Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

Эмомали Рахмон Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

Таразға инвесторлардың қызығушылығы жоғары

Таразға инвесторлардың қызығушылығы жоғары

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Президент жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды.

Мұнда мемлекет басшысы өңірдегі іргелі кәсіпорындарды аралап, қолға алынған жобалармен танысты. Айта кету керек, тоғыз жолдың торабында тұрған Таразға инвесторлар тарапынан да қызығушылық жоғары. Жыл басынан бері өңірге 600 миллиард теңгеге жуық инвестиция тартылған. Бұл көрсеткіш бойынша Жамбыл аймағы республикада үшінші орында келеді.

Президент мінген номер бірінші борт Әулиеата жеріне түске таман келіп қонды. Траптан түсе сала Мемлекет басшысы өңірдің өндірістік аймақтарымен танысуға аттанды. Негізі Тараз оңтүстік өңірдегі химия және өнеркәсіпке негізделген экономиканың тірек нүктелерінің бірі саналады. Фармацевтика және медициналық бұйымдар өндірісін дамытуға қолайлы өңір. Осындай кәсіпорындардың біріне бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев та ат басын бұрды. 1993 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Әмір және Д» серіктестігі онкологиялық, кардиологиялық және инфекциялық аруларды анықтайтын экспресс-тесттер мен түрлі медициналық бұйымдар шығарады. Компания жылына 20 млн бұйым өндіруге қауқарлы.

Алтыншаш Ысқақова, серіктестіктің қойма меңгерушісі

- Кәсіпорында 100-ден астам адам жұмыс істейді. Кардиомаркер, гепатит Б, гепатит С, онкоауруларға, инфекциялық ауруларға, COVID-19 тесттерін шығарамыз.

Тағы бір компания - «Super-Pharm» серіктестігі. Кәсіпорын негізінен бір рет қана қолданылатын бұйымдар шығарады. Яғни маска, шприц, лейкопластырь сынды өнімдер өндіреді. Айта кету керек, серіктестік фармацевтика нарығында ипорттық тауарларды алмастыруда маңызды рөл атқарады. 

Әділхан Әмірханов, серіктестік директоры:

- Осы жылы біз 350 млн бұйым шығардық. Оның барлығы Қазақстанға және кішігірім Қырғызстанға жіберілді. Келесі жылдан бастап біз Ресей нарығына кіруді жоспарлап отырмыз. Бүгінгі таңда біз кейбір позициялармен 70-80 пайызға дейін қамтимыз.

Орташа есеппен санағанда 40 пайызға дейін жетеді.

Жамбыл жерінде өндіріс пен кәсіпкерлік қарқын алып, өңір экономикасы тың серпінге ие болды. Ірі индустриялық жобалар мен инвестициялар мыңдаған адамды жұмыспен қамтып, облыстың әлеуетін арттырып келеді. Өңірдің қарқынды дамуына тың серпін берген жобалардың бірі - «Тараз» шағын өнеркәсіптік аймағы.

Риат Шони, тілші:

- «Тараз» шағын өнеркәсіптік аймағы 30 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Биыл шілде айында ғана іске қосылған ауқымды жоба құны 4,2 млрд теңге. Мұнда негізінен әктас, битум эмульсиясы, асфальт бетон өнімдері өндіріледі. 

Индустриялық аймақтың жұмысымен танысу үшін бұл жерге бүгін Президент те арнайы келді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа бұл жақта жүзеге асырылып жатқан жобалар жайлы мәлімет беріліп, алдағы даму жоспары айтылды. 

Әбілхайыр Тамабек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары:

- Құрылысы басталған қазір 24 жоба бар. Олардың жалпы құны 265 млрд теңгені құрайды. Өнеркәсіптік көрсеткіш бойынша біз тарихи көрсеткішке қол жеткіздік. Яғни алғашқы рет тарихта 1 трлн теңгеден астам өнеркәсіп өнімін өндірдік. 2030 жылға дейін осы жобалардың барлығы жүзеге асқан жағдайда кем дегенде 3 есе өсіріп, 3 трлн теңгеден асырамыз.

Тоғыз жолдың торабында тұрған Таразға инвесторлар тарапынан да қызығушылық жоғары. Айта кету керек, жыл басынан бері өңірге 599,2 миллиард теңге инвестиция тартылған. Бұл республика көлеміндегі үшінші орын. Аймақта ауқымды жобалар да сәтті жүзеге асырылған. Ал алдағы уақытта қытайлық компания Шу ауданында жүгері өңдеу зауытын салмақ ниетті.

Ван Яньун, Shengtai Biotech компаниясының бас директоры:

- Біздің компания Жамбыл облысында жүгеріні терең өңдеу зауытын салып жатыр. Ол үшін 1,5 млрд доллар инвестция бағыттадық. Кәсіпорын толық келер жылдың қаңтарын айында іске қосылады. Алғашқы өнім ақпан айында шығады. Зауыттың жылдық қуаттылығы 500 мың тонна болады. Дайын өнімдерді Еуропа, Солтүстік Америка, Азия елдеріне экспорттауды жоспарлап отырмыз.

Индустриялық аймақта Президент әйнек өндіретін кәсіпорын қызметімен де танысты. Кәсіпорын биыл жазда іске қосылған. Жылына 500 мың шаршы метр әйнек өндіреді. Қазір зауытта 50 адам еңбек етіп жатыр.

Риат Шони, Ержан Қанапияұлы және Бахытбек Нұртаев

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:141
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Желтоқсан 2025 18:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

06 Қараша 2026 19:55see140

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

06 Қараша 2026 17:51see137

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

06 Қараша 2026 17:53see136

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

06 Қараша 2026 17:03see135

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

06 Қараша 2026 21:45see135

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

06 Қараша 2026 01:33see134

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

06 Қараша 2026 14:29see133

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

06 Қараша 2026 14:34see130

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

07 Қараша 2026 09:53see127

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

07 Қараша 2026 07:15see125

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

06 Қараша 2026 14:33see124

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

06 Қараша 2026 17:20see124

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

07 Қараша 2026 01:50see122

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

06 Қараша 2026 14:35see120

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

07 Қараша 2026 16:27see119

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

06 Қараша 2026 18:08see119

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

06 Қараша 2026 16:46see118

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

07 Қараша 2026 16:55see117

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

06 Қараша 2026 15:20see117

Эмомали Рахмон Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

07 Қараша 2026 16:19see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары