Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

АҚШ әлем чемпионы Испанияның сыйақысынан 15 млн доллар салық ұстайды

“Бұрынғы триллионер“. Илон Маск миллиардтаған долларынан айырылды

Қазақ семсерлесушілері әлем чемпионатында үздік 32 спортшының қатарына енді

Найзағай ойнап, жаңбыр жауады : 27 шілдеде ауа райы қандай болады

Астанадағы автосалон менеджері алдау арқылы 23 миллион теңгенің екі автокөлігін иемденіп алды

Сіздің WhatsApp ыңызды қазір оқып отыруы мүмкін қазақстандықтар оны қалай тексере алады

Ностальгия: Қазақстанның алғашқы банкноттарын еске түсіреміз

Қазақстандық боксшы Балауса Мұздыман кәсіпқой бокста кезекті жеңісіне жетті

Қызылорда тұрғыны Алматыға келіп, іс түзсіз жоғалып кетті

Алматы полициясы Қайрат Ордабасы матчы алдында маңызды мәлімдеме жасады

Екі дос ерекше жүкпен теңізді кесіп өтіп, желі жұлдызына айналды

Заң мен тәртіп : Шымқала кештері қоғамдық қауіпсіздік талаптарын сақтау құндылықтарын насихаттады

Алматыда пайдаланылған газ үшін жүргізушілерге жаппай айыппұл салынуда

Қазақстанда жұмыспен қамтылған әйелдер саны 4,5 миллионнан асты

Челси футбол клубы Дастан Сәтпаев қатысқан жаңа видеоны жариялады

Елдегі жеке клиникалар МӘМС тен заңсыз қаржы алу үшін 140 мың азаматты жалған тіркеген

Фицо: Еріктілер коалициясына қосылу Словакияның саясатына қайшы

Бес ЖЭО қызыл аймақта қалып отыр: Қазақстан қысқа қалай дайындалуда

Қытайдың жасыл энергетикаға инвестициясы рекордтық деңгейге жетті

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды: екі адам қаза тауып, тағы екі адам ауыр жарақат алды

Тауарлардың ұлттық каталогында өнім көлемі 20 млн позицияға дейін ұлғайды

Тауарлардың ұлттық каталогында өнім көлемі 20 млн позицияға дейін ұлғайды

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қаржы министрлігі еліміздегі тауарларды есепке алудың бірыңғай цифрлы жүйесін қалыптастыруды көздейтін – «Тауарлардың ұлттық каталогы» (ТҰК) жобасын енгізуді жалғастырып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Жобаның негізгі мақсаты – тауар айналымының барлық кезеңінде біртұтас цифрлы есеп-қисапты жолға қою, сауда операцияларының ашықтығын арттыру және экономикадағы өнімдер туралы мәліметтердің сапасын жақсарту.

Ұлттық каталогтың функционалын дамыту мен кеңейту жөніндегі жұмыстың аясында деректер көлемі 400 мыңнан 20 млн астам тауар позициясына дейін ұлғайтылды.

Өтпелі кезеңде сауда қызметінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін 5 177 579 уақытша XTIN коды жасалып (2026 жылдың 12 наурызындағы жағдай бойынша), бұл нарық қатысушыларына тауарлардың цифрлы идентификаторларын пайдалануды жалғастыруға мүмкіндік берді.

2026 жылы тұрғын үй құрылысына қанша қаржы бөлінеді?

ТҰК негізгі мемлекеттік және коммерциялық цифрлы жүйелермен интеграцияланған. Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алу жүйелерімен (БСАП және «Самұрық-Қазына»), мемлекеттік жоспарлаумен (МЖ АЖ), электронды шот-фактуралармен (ЭШФ АЖ), Wildberries, Ozon, Flip.kz, O-Market маркетплейстерімен, 1С тауарлық есеп жүйесі, Anvar, Small, Magnum сауда желілері, сондай-ақ фискалды чектерді қалыптастыратын фискалды деректер операторларымен өзара іс-қимыл қамтамасыз етілді. Мұндай интеграция барлық кезеңде бірыңғай цифрлы тауар идентификаторын пайдалануға мүмкіндік береді: сатып алу мен есепке алудан бастап сату кезеңіне дейін.

Мұнымен қатар мәліметтердің сапасын арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Айталық, бірінші кезеңде каталог бос және ақпараты жоқ тауар карталарынан (қайта іске қосу мүмкіндігін тежеп) тазартылды. Келесі кезеңдерде тауардың негізгі (эталонды) картасына сілтемені көрсете отырып, көшірме карталар (мәліметтері қайталанған) өшірілді. Бұл жүйедегі деректердің тұтастығы мен үйлесімділігін сақтауға мүмкіндік берді.

Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін тауар деректерін ТҰК-на жүктеу мен алу үшін 11 сервис әзірленді. Сондай-ақ ТЖҚ ЖЖ тауарлар жіктеуішінің құрылымын толтыру және өзектендіру үшін жеке кабинеттің автоматтандырылған жұмыс орны реттелді.

Цифрлық теңге: Қаржы жүйесіндегі тың нұсқа

Тауарларды жіктеу едәуір кеңейтілді. ТЖҚ ЖЖ 2.0 жаңартылған нұсқасында өнім түрлерінің саны шамамен 12 мыңнан 61 мыңға дейін ұлғайтылды (2026 жылғы 27 ақпандағы жағдай бойынша).

Аталған мемлекеттік деректер базасы тәжірибелік мақсатта қолданысқа енгізіліп, жұмыс істеп тұр. Бұл ретте оны қолдану заң аясында бекітілгенін айта кетейік. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Сауда қызметі туралы» заңға сәйкес ТҰК міндетті түрде қолдануды көздейтін өзгерістер күшіне енді. Сондай-ақ бақылау-кассалық машиналарда ТҰК қолдану қағидалары бекітіліп, электронды шот-фактураларды жазып беру қағидаларына және жүкқұжаттар мен қабылдау-беру актілерін қоса алғанда, келісімшарттардың атқарушылық құжаттарында ТҰК кодтарын пайдалану бөлігінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Министрлік каталогты қолдануды кеңейтіп, оны мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау бойынша жұмысты да жалғастырып келе жатқанын атап өткен жөн. Атап айтқанда, «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасымен интеграцияны жүзеге асыруға дайындалып жатыр. Сонымен қоса «Кеден» ақпарат жүйесінің кеден декларацияларына каталог кодтарын енгізу бойынша жұмыс жалғасып келеді. Осыған дейін жүйенің функционалы алдын ала көрсетіліп, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар берілген болатын.

Жүйені кезең-кезеңімен енгізу үшін «Атамекен»ҰКП ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, сондай-ақ 2025 жылдың соңына дейін экономиканың барлық саласында ТҰК енгізу жөніндегі жол картасы бекітілді.

Қарызсыз қоғам: қаржы сауаты қай деңгейде?

Бизнес өкілдерімен бірлесіп тұрақты негізде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Апта сайын сауда салаларының өкілдерімен онлайн-кездесулер ұйымдастырылып, онда тауар картасымен жұмыс істеу тәртібі, ерекше белгілерді (атрибуттарды) толтыруға қойылатын талаптар мен каталогты қолданудың практикалық мәселелері түсіндіріліп келеді. Өзара байланыстың нәтижелері жүйені одан әрі жетілдіру үшін қолданылып келе жатқанын айта кету керек.

Ұлттық каталогты енгізу Қазақстандағы тауарларды есепке алудың бірыңғай цифрлы кеңістігін қалыптастырып, сауда операцияларының ашықтығын арттырады және отандық цифрлы экономиканы дамытуға септігін тигізеді.

Соңғы жаңалықтар

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

Қоғам • Бүгін, 14:32

Биыл бала күтіміне байланысты 112 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді

Қоғам • Бүгін, 14:22

Абу-Дабиде әскери операцияның видеосын желіде таратқан 45 адам ұсталды

Оқиға • Бүгін, 13:42

Суретші Алпысбай Қазғұловқа Түркі дүниесі Көркемсурет академиясының атағы берілді

Қоғам • Бүгін, 13:32

Ұлттық ұланның әскери бөлімінде үш тракторшы қызмет етеді

Әскер • Бүгін, 13:12

Қазақстан әлемнің 72-ден астам еліне ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізеді

Қоғам • Бүгін, 12:50

Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінің финалына шықты

Теннис • Бүгін, 12:45

Үкімет Ақтау бу-газ қондырғысын салу жөніндегі келісімге қол қоюды мақұлдады

Үкімет • Бүгін, 12:22

Алғаш рет қазақ альпинистері Эйгер тауының солтүстік қабырғасын бағындырды

Қоғам • Бүгін, 12:14

Елімізде «Аңсаған сәби» бағдарламасының арқасында 11 мыңнан астам бала дүниеге келді

Медицина • Бүгін, 11:40

Ұландықтар Көрісу күні ата-аналарымен тілдесті

Қоғам • Бүгін, 11:33

Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларындағы жергілікті қамту үлесі 65%-ға жетті

Қоғам • Бүгін, 11:17

Таяу Шығыс аймағынан 10 000-нан астам отандасымыз қайтарылды

Оқиға • Бүгін, 11:10

Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды

Қоғам • Бүгін, 11:03

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Оқиға • Бүгін, 10:59

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:145
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Наурыз 2026 15:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

АҚШ әлем чемпионы Испанияның сыйақысынан 15 млн доллар салық ұстайды

26 Шілде 2026 20:00see154

“Бұрынғы триллионер“. Илон Маск миллиардтаған долларынан айырылды

26 Шілде 2026 13:08see152

Қазақ семсерлесушілері әлем чемпионатында үздік 32 спортшының қатарына енді

26 Шілде 2026 08:35see151

Найзағай ойнап, жаңбыр жауады : 27 шілдеде ауа райы қандай болады

26 Шілде 2026 20:33see148

Астанадағы автосалон менеджері алдау арқылы 23 миллион теңгенің екі автокөлігін иемденіп алды

27 Шілде 2026 21:05see145

Сіздің WhatsApp ыңызды қазір оқып отыруы мүмкін қазақстандықтар оны қалай тексере алады

27 Шілде 2026 18:51see137

Ностальгия: Қазақстанның алғашқы банкноттарын еске түсіреміз

26 Шілде 2026 18:01see134

Қазақстандық боксшы Балауса Мұздыман кәсіпқой бокста кезекті жеңісіне жетті

26 Шілде 2026 10:13see132

Қызылорда тұрғыны Алматыға келіп, іс түзсіз жоғалып кетті

27 Шілде 2026 08:29see130

Алматы полициясы Қайрат Ордабасы матчы алдында маңызды мәлімдеме жасады

26 Шілде 2026 14:02see127

Екі дос ерекше жүкпен теңізді кесіп өтіп, желі жұлдызына айналды

27 Шілде 2026 14:25see127

Заң мен тәртіп : Шымқала кештері қоғамдық қауіпсіздік талаптарын сақтау құндылықтарын насихаттады

27 Шілде 2026 10:04see125

Алматыда пайдаланылған газ үшін жүргізушілерге жаппай айыппұл салынуда

27 Шілде 2026 16:16see122

Қазақстанда жұмыспен қамтылған әйелдер саны 4,5 миллионнан асты

27 Шілде 2026 17:08see122

Челси футбол клубы Дастан Сәтпаев қатысқан жаңа видеоны жариялады

27 Шілде 2026 19:44see119

Елдегі жеке клиникалар МӘМС тен заңсыз қаржы алу үшін 140 мың азаматты жалған тіркеген

27 Шілде 2026 16:14see118

Фицо: Еріктілер коалициясына қосылу Словакияның саясатына қайшы

26 Шілде 2026 15:29see116

Бес ЖЭО қызыл аймақта қалып отыр: Қазақстан қысқа қалай дайындалуда

27 Шілде 2026 11:48see115

Қытайдың жасыл энергетикаға инвестициясы рекордтық деңгейге жетті

27 Шілде 2026 00:59see115

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды: екі адам қаза тауып, тағы екі адам ауыр жарақат алды

27 Шілде 2026 12:17see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары