Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан хақында: сенім жаңа капиталға айналып жатыр

Мемлекетке қайтарылған жер ауылдың мұқтаж тұрғындарына бұйырмай тұр

Креативті индустриялар аймақтардың жаңа даму драйверіне айналуда

Емханалар 140 мың адамды жалған тіркеген: МӘМС қаражатын жымқырғандар сотталды

Қазақстан мен Қытай арасында жаңа өңірлік әуе бағыттары ашылады

Мексикада қауіпті қылмыстық топ жетекшісі қолға түсті

Мемлекет басшысының тарихи маңызы зор тағы бір ауқымды жобасы басталды Ерлан Қарин

ЕАЭО мен Өзбекстан қазан айынан бастап кедендегі жүктер туралы ақпарат алмасады

Нұрлан Әбдіров: Бүгіннен бастап учаскелік сайлау комиссиялары жұмысқа кірісті

Жолаушылар Нұрлы жол вокзалындағы аптап ыстыққа шағымданды ҚТЖ мәселені мойындады

Тоқаев: Еліміз Еуропа мен Азияны жалғайтын жетекші логистикалық желіге айналады

Жабылған қарыз өзін еске салуы мүмкін: неліктен несие тарихыңызды бақылау маңызды

Марокко Испанияға мигранттардың жаппай ағылуына не себеп болғанын түсіндірді

Аршалы тұрғындары Астананы сумен қамтып отырған өзенге кәріз суы төгіліп жатқанын мәлімдеді

Қаржы тазалығы мемлекет қауіпсіздігінің жаңа өлшемі

Қазақстанда емханалардың жұмыс істеу ережелері жаңартылды: бұл пациенттерге қалай әсер етеді?

Зеленский Ресей, Украина және Беларусь компанияларына қарсы санкциялар енгізді

ОПЕК+ ұйымының жеті елі қыркүйекте мұнай өндірісінің шегін арттыруға келісті

Қытайдың автонарығы дағдарысқа тап болды

Елімізде шикізаттық емес тауарлардың экспорты қанша пайызға өсті?

Тілге қатысты кез келген қатаң шешім сыртқы күштерге ақпараттық, саяси манипуляция жасауға дайын аргумент Қазыбек Иса

Тілге қатысты кез келген қатаң шешім сыртқы күштерге ақпараттық, саяси манипуляция жасауға дайын аргумент Қазыбек Иса

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

“Ақ жол” демократиялық партиясының Жаңа Конституция жобасына ұсынған  ұсыныстарының көбісі іске асуда. Бұл туралы Мәжіліс депутат Қазыбек Иса өз баяндамасында айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ұлы Абай «Қандай істің қалай аяқталатыны оның бастауынан байқалады» дейді.

Ата Заңымыздағы: “Байырғы қазақ жерінде мемлекеттілікті нығайта отырып, Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығын сақтап, мемлекеттің унитарлы сипатын, оның шекарасы мен аумағының тұтастығына қол сұғуға болмайтынын нақтылап, Әділетті Қазақстан идеясын және Заң мен Тәртіп қағидатын ұстанып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары мүлтіксіз сақталатынын мәлімдеп,”- деп басталатын көзімізге оттай басылған Ұлы Дала ұғымы мен байырғы қасиетті қазақ жері атауы бас қағидат ретінде шегеленіп жазылғаны көңілге көп үміт ұялатады.
Яғни, қазіргі қолданыстағы кеңестік дәуірдің иісі кетпеген  конституциямыз 1991 жылдан басталса, жат тілде емес, жатық тілде қазақы жазылған жаңа Ата заң Ұлы Дала елінің мыңжылдық тарихынан тамыр тартып тұр.

Қасиетті Тәуелсіздікті қорғау ұғымы мызғымас тасқа қашалғандай таңбаланған.
Конституцияның жаңа мәтінінің басты ерекшелігі – адам құқықтарының басты орынға шығуы. 
3-бапта Егемендік пен Тәуелсіздікті қорғау; адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау; заң мен тәртіп үстемдігін қамтамасыз ету; жалпыұлттық бірлікті бекемдеу; халықтың әл-ауқатын арттыру;
отаншылдық идеясын орнықтыру; қоғамдық диалогты дамыту; тарихи-мәдени мұраны сақтау; төл мәдениетті қолдау тайға таңба басқандай  жазулы. Халықты бірлікке ұйыстыратын Бірегей ұлт саясаты да анық айқындалған.

Ата заңның негізгі ерекшеліктерін атасақ, Бір палаталы парламент құруды бүкіл еліміз бірауыздан қолдап отыр. Бұл «Ақ жол» партиясының  талай жылдан бері көтеріп келе жатқан мәселесі. Пропорционалды сайлау жүйесі алдымен ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан аса маңызды. Дамыған елдердегі белгілі партиялар мемлекет тұрақтылығының негізі. Партиялар халық сеніміне ие болуы тиіс. Ол үшін не істеуі керек? Ол үшін халық мүддесін, мемлекет пен ұлт мүддесін қорғауда қарқынды қайрат көрсетуі қажет.  Тарихи тамыр тартқан Құрылтай атауы – қазақтарда мемлекет болмаған дейтіндерге Ұлы даланың рухы мен Алтын Орданың айбарын еске салады.  Қазақ үшін қасиетті саналатын ақ неке де Ата заңға  айшықталып жазылған. «Неке – еркек пен әйелдің ерікті және тең құқықты одағы» дейді. Бұл парламент талай көтерген ұлттық ұғымымызды аттап,  дәстүрімізді таптап жүретін біржыныстылардың жат қылықтарына заңмен қатаң тыйым салынады деген сөз.

Ал жаңа Конституциядағы Ұлттық заңдардың халықаралық шарттардан жоғары тұруы — бұл бұрын болмаған, ел үшін ерекше маңызды бап!
Бұл - халықаралық міндеттемелерден бас тарту емес, оларды ұлттық мүдде сүзгісі арқылы іске асыру. Көптеген мемлекеттерде халықаралық шарттар автоматты түрде емес, ұлттық Конституцияға сәйкестігі тексерілгеннен кейін ғана қолданылады. Бұл - құқықтық егемендік, нақты басқару тетігі. Ұлттық заңдардың үстемдігі мемлекеттің өз даму моделін өзі таңдауына жол ашады; сыртқы нормалардың ішкі ерекшеліктерді елемей енгізілуінен қорғайды. Бұл қорғаныс механизмі — құқықтық сананың дербестігін көрсетеді.

Дамыған елдердің тәжірибесі осыны растайды. АҚШ-та (Америка Құрама Штаттарында), Германияда, Францияда халықаралық келісімдер Конституцияға қайшы келмесе, қайта қаралады немесе орындалмайды. 

Енді осы бап арқылы ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2022 жылы айтқан «Осыдан отыз жыл бұрынғы халықаралық шарттарды  қайта қарау керек» деген бастамасы іске асуы керек. Ескі билік үшін зор, халық үшін қор  болған мұнай келісімдерінде кеткен есемізді, жатқа кетіп жатқан ел қазынасын қайтаратын кез келді деп санаймыз. 

Ұлттық заңдардың халықаралық келісім-шарттардан жоғары тұруын бекіту біздің мемлекетті құқықтық егемендігі бар, ұлттық мүддесін қорғай алатын мемлекет ретінде нығайтады. Сондықтан бұл норма – уақыт талабына сай, стратегиялық тұрғыдан күшті шешім. 
Осы парламентте, қазақ тілі үшін менен артық күрескен ешкім жоқ. Парламентте  Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау жайлы депутаттық сауал жасағанымда бір ауыз қолдау жасай алмай, қайта қазақ тіліне қарсы шыққандар қазір аяқ астынан тіл жайлы “ақыл” айтқыштарға айналыпты...
Қазір парламент 90 пайыз қазақша сөйлейді, құдайға шүкір. Өзге этнос өкілдері, әріптестеріміз де бізбен жарысып, мемлекеттік тілде сөйлеп отыр. 

2024 жылы талай көтеріп жүріп, Заңға “Қазақстан Азаматтығын алу үшін Мемлекеттік тілден емтихан тапсыру керек” деген бапты енгіздік. Бұл елімізге сырттан емін-еркін ешкім кіре бермейді деген сөз. Мемлекеттік қызметке тұру үшін мемлекеттік тілді білу керек, тест тапсырылады! Осы тестті қайта қарап, толықтыру қажет. 

Яғни, “Ақ жол” партиясы көтерген маңызды мәселелер ерте ме, кеш пе, іске асып келеді. Біз бұндай жақсы үдерістерге қарап отырып, көп мәселе өзімізге де байланысты екеніне көз жеткіздік. 

Менің Парламентте Мемлекеттік тіл заңнамасын жетілдіруді бірнеше рет ұсынғанымды жақсы білесіздер. Бұл маңызды мәселе - Мемлекеттік тіл заңнамасын жетілдіру қажет екенін тағы да қайталап айтамын.      

Қазіргі геосаяси ахуалдың күрделігі сондай: тіл мәселесі қауіпсіздік факторына айналды. Бүгінгі әлемде ол ішкі саясаттан  шығып, геосаяси  құрал мен ықпал болып тұр. Сондықтан, өкінішке орай тілге қатысты кез келген қатаң шешім сыртқы күштерге ақпараттық және саяси манипуляция жасауға дайын аргумент болмақ. Тіл мәселесінің байыптылығы  тұрақтылықты сақтайтын механизм қызметін атқаруда.Тәуелсіздікті алу қандай қиын болса, Тәуелсіздікті сақтап қалу да сондай қиын дейді данышпандар.  Сондықтан бұл мәселеге біз байсалды байыппен, салмақты сабырмен қарауымыз керек. 

Қорыта айтарымыз, Мемлекеттік тіліміз ұлтымызды ұйыстыратын мәртебесі айқын тілге айналуы қажет! Тәуелсіз Елдің тағдыры Сіз бен біздің қолымызда! Жаңа заман талабына сай жаңа Конституция жобасын қолдаймыз!
 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:117
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Ақпан 2026 11:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан хақында: сенім жаңа капиталға айналып жатыр

03 Тамыз 2026 09:37see133

Мемлекетке қайтарылған жер ауылдың мұқтаж тұрғындарына бұйырмай тұр

04 Тамыз 2026 08:08see117

Креативті индустриялар аймақтардың жаңа даму драйверіне айналуда

03 Тамыз 2026 08:36see117

Емханалар 140 мың адамды жалған тіркеген: МӘМС қаражатын жымқырғандар сотталды

03 Тамыз 2026 11:33see116

Қазақстан мен Қытай арасында жаңа өңірлік әуе бағыттары ашылады

03 Тамыз 2026 11:48see115

Мексикада қауіпті қылмыстық топ жетекшісі қолға түсті

03 Тамыз 2026 09:18see114

Мемлекет басшысының тарихи маңызы зор тағы бір ауқымды жобасы басталды Ерлан Қарин

03 Тамыз 2026 15:00see113

ЕАЭО мен Өзбекстан қазан айынан бастап кедендегі жүктер туралы ақпарат алмасады

04 Тамыз 2026 08:56see111

Нұрлан Әбдіров: Бүгіннен бастап учаскелік сайлау комиссиялары жұмысқа кірісті

03 Тамыз 2026 15:45see111

Жолаушылар Нұрлы жол вокзалындағы аптап ыстыққа шағымданды ҚТЖ мәселені мойындады

03 Тамыз 2026 17:34see109

Тоқаев: Еліміз Еуропа мен Азияны жалғайтын жетекші логистикалық желіге айналады

03 Тамыз 2026 13:06see109

Жабылған қарыз өзін еске салуы мүмкін: неліктен несие тарихыңызды бақылау маңызды

03 Тамыз 2026 12:48see109

Марокко Испанияға мигранттардың жаппай ағылуына не себеп болғанын түсіндірді

03 Тамыз 2026 08:57see108

Аршалы тұрғындары Астананы сумен қамтып отырған өзенге кәріз суы төгіліп жатқанын мәлімдеді

04 Тамыз 2026 09:02see107

Қаржы тазалығы мемлекет қауіпсіздігінің жаңа өлшемі

04 Тамыз 2026 07:01see107

Қазақстанда емханалардың жұмыс істеу ережелері жаңартылды: бұл пациенттерге қалай әсер етеді?

03 Тамыз 2026 11:11see106

Зеленский Ресей, Украина және Беларусь компанияларына қарсы санкциялар енгізді

04 Тамыз 2026 10:13see106

ОПЕК+ ұйымының жеті елі қыркүйекте мұнай өндірісінің шегін арттыруға келісті

02 Тамыз 2026 19:06see106

Қытайдың автонарығы дағдарысқа тап болды

03 Тамыз 2026 13:00see106

Елімізде шикізаттық емес тауарлардың экспорты қанша пайызға өсті?

04 Тамыз 2026 13:20see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары