Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

“Терезеден терезеге” Астанада үйлер арасындағы қандай қашықтыққа жол беріледі

“Терезеден терезеге” Астанада үйлер арасындағы қандай қашықтыққа жол беріледі

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Астанада құрылыс қарқынды жүріп жатыр: жаңа тұрғын үй кешендері бірінен соң бірі бой көтеріп, ал үйлердің арақашықтығы тұрғындар арасында жиі дау тудыратын мәселеге айналды. Құрылыс салушылар ғимараттарды бір-біріне қаншалықты жақын "тұрғыза" алатынын Tengrinews.kz тілшісі анықтап көрді.

Поделиться

Астанада құрылыс қарқынды жүріп жатыр: жаңа тұрғын үй кешендері бірінен соң бірі бой көтеріп, ал үйлердің арақашықтығы тұрғындар арасында жиі дау тудыратын мәселеге айналды. Құрылыс салушылар ғимараттарды бір-біріне қаншалықты жақын "тұрғыза" алатынын Tengrinews.kz тілшісі анықтап көрді.

Репортаж

Қаланы аралап жүріп, Астанада тұрғын үйлер бір-біріне өте жақын орналасқан кварталдар жиілеп кеткеніне назар аудардық. Кей жағдайларда ғимараттар бір-біріне тиіп тұрғандай әсер қалдырады. Оны төмендегі суреттен көре аласыздар.

Мысалы, Астанадағы Петров көшесі аумағын алайық. Мұнда тұрғын үйлер бір-біріне өте жақын салынған – олардың арақашықтығы тым тар болғандықтан, ғимараттар тұтас "қабырға" сияқты сезіледі.

ОБСУЖДАЕТСЯ СЕЙЧАС

Қызылордадағы жол апаты: марқұмның отбасы Lexus жүргізушісі кінәлі болуы мүмкін екенін мәлімдеді

30 наурыз 15:27 1

“Өкінемін, кінәлімін“: Қостанайда полицейге шабуыл жасағандар кешірім сұрады

02 сәуір 14:44 1

Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті

19 сәуір 22:47 1

Қандай нормалар қолданылады?

Сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары басқармасы Астанадағы тұрғын үйлер арасындағы қашықтықты қандай нормалар реттейтінін түсіндірді. Ведомство бұл параметрлер қатаң регламенттелетінін және ең алдымен ғимараттардың қабат санына, сондай-ақ жарық түсуі мен қауіпсіздік талаптарына байланысты екенін атап өтті.

Басқарма мәліметінше, үйлер арасындағы ең аз арақашықтық олардың биіктігіне тікелей байланысты. Сонымен, тұрғын үйлерге қатысты келесі нормалар қарастырылған: биіктігі 2–3 қабатты үйлер үшін – кемінде 15 метр, төрт қабатты үйлер үшін – кемінде 20 метр, ал қабат саны бұдан көп болса, қашықтық инсоляция (күн сәулесінің түсуі) талаптарын ескере отырып анықталады.

Тұрғын үйлердің терезелерінің орналасуына қатысты да бөлек талаптар бар. Ведомство ғимараттардың бүйірлік қабырғалары арасындағы қашықтық кемінде 10 метр болуы тиіс екенін нақтылады.

Сонымен қатар, басқарма бірқатар жағдайларда стандартты параметрлерден ауытқуға жол берілетініне назар аударды. Бұл, атап айтқанда, реконструкциялау немесе күрделі қала құрылысы жағдайларына қатысты.

Мұндай жағдайларда ғимараттар арасындағы қашықтық қысқартылуы мүмкін, бірақ бұл тек инсоляция, жарықтандыру және өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтағанда, сондай-ақ бір терезеден екінші терезеге тікелей көрінуден қорғау қамтамасыз етілген жағдайда ғана рұқсат етіледі.

Келісу рәсімдері қалай жүреді?

Сондай-ақ басқарма тұрғын үй жобаларын келісу тәртібін түсіндірді. Оларды жүзеге асыру жер учаскесіне тиісті құқық негізінде жүргізіледі.

"Бұған бастапқы материалдарды алу, эскиздік жобаны әзірлеу және келісу, жобалау және сараптамадан өту, құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлау, сондай-ақ нысанды қабылдау және пайдалануға беру кіреді", - деп хабарлады басқарма.

Эскиздік жоба тек бастапқы тұжырымдама екені атап өтілді.

"Эскиз - бұл идеяны түсіндіретін жобалық шешімнің жеңілдетілген түрі. Ол келісілгеннен кейін қолданыстағы нормаларға сәйкестігіне мемлекеттік сараптамадан өтетін жұмыс жобасы әзірленеді", - деп түсіндірді басқарма өкілдері.

Бақылауға кім жауапты?

Сонымен қатар басқарма жұмыс жобаларын қарау және сараптама жүргізу олардың құзыретіне кірмейтінін атап өтті. Құрылысты бақылауды басқа орган жүзеге асыратыны анықталды.

"Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы нысандарды салу кезінде техникалық және авторлық қадағалаудың ұйымдастырылуы мен жүргізілуін бақылайды", - деп хабарлады басқарма.

Толығырақ ақпарат алу үшін қазақстандықтарға "Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасына" жүгіну ұсынылды.

Урбанист не дейді?

Астанадағы үйлер арасындағы арақашықтық жарықтандырудан бастап өрт қауіпсіздігіне дейінгі түрлі ережелермен реттеледі. Бірақ кейде олардан ауытқулар болады, сондықтан тұрғындар арасында, әсіресе тығыз құрылыс кезінде сұрақтар туындайды.

Біз пікір алу үшін сарапшыға жүгіндік.

"Терезеге қараған терезелер"

Елордалық урбанист Әлихан Көшербаев тығыз құрылыс барлық жағдайда кемшілік емес деп және оның өз артықшылықтары болуы мүмкін деп санайды. Ол мұндай тығыздықтың әлемдік тәжірибеде кең таралғанын айтты.

"Әлемнің көптеген қаласында үйлер бір-біріне өте жақын орналасқан және бұл қалыпты қалалық тәжірибе ретінде қабылданады. Бұл жинақылық пен қалалық ортаның қолайлылығы бағаланатын еуропалық қалаларға тән", - деді Көшербаев.

Дегенмен, тығыз құрылыс бір аумақтағы тұрғындар санын көбейтеді, соның салдарынан жеке кеңістік азаяды, шу деңгейі артады және инфрақұрылымға салмақ түседі - мектептер, балабақшалар, жолдар мен тұрақтар адам ағынына әрдайым төтеп бере бермейді. Оның айтуынша, егер көлік жүйесі қатар дамымаса, тұрғындарда балама нұсқа болмайды және олар жеке көлікке тәуелді болып қала береді, бұл қаланың шамадан тыс жүктелуін одан әрі ушықтырады.

Сарапшының пікірінше, құрылыс тығыздығы әрқашан ғимараттардың арақашықтығы мен биіктігі арасындағы теңгерімге негізделуі тиіс.

"Бұл әрдайым ымыраны қажет етеді: не ғимараттар биік, бірақ бір-бірінен алшақ, не аласа, бірақ тығыз орналасады. Көп жағдайда осы параметрлердің тепе-теңдігі таңдалады", - деді сарапшы.

Құшербаев құрылыс тығыздығына қарамастан, инсоляцияға, яғни пәтерлерге табиғи күн сәулесінің түсу мөлшеріне қатысты қатаң талаптар сақталатынын баса айтты. Оның айтуынша, бұл нормалар жарықтандыруы жеткіліксіз тұрғын үйлерді салуға жол бермейді.

"Нақты стандарттар бар, егер пәтерлерге қажетті күн сәулесі түспесе, құрылыс салушы жобаны жүзеге асыра алмайды. Сондықтан құрылыс тығыз болған күннің өзінде жарықтандыру мәселесі қатаң бақыланады", - деп қадап айтты ол.

Сонымен қатар, оның айтуынша, үйлердің жақын орналасуы қауіпсіздік деңгейін тіпті арттыруы мүмкін.

"Терезелердің бір-біріне қарап тұруы - әрдайым кемшілік емес, көбіне артықшылық. Оның ішінде қауіпсіздік тұрғысынан алғанда: көше үйлерден көрініп тұрады, "көшедегі көз әсері" деген бар. Аулалар мен көшелер тұрғындардың визуалды бақылауында болғанда, бұл тәуекелдерді азайтып, ортаны қауіпсіз етеді", - деп түсіндірді Құшербаев сұхбат барысында.

Урбанист мәселенің экономикалық жағына да назар аударды.

"Қаланың көлденеңінен кеңеюі әлдеқайда көп шығынды талап етеді - жол, коммуникация тарту, көлікпен қамтамасыз ету, инфрақұрылымды салу және күтіп ұстау қажет. Бұл бюджетке салмақ түсіреді. Тығыз құрылыс ресурстарды тиімдірек пайдалануға мүмкіндік береді және осы шығындарды азайтады", - деп түсіндірді ол.

Бұдан бөлек, оның сөзінше, дәл осы ықшам қалалық орта тұрғындарға өмір сүру мен даму үшін көбірек мүмкіндік береді.

"Қалада адамдардың білімге, жұмысқа, медициналық және әлеуметтік қызметтерге, көлікке қолжетімділігі жоғары. Бұл өмір сүру сапасына тікелей әсер етеді және даму мүмкіндіктерін кеңейтеді, әсіресе ұтқырлық пен түрлі белсенділікке қол жеткізу маңызды болып табылатын балалар мен жастар үшін", - деп түйіндеді ол.

Дегенмен, тығыз салынған аудандарда көбіне жасыл аймақтар мен ашық қоғамдық кеңістіктер жетіспей жатады. Сонымен қатар, автомобильдер саны артып, бұл тұрақ мәселесін тудырады және кептелісті күшейтеді.

Анықтама:: Әлихан Құшербаев - урбанист, қаланы дамыту бойынша кеңесші. Назарбаев Университетін, Мемлекеттік саясат жоғары мектебінің магистратурасын бітірген. Қазақстандағы жергілікті басқару мәселелерін, соның ішінде әкімдіктердің қызметін, жасанды интеллектіні қолданатын көлік жобаларын, сондай-ақ тұрғындар мен жастардың мемлекеттік және үкіметтік емес құрылымдармен өзара іс-қимылын зерттеумен айналысады. Орталық Азиядағы Халықаралық көші-қон ұйымы (UN Migration) жанындағы жастар консультативтік органының мүшесі, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссияның құрамына кіреді.

Құрылыс сапасы мен тығыздығына күмән туындаған жағдайда, сарапшылар iKomek қызметіне, әкімдікке немесе бейінді басқармаларға хабарласуды ұсынады.

Шетелдік сарапшылар сөзінше, қалаларды дамыту құрылыс тығыздығы мен өмір сүру жайлылығы арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуі тиіс. Жасыл кеңістіктерді - парктерді, көгалдандырылған аулаларды, шатырдағы бақтар мен вертикалды көгалдандыруды енгізу тіпті жоғары тығыздық жағдайында да ортаның сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Бұл ретте әмбебап тәсіл жоқ: әртүрлі аумақтар олардың ерекшеліктерін, құрылыс деңгейі мен инфрақұрылымын ескере отырып, икемді және атаулы шешімдерді талап етеді.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

тұрғын үй Құрылыс сарапшы

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:120
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Сәуір 2026 10:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары