Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Таза Қазақстан : Астанада саябақтардағы тазалыққа бақылау күшейтілді

Таза Қазақстан : Астанада саябақтардағы тазалыққа бақылау күшейтілді

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Елорданың Алматы ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында саябақтар мен қоғамдық орындардағы тазалыққа бақылау күшейтілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Кезекті профилактикалық рейд Триатлон саябағында өтіп, оған аудандық полиция қызметкерлері қатысты.

Рейдтің басты мақсаты – тұрғындарды жазғы демалыс кезінде қоғамдық орындарда тазалық сақтауға шақырып, қоршаған ортаны ластауға жол бермеу. Мамандардың айтуынша, күн жылынып, саябақтарға келушілер көбейген тұста тазалық мәселесі де өзекті бола түседі. Әсіресе, демалыс күндері тұрғындар саябақтарда отбасымен уақыт өткізіп, пикник ұйымдастырады. Алайда кей азаматтар демалыстан кейін артынан қалған қоқысты жинамай кетеді. Соның салдарынан саябақтардың жекелеген аумақтарында тұрмыстық қалдықтар көбейіп, бұл жағдай басқа тұрғындардың наразылығына себеп болады.

«Біздің басты мақсатымыз – бірден жазалау емес, ең алдымен тұрғындарға түсіндіру жүргізу. Жаз мезгілінде адамдар саябақтарға көп шығады, пикник ұйымдастырады. Өкінішке қарай, кей жағдайда өздерінен кейін қоқыс қалдырып кететіндер кездеседі. Осыған байланысты тұрғындардан шағымдар түсіп жатады. Біз мұндай өтініштерді ескеріп, тиісті жұмыстар жүргіземіз», – деді Алматы ауданы Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Алтынай Мұсаева.

Алматы ауданы аумағында үш ірі саябақ – Триатлон, Жастар және Жерұйық саябақтары орналасқан. Бұл орындар қала тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік беретін маңызды қоғамдық кеңістіктердің бірі саналады. Сондықтан олардың тазалығы мен тәртібін сақтау – тек коммуналдық қызметтердің ғана емес, барлық азаматтың ортақ міндеті. «Заң мен тәртіп» баршаға ортақ қағида. Рейд барысында тұрғындарға қоқысты белгіленбеген жерге тастамау, демалыстан кейін аумақты жинақтап кету және қоғамдық орындарда белгіленген тәртіпті сақтау қажеттігі түсіндірілді.

Мұндай профилактикалық жұмыс бір реттік акциямен шектелмейді. Мамандардың айтуынша, саябақтар мен қоғамдық орындарда рейдтік іс-шаралар аптасына кемінде екі-үш рет өткізіліп тұрады. Жұмыстар тұрғындардан келіп түсетін арыз-шағымдар мен аудан аумағындағы ахуалды зерделеу нәтижесіне қарай ұйымдастырылады.

Бұл ретте «Таза Қазақстан» акциясының мәні аумақты бір күнде тазалап шығумен ғана шектелмейді. Оның негізгі мақсаты – қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастырып, әр азаматтың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:125
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Шілде 2026 19:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see119

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see116

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see116

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see115

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see114

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see113

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see112

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see112

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see112

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see111

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see111

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see111

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see110

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see109

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see109

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see108

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see108

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see108

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары