Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Тарихи мұраны сақтау ісі: әлемдік тәжірибе

Тарихи мұраны сақтау ісі: әлемдік тәжірибе

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Қазір әлем бойынша 56 тарихи нысан жойылу алдында тұр.

Бұл ЮНЕСКО-ның дерегі. Адамзат өркениетінің өткенінен сыр шертетін тарихи жәдігерлердің табиғи апат, қарулы қақтығыс, урбанизация әсерінен бірте-бірте жойылу қаупі бар. Тарихи мұраны сақтау жөнінде 71 жыл бұрын ЮНЕСКО аясында конвенция қабылданған болатын. Ондағы шаралар Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше елдерге ортақ міндет. Яғни әр ел өз жерінде орналасқан мұраны сақтап, өзге елдің мәдениетіне құрметпен қарауға тиіс.

ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізімінде қорғауға алынған 1100-ден астам нысан бар. Оған Мысырдағы Гиза пирамидалары, Қытайдың Ұлы қорғаны сияқты ескерткіштер, ғимараттар және археологиялық орындар кіреді. Мұндай мұраларды сақтау маңызды. Өйткені уақыт өте келе  құнды жәдігерлер тарих жадында жатталмауы мүмкін.

Бір ғана мысал: 2019 жылы Парижде танымал Нотр-Дам-де-Пари шіркеуі өртке оранды. Кейін реставрация жасалып,  жұмысы қайта жанданды. Ғимарат жобасының сақталған 3D үлгісінің арқасында, өрттен кейін қалпына келтіру жұмыстары жеңіл жүрді. Архитектор, инженер, тарихшылардың жұмысы бір ортақ сандық дерекқор арқылы үйлестірілген.

Ал былтыр Microsoft пен француз үкіметі Нотр-Дамның жоғары деңгейдегі цифрлық көшірмесін  жасау жобасын бастады. Бұл ғимараттың архитектурасын тереңінен зерттеу мен сақтауға мүмкіндік береді.

Александра Ксантаки, БҰҰ Мәдени құқық жөніндегі арнайы баяндамашы:

- Цифрландыру – қарулы қақтығыс, табиғи апат және климат өзгерісі жағдайында мәдени мұраны болашақ ұрпаққа жеткізу үшін ұзақ мерзімді сақтауды қамтамасыз ете алады. Байырғы қоғам түрлі сындарлы кезеңді бастан өткерсе де, мәдени құндылықтар сақталып, музыка, би және ауыз әдебиеті арқылы дәстүрлер сақталып, бүгінге дейін жетті.

ЮНЕСКО-дан бөлек, әлем бойынша тарихи мұраны сақтауға үлес қосып жүрген «Global digital heritage» жобасын айта кеткен жөн.

Архитектор, ғалымдар топтасқан команда әлемнің түкпір-түкпіріндегі жәдігерлердің, тарихи нысандардың 3D форматындағы үлгісін жасаумен,  айналысады. Бүгінге дейін 100-ден астам жобаны қамтыған. Орталық Азия елдерінен көршілес Өзбекстанның Ташкент, Самарқан қалаларындағы Ұлықбек обсервоториясы, Бибі ханым мешіті, танымал Регистан кешені сынды ежелгі дәуір мұралары енген. Сандық үлгідегі бейнеден бөлек, әрбір ескерткіш жөнінде  мағлұмат алуға болады.

Global digital heritage:     

- Біз цифрлық визуализацияны, геоақпараттық технологияларды пайдаланып, цифрлық деректер мен 3D модельдерді мемлекеттік органдарға, өңірлік мекемелерге, музейлерге, ғалымдарға және  жұртшылыққа ұсынамыз. Барлық деректерді мәдени мұраны қорғау, басқару, білім беру, қоғамдық қолжетімділік, ғылыми зерттеулер және цифрлық гуманитарлық ғылымдарды дамыту мақсатында бүкіл әлем үшін қолжетімді еткіміз келеді.

Туризм тамырын кеңге жайып, дамығаны тарихи мұраларды қаз-қалпында сақтауға кесірін тигізуде. Өйткені саяхатшылар көне ғимараттарды бүлдіріп алуы мүмкін. Сондықтан бірқатар ел өз ұлттық мұрасын қызғыштай қорғау үшін қатаң шараларға көшті. Мәселен кейінгі жылдары Грекия, Италия туристер санын шектеуді күшейтті.

Алайда ескерткіштерді цифрландыруға түрткі болды. Қазір ғаламтор арқылы кез келген елдегі музей, көрме, тарихи нысандарды виртуалды көмекшінің көмегімен көруге болады. Сондай тың жобаның бірін Еуропалық Одақ елдері қолға алды. Europeana платформасында музей, мұрағат, кітапхана қорлары біріктірілген. Барлығы 50 миллионнан астам дерек цифрландырылған.

Google компаниясының да Лувр, Эрмитаж, Британ музейі сынды мәдени мұраларды жаһандық аудиторияға таныстыратын виртуалды турлары бар. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:142
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қаңтар 2026 08:28
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары