Талдықорғанда көпірден секірмек болған жасөспірім құтқарылды
Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Полицейлердің ақпарына сүйенсек, "102" арнасына алаңдатарлық қоңырау түскен. Онда жасөсіпірмнің күдікті әрекеті туралы баяндалған. Осылайша, патрульдік экипаждар бірден оқиға орнына аттанды.
"Көпірге бірінші болып жеткендер: Танабаев Серік Мергенбайұлы, Ұзақбай Айбек Қанатұлы, Әлімхан Баян Мұратханұлы және аға инспектор, полиция капитаны Елюбаев Эльдар Серікұлы. Бұл полицейлер үйлесімді, әрі өте сақ әрекет етті: бозбаламен байланыс орнатып, сабырмен сөйлесіп, сенім қалыптастыруға тырысты",- делінген ақпаратта.
Бұл ретте, психологиялық қолдау көрсету барысында полиция капитаны Эльдар Елюбаев пен Серік Танабаевтың рөлі ерекше болды. Олардың сабырлы дауысы, кәсіби тәсілі жасөспірімнің эмоциялық күйін тұрақтандыруға ықпал етті.
Кейін жасөспірім дереу кезекші психологтарға жеткізілді.
"Қазір оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Жанында — психологтар, ал алдында — тыныш әрі жаңа өмір парағын бастауға мүмкіндік".Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі
Бұған дейін Астанада жоғалып кеткен жасөспірімнің мәйіті өзеннен табылғанын жазғанбыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:Өскеменде көпірден секірмек болған қыз құтқарылды
27 Мамыр 2026 18:31
Атырауда көпірден секірген жасөспірім құтқарылды
27 Сәуір 2026 13:55
Қарағандыда 17 қабаттан секірмек болған қыз құтқарылды
16 Қараша 2025 19:52
Елордада жасөспірім қыз тоғызыншы қабаттан секірмек болған
31 Мамыр 2026 15:47
Астаналық құтқарушылар көпірден секірмек болған ер адамды аман алып қалды
13 Ақпан 2026 17:06
Көрілімдер:103
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қараша 2025 12:05 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















