бойынша әртүрлі. Жұмысшы біліктілігі бойынша – 25 маусым­нан 27 тамызға дейін; Орта буын мамандықтары бойынша (9 және 11 сынып базасында) – 25 маусымнан 22 тамызға дейін; Шығармашылық мамандықтар бойынша – 25 маусымнан 20 шілдеге дейін; Педагогикалық мамандықтар бойынша – 25 маусымнан 10 тамызға дейін (9 және 11 сынып базасында, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында); Медициналық мамандықтар бо­йынша – 9 сынып базасында 25 маусымнан 10 тамызға дейін, 11 сынып және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында 25 маусымнан 15 тамызға дейін; Кешкі оқу нысаны бойынша – 25 маусымнан 20 қыркүйекке дейін.

Көп адам университетке түсуде ғана жеңілдіктер бар деп ойлайды. Мұндай квоталардың колледждерге де жүретінін біле бермейді. Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы №261 бұйрығына сәйкес, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар арасынан шыққан азаматтар үшін – 10 пайыз; басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагер­лері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңес­­тірілген ардагерлер үшін – 0,5 па­йыз; ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын ай­қындайтын білім беру бағдар­­­ла­­малары бойынша оқуға ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін – 35 пайыз; Қазақстан Республикасының азаматтары саналмайтын, ұлты қазақ адамдар үшін – 4 пайыз; жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 1 пайыз; Үкімет айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан ел азаматтары үшін – 5 пайыз; кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін – 5 па­йыз; кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар үшін – 1 па­йыз; бала кезінен мүгедектігі бар балаларды, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін – 5 пайыз; әскерге шақыру бойынша мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 1 пайыз жеңілдік қарастырылған.

ЖОО-да оқып жүр талай қазақ баласы

Еліміздің барлық жоғары оқу орынында да қабылдау комиссияларының жұмысы 20 маусымнан басталады. ҰБТ тапсырып, мемлекеттік білім беру гранттары конкурсына қатысуды жоспарламайтын талапкерлер 20 маусымнан бастап өздері таңдаған жоғары оқу орынына ақылы негізде оқуға түсу үшін құжаттарын тапсыра алады. Ал мемлекеттік білім  грантын алуға үміткер талапкерлер үшін гранттар конкурсына қатысуға өтініштер қабылдау 2026 жылғы 13–20 шілде аралығында жүргізіледі. Осы кезеңде талапкерлер өздері оқуға түскісі келетін білім  бағдарламалары мен жоғары оқу орындарын таңдай алады.

Коллажды жасаған – Гүлмария ӘШІМХАНҚЫЗЫ, «EQ»

Мемлекеттік білім гранттары конкурсына қатысуға өтініштер талапкер таңдаған жоғары оқу орнына қарамастан, кез келген жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясы арқылы қабылданады. Талапкерлерге қолайлы жағдай жасау мақсатында өтініш­терді жоғары оқу орындарының виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы және eGov электрондық үкімет порталы арқылы онлайн форматта тапсыру мүмкіндігі де қарастырылған.

Еске сала кетсек, ең төменгі шекті балдар өзгеріссіз қалды. Ұлттық жоғары оқу орындарына түсудің шекті балы – 65 балл, басқа ЖОО-ға – 50 балл, «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша – 75 балл, «Денсаулық сақтау» білім беру саласы бойынша – 70 балл, «Құқық» даярлау бағыты бойынша – 75 балл. Бұл ретте «Қазақстан тарихы» және ҰБТ-ның екі бейіндік пәні және (немесе) шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл, ал «Оқу сауаттылығы» мен «Математикалық сауаттылық» пәндері бо­­йынша кемінде 3 балдан жинау қажет. Жоғары оқу орындары білім бағдарламаларының топтары бо­йынша өздерінің шекті балдарын белгілей алатынын айта кеткен жөн.

Мемлекеттік білім гранттарының иегер­лері тізімі 2026 жылғы 10 тамызға дейін жарияланады. Талапкерлердің назарын шығармашылық және арнайы емтихандарды өткізу тәртібі, білім бағдар­­­ла­­­­­ма­ларының ерекшеліктері, оқу шарттары, жатақханамен қамтамасыз ету және оқуға түсуге қатысты өзге де мәселелер бойынша өздерін қызықтыратын жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларына тікелей жүгінуге шақырамыз. Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 2026 жылғы 25 тамызға дейін жалғасады.

Оқытушылық, заңгерлік, медициналық немесе фармацевтикалық қызметке өтініш білдірген білімі туралы құжаттары бар адамдар тану рәсімінен өтеді. Сондай-ақ тану процедурасы үшін ғылыми дәре­же­лері мен ғылыми атақтары туралы құ­­жат­тары бар адамдар білім туралы құжат­­тар­ды ұсынуы керек. Сонымен қатар оқуды жалғастырғысы келетін адамдар құжаттарды тану процедурасынан өтуі керек. Білімі туралы құжаттарды (диплом, куәлік) тану үшін құжаттарды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация­сы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ұсына алады. 

Шамнан шырақ жағылар

Осы күні әлемге әйгілі, жоғары білім саласында беделді шетелдік университеттердің дипломын елде жүріп те алуға болады. Бәріміз білетіндей, Қазақстанда шетелдік жоғары оқу орындарымен әріптестік күшейіп келеді, көптеп филиалдар ашылды, серіктестік жобалар іске асырылды. Соның нәтижесінде отандастарымызға халықаралық білімге шекара аспай-ақ алуға мүмкіндік туды. Екіншіден, филиалдар академиялық туризмнің дамуына ықпал етіп отыр. Қазақстанда 31 500 шетелдік студент білім алып жатыр. Үшіншіден, филиалдар өңірлердің қажеттіліктеріне сай ашылып, заманауи білім стандарттары енгізілді. Бұл өз кезегінде еліміздің әр өңірінде ерекшелігіне сай академиялық орта құруды, студенттердің мегаполистерге ғана ағылмауын, ішкі көші-қонды реттейді.

Ғылым және және жоғары білім министр­лігінің дерегіне қарағанда, еліміз­дегі шетелдік университеттердің филиал­дарында бағдарламалардың 85%-ы­­ жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, инженерия, жаратылыстану және тех­­ни­калық ғылымдар сияқты жоғары технологиялық бағыттарға арналған. Елімізде ашылған шетелдік ЖОО филиалдарына талапкерлерді тарту мақсатында «Study in Kazakhstan» науқаны жүзеге асырылады: көрмелер Ұлыбританияда, Әзербай­жанда, Пәкістанда, Қытайда өтті, ал 2025–2026 жылдары бірқатар Азия және Таяу Шығыс елдерінде өткізу жоспарланған.

Ал енді шамнан түскен шырақтай болар шетелдік білімді елде жүріп алу үшін қайтпек керек? Нендей талап бар? Бұл сұрақтарға жауап болатын ақпараттық картиналарды министрліктің ресми сайтынан, әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан көріп, таныса алады. Біз шолып шыққаннан байқағанымыз әр университетте талап та, қабылдау тәртібі де – өзінше әртүрлі. Бірақ көбінде құжаттарды қабылдау уақыты отандық жоғары оқу орындарының мерзімімен бірдей. Көпшілігіне ортақ немесе ұқсас талап та бар, мұндай оқу орындары IELTS-тан кемі 5–5,5 балды талап етеді екен, кейбірі ҰБТ нәтижелерін шекті балын нақты көрсеткен, кейбіріне тіпті қажет емес. Бір университет құжатты талапкердің өз аяғымен келіп тапсыруын талап етсе, бір оқу орны онлайн да қабылдай беретінін жазған. Талап та, тәртіп те түрліше болғандықтан, бәрін нақтылау үшін талапкер өзі қалаған шетелдік ЖОО филиалына хабарласқаны жөн.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:172
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Шілде 2026 08:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see141

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see140

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see134

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see134

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see132

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see130

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see127

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see123

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see122

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see122

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see112

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see111

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see111

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see110

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see110

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see109

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see109

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see107

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see106

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары