Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Тәуелсіздік жылдарында әскер жаңадан құрылған еді... Ирина Филина

Тәуелсіздік жылдарында әскер жаңадан құрылған еді... Ирина Филина

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Оның әскери салаға келуі – еліміз тәуелсіздігін жариялап, төл Қарулы Күштерімізді құру қажеттілігі туындаған кезде, яғни жеке құрамды оқыту мен тәрбиелеу, әскери тәртіпті нығайту жылдарымен тұспа-тұс келді. Қазақстанның әскери қауіпсіздігінің сенімді кепілі болатын жаңа армиямыздың қарышты дамуын басынан өткеріп, өткен күндерін еске алды.

 «Еске алуға ауыр шақ...»

Айтуынша, Ұлы Отын соғысының біткеніне 80 жыл өтсе де қасіреті мен ауыртпалығы ел есінде. Тіпті, оның анасы сол бір жылдардағы Ленинград құрсауынан аман қалған.

– Әке-шешем соғыс жылдарында танысыпты. Анам Кингисепте оқуын бітіре салып, Ленинградта жұмыс істей бастаған. Кейін соғыс басталып, анамның отбасы эвакуацияланып, жол ортада пойыз Ленинградта тоқтайды. Анам отбасымен жүздесіп, пойыздың тоқтағанын пайдаланып, сіңлісіне қаланы көрсетпек болады. Теміржолға қайта айналып келгенінде пойыз уақытынан бұрын жүріп кеткенін біледі. Сөйтіп, сіңлісі әпкесімен бірге жаудың құрсауында қалып қалады. Өкінішке қарай, сол жақтан сіңлісі аман шықпайды. Ал анам беті мұз боп қатқан Ладож өзенінің үстімен қаладан шығарылады. Анам өмірінің бұл кезеңін бар-жоғы екі-үш рет айтып қалғаны болмаса, тіс жарып, көп айта бермейтін. Мүмкін өзіне ауыр болған соң есіне алғысы келмеген болар, – дейді Ирина Филина.

  Оның айтуынша, әскер қатарына 1993 жылы келген. Қапшағай қаласындағы 35-ші гвардиялық Әуе-десанттық бригадада келісімшартпен қызмет етуге шақырылған.

– Сол кезеңде Қазақстанның жас армиясында тәжірибелі мамандардың жетіспеушілігі өте қат еді. Сөйтіп, 40 жасымда әскерге қызметке келдім. Қапшағай қаласындағы десанттық-шабуылшы бригадасында қатардағы жауынгер ретінде бастадым. Бригадада спортшы әрі парашютист болмаған еді. Өткен күндерді еске алсам, әскердегі өмірім кинодағыдай қызыққа толы болған. Мысалы, спорттағы парашюттік секірісте белгілі бір көрсеткішті көрсетуің керек. Ал әскерде парашюттік секірісің нақты тапсырма, оны орындауға тиіссің. Міне, сондай кезде өзімнің сүйікті ісіммен айналысып жүргенімді сездім,  – деді ол.

4973 парашюттік секіріс жасаған Ирина Филина

 Жалпы, Ирина Филинаның ресми есебінде 4 973 парашюттік секіріс тіркелген. Ал оның  тіркелмегені қаншама?! 35 жылдық парашюттік секірістен тәжірибесі бар ол 2005 жылы аға-прапорщик атағымен запасқа шығарылды.

– Басымыздан не өтпеді. Қарумен атысып та, гранаттарды атқылап та, түрлі жағдайда секірдік. Әйтеуір, әскери дайындықтың бірін жібермедік. Парашюттік секірісті спорт ретінде қызығып, түрлі жарыстарға қатысып, дайындалып жүрген кезімізде талай қызы болды. Қатты желден парашют айналып, бауына оратылып қалдық. Эксперименттік секірісте де осындай жағдай қайталанған. Өлім аузынан аман қалғанымыз да бар: оқиға Қаратауда болған. 1 200 метр биіктікте парашют істемей, сақинасы үзілмей қойған. Жер көріне бастаған, қанша жұлқыласам да парашют ашылар емес. Қосымша парашютты ашу керек деп қосқаным сол, негізгі парашют ашылып кетті. Жерге 300 метрдей ғана қалған. Оның үстіне, сол жолғы парашют тікбұрыштылау келген маневр жасауға әрі дәлдікпен қонуға мүмкіндік беретін жаңа үлгісі болатын. Секіріс кезінде оның екі парашютты қолдану өте қауіпті. Негізгі парашют ашылып кеткенде, ашылғалы тұрған қосымша парашютты жібермей, әрең жинадым. Дәл сол кезде қорықпадым, бірақ жерге қонғанымда жылап жібердім, – деді Ирина Филина. 

Парашютист болуды 4-сыныптан армандаған

 Оның балғын балалық шағы сонау Сібір жақтағы Томск облысы Тогур ауылында өткен екен. Сол кездерден парашютпен секіруді армандаған екен.

– Бірде балалармен шаңғы теуіп жүргенімде көктен парашютистердің түскенін байқадым. Абайсызда біреуінің қолғабы түсіп қалды. Сәйкестік пе кім білсін, бірақ сол қолғапты әлгі спортшыға апарып бердім.  Әлгі жерге қонған парашютист жігіт емес, жап-жас қыз болып шықты. «Парашютист қалай болуға болады?» деп едім, «Аяғың мықты болу үшін секіргішпен (скакалкамен) көбірек секір» деді. Міне, осыдан кейін парашютист болу арманы жүрегімде ұялады. Ол кезде 4-сынып оқимын, – дейді ол.

Содан Ирина 8-сыныпты аяқтағанда отбасымен Алматыға көшіп келеді. Бала арманына жету жолында ол 15 жасында аэроклубқа жазылған.

– Бас кезінде 16-ға толмадың деп мені тіпті секіріске жібермеді. Ақырында алғашқы парашюттік секірісім политехникалық институттың түлегі болғанымда орындадым. Сезіміңді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Мені ғана емес, бүкіл жер бетін қуаныш пен бақытқа толып кеткендей көрінді. Аэроклубтың арқасында көптеген жастарың бос сандалыстан, көше кезуден, теріс жолға түсуден аман қалды. Қауіп-қатерге жаны жақын жастарың осында келіп, парашютпен секірген соң өзгеріп шыға келетін. Өзіне деген құрметі өзіп, өзгені сыйлай бастайтын, – дейді Ирина Филина.

 Ирина Филина әкесінен не жасырған?

 Оқу бітірген соң Ирина Шымкентке жіберіліп, сол жақта парашютпен секіруден қол үзбеген. Артынан Қазақстанның құрамасына кіріп, кеңестік жарыстарға қатысып, спорт шебері атанған. Жұмысын да, спортты да алып жүру оңайға түспесе спорт-клубқа нұсқаушы болудан бас тартпаған. Енді ол өзіне ғана емес, өзгелерге, яғни оқушыларға да жауапты екенін сезді.

Айтуынша, оның мұндай дәрежеге жетуі – отбасының қолдауының арқасы. Мәселен, аэроклубта оқушының парашютпен секіруіне ата-анасының рұқсаты керек болған. Анасы қызын қолдап, өз келісімін берген.

– Әуелде әкем менің парашюттік секіріс жасап, ол жақта инструктор болып жұмыс істеп жүргенімді білмеді. Екі жылдан кейін бірақ білді. Алайда әкем сүйікті ісіммен айналысуға наразылық білдірмеді. Оған қоса, күйеуімді де осы саладан жолықтырдым. Ол да парашюттік секірістің – нұсқаушысы,  – деген Ирина Казимировна бүгінде өз кәсібін ашып, кітап ісімен айналысып бастады. Ендігі уақытын кітап оқып, бақшада гүл егумен өткізіп жүр.

 – Тәуелсіздік – баға жетпес байлық. Бәріміз оны көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Мемлекетіміздің егемендігін, еліміздің амандығы мен жеріміздің тұтастығын қорғау – әр азаматтың қастерлі борышы. Мереке құтты болсын!, – дейді Ирина Филина.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:246
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Желтоқсан 2025 13:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see118

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see115

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see113

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see111

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see111

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see111

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see111

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see110

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see110

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see109

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see108

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see107

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see106

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see106

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see106

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see106

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары