Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Ақордада алты елдің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.
Сенім грамоталарын:
Израиль мемлекетінің елшісі Йоав Быстрицки; Қырғыз Республикасының елшісі Құдайберген Базарбаев; Куба Республикасының елшісі Альфредо Федел Ниевес Портуондо; Ливан Республикасының елшісі Джордж Абу Зейд; Зимбабве Республикасының елшісі Марк Грей Маронгве; Сомали Федеративтік Республикасының елшісі Фатхудин Али Мохамед тапсырды.
Президент Қазақстан барлық мемлекетпен достық қарым-қатынас орнатқан бейбіт ел екеніне тоқталды.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ішкі саясатында қолға алынған бастамалар жөнінде әңгімеледі. Бұл жұмыстар Әділетті Қазақстанды құруға, "Заң және тәртіп" қағидатына негізделгенін айтты.
Мемлекет басшысы елшілерді дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, Қазақстан тарапы олардың қызметіне жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:101
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қараша 2025 12:59 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















