Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Кофені көп ішсе, не болады?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Туған жердің топырағы мен жусаны

Туған жердің топырағы мен жусаны

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Вашингтоннан 14 шақырым жердегі Мұхаң (М.Мағауин) өзі «Күміс бұлақ» деп атайтын Силвер Сприң (Silver Sprinq) кентіндегі үйі. Едіге ұлы қашаннан бергі сайма-сай сайлап берген жұмақтай екіқабат мекенде ұлы жазушы хал үстінде жатыр. Үй-ішіне ажал көрігі қайғы уытын сыздықтап жая бас­тапты. Еңсе зілденіп, үнжұрға түскен... Тымырық тылсымның сызатынан қайыр күтерлік үміт сәулесі сезілмейді, тек Мұхаңның әлсіреген жанарынан сескенгендей маңайды басқалы тұрған қараңғылық қаныпезер қараулығын қатайта алмайтындай босаңсыған. Ұзақ ғұмырында жазуға шүйліккен аялы жанары ғана бұғалыққа көнбеген асаудай қабағын ауырлата түскен кеселге көнбей, ерегісе жылтырайды. Жарық дүниенің соңғы сәулесін жанарына өшпестей етіп сіміріп алғысы бар.

Жазудан қажымаған жанары иесіне сәл септігін тигізбек күйде жыпылықтай қай­шыланған. Қайрансыз мүлде. Кіреу­келене әлсіреп, жұмыла береді. Жан ділгірлігімен тіреу қойылса да көнгісі жоқ, қорғасын құйғандай езіп барады: «... ше-ше-ң кел- кел-мее-ді ме?..». Едігеге қарашығы азайып, аларған көзін бұрды. «Қазір келеді» деп дәмелендірді ұлы чех елінде ем-дом алып жатқан қосағын елеңдеп күткен әкесіне жәрдемі тиерлік қисынсыз сөзін амалсыз қыстырып.

Мұхаңның жанары әлде шарасыз­дықтан ба, әлде жаратылысы ғажап Бақыт­жамал зайыбымен тәтті бір қауышуды аңсағаннан ба, тосын серпілді де, жайлап жұмыла берді... Жұмылғанымен, жан-жүрегінің, жүйке-жұлынының тіндері әлі жұлқына жыбырлаған күйі дәуірлеп жатқан еді... Ойлары ошарылмай, опындырмай, оңқайынан оңғарылғандай ма?

Қазақтың қайталанбас ерен тұлғасы не айтқалы жатыр екен, нендей ойдың құрсауына малтықты екен? Мүмкін, өзінің күні бұрын жазып кеткен соңғы сөздерін шиырлай қайталап, шамырқану үстінде ме? «Уа, жаңа өспірім ұрпағым! Алаш ұраны бәрінен де жоғары! Туған халқыңның ұлттық мүддесі бәрінен де биік! Кеуделеріңді көтеріңкі ұс­таңдар. Бабалардың бар мұратын берік тұтыңдар. Байырғы мекен, байтақ қонысты сақтаңдар. Ынтымақ, мейірден айырылмаңдар. Аруақтың аманаты ұмытылмасын. Сонда мәңгілік салтанатқа жетесіңдер!» дегенін ақырғы жүрек әлдиімен емеуріндеп жалғастырды ма екен? Әлде «осыншама ұзақ өсиет айтуға мүмкіндік таппасам, екі-ақ ауыз сөз» деп өзі жазғандай, соңғы демін жиып: «Қайран Қазақ! Ежелгі ерлігіңді тап! Қасиетіңді қалпына келтір», деп құмарынан шығып па? Тағы да өзі меңзегендей: «Ақырғы, тәсілім сәтте оған да дәрменім жетпей қалса, міне, алдын ала айтып қойды деп есептеңіз» деп өсиеттегеніндей: «О, Тәңірім! Қазақ елін қолдай гөр!..», деген жалбырынышын ақырғы демімен шығарғалы сайланып па, бірі кем дүние-ай!

Осындай биік ұстынды, жүрекжарды асқақ сөздер ыссы көкірегі суына бастаған сәтте жанымен қабаттаса бейкүнә бозторғайдай Әмірикән аспанына пыр-пыр етіп көнбістікпен көтеріліп, мына жат көк жүзінен медет таппай зырқырай зулап, туған жерінің зеңгіріне аласұра, ышқына қанат сермегендей еді...

Ұлы жүрек кенет мәңгілік дамылдады! Туған жерінен туу алыста... Ер жүректі Едіге жедел есін жиып: «Арыстан әкем пәниден бақиға аттанып кетті, АҚШ-тың Мерилэнд штатындағы үйінде, бала-шағасының ортасында, 2025 жылғы қаңтардың 9-ы, жергілікті уақыт бойынша сағат 19:55-те (Қазақстан уақыты бойынша қаңтардың 10-ы, сағат таңғы 05:55)», деп жер-жаһанға шұғыл хабар таратты да, әке аманатын орындауға жан-дәрменімен кірісіп кетіп еді. Жаназасы Вашингтон маңындағы ең ірі мешіт – түріктердің Дианет (Diyanet) орталығына тиесілі Алла үйінде шығарылды.

Бұл – қазақ елін лезде қарып өткен қаралы хабар мұңдас жүректерге шарпылып, «сыртта қалғаны қалай?» дегізерлік қимастық қайғы уілімен кеңістіктің ұңғыл-шұңғылын адақтай желдей ескен. Билік те таза бейілмен аруақ рухын қастерлей, мүрдені оралт­пақ ниетпен отбасына жүгінгенмен дәнеңе өнбеді. Өсиеттен аттап өтпейді екен... Ыстық ұясы Жазушылар одағы да осы себепті жедел сайлап қойған чартерлік ұшақ рейсін ысырып тастады. Амал нешік? Тағдырдың жазуы осылай.

Мұндай жантәсілім шақтағы енді артық-ауыс сөздің жөнсіз екенін екінің бірі ұғынды. Топырағы суыған соң да көлденең сыпсың сіңісті болмайтынын сезінген. Осы түсіністікке, шүкір!

Туған еліне өкпе-назсыз кетті Мұхаң! Рас, жеке-дара бейпіл ауыз сөзуарларға бола тонын отқа тастамаған ақылды адам ғой. Жүйкесіне әдейі ши жүгірткенімен, тұтастай елінен титтей де жерінбеген. Шет жерде: чех елінде, Құрама штаттарда қаламын қайрап, тыңнан түрен сала тінткілеп, романдар циклін тудырды. Алаңсыз, армансыз сөз кестеледі. Қақ-соқты құлағынан асырып, әділдік әлеміне бойлап енді. Сыртта жүрген 19 жылының жемісті түйіні болған 25 томын сипалап қоштасқан Мұхаңды шын бақытты классик демеуге ешкімнің дәті жетпес, сірә!

Мұхаң өмірінің ең кенеулі де кең тынысты, қызыққа, сыйластыққа толы кезеңдерінің үкілі тұстары әманда жақсы-жайсаңдармен жанасып жүрген­дігімен әспеттелсе керек. Ондай кәусарлы сәттің бастауында, әрине, сонау бір Алаш арыстарының қисапсыз қыспаққа түскен зобалаңды жылдарында Міржақып Дулатұлының Мұхаң ата-бабасының шаңырағына соққандағы соқпағынан дәріптелетіні анық-ау! Мұның алдында осы құтты ұяда ұлы Абай түстене жатып, өзінің атышулы «Жаз» өлеңін жазғаны тарихқа тағы мәлім. Қадірменді қонақтарымен ілесе келген құт-береке, абырой-нәсіп, ырыс-табыс бертінгі буын Мұхаңның өз бастауына қонған Қыдырдай бүкіл өмірлік жолын жайнатып жібергені ешкімге құпия емесі аян ғой.

– Гүлнәр апа!– деп саңқ еткен Мұх­тар інісінің дауысына жалт етіп, назар аударған тоқсан жасын тойлап отырған кейуана осы тектес тарих сырына қаныққаны соншалық, іштей егіліп, сырттай құлпырып бір дәурендеп қалған-тын.

Гүлнәр Міржақыпқызының қасында Қаныштың (Сәтбаев) қызы Қаниса отыр еді, ол да Мұхтар сөзіне тебірене түсіп, күбір ете қалды: «Біздің әкелеріміздің алтын тұяғындай ғой, бұл Мұхтар!». Бұл пікірге Гүлнәр апа тіптен масайрай қуанып: «Дөп айттың!» деп, дара тұлғалы інісіне тоймай қарады.

Сол 2005 жылғы тойда Мұхаңның Гүлнәр апамызға өзінің 13 томдық шығармалар жинағын тарту еткенінің куәсі болған едік. «Жан апа, бұлар әлі екі еселенуге тиіс!» деп, сұлу мұртын шиырлай сипап, апасына маңдайын ықыластана иіскеткен.

Гүлнәр апасының сол жолғы батасы қабыл болып, Мұхаң тың тыныспен, буырқанған шабытпен, ересен ерлікпен өндірте жазып еді-ау! Уәдесінде тұрып, төл шығармалар жинағының санын 26-ға (кейінгі өзі көріп үлгермеген бір томын қосқанда) жеткізген еді. Неткен ертегіге ұқсас еңбек десеңізші! Өзек суы­рар өрісті дүниелерін былай қойғанда «Шыңғыс ханның» төрт кітабы, «Алтын орда» тарихи романы толымды пішінмен толғатылды, оқырмандарына керемет әсермен кәделенді.

Ана бір жылдары шетте жүріп, елдегі Көпбейіттегі (бұрынғы Семей облысы Шұбартау ауданы Байқошқар ауы­лы; қазіргі Абай облысы Аягөз ауданы) ата-баба басына зиярат етіп кеткені бар еді Мұхаңның. Мұнда оның арғы атасы Құрымбай, бергі атасы Мағауия және жастайынан бауырына басып тәрбиелеп өсірген аяулы әжесі Орынбасар мәңгілік тыныстап жатқан. Аруақтарға Құран бағыштаған. Асыл жандарының қабірлерін мейіріммен сипалап, қас қағымда қаншама ұлағат сөздерін есіне алып, сол кешегідей көркем күндерінің пейішіне ойша оралып еді-ау! Асығыс аттанып, қиыр шетте қалам қайратына қайыра кенелген-тін.

...Сол зират басында енді, міне, Мұхаңның ұлы, күллі шығармаларының түсінігін тізген Едіге тұр еді, етбауыр жақындарымен. Әкесінің о дүниелік болғанын аруақтарға естірткендей, іштей дұға қайырып, көпшіліктің мақұл­дауымен мұхит асып келгендегі басты парызын әрі әке аманатын орындауға кірісті. Шымыр оралған ақ шүберектің түбін қағып, бір уыс топырақты алақан уысына шөкімдеп, сол сәтте діріл қаққан қолын әзер бекемдеген күйі шөгіңкі көне қабірдің екеуіне, «е-е, асыл әжем-ай» деп үшіншісінің де «несібесін» ұмытпай, саусақтарымен сәл үңгіген ойықшаларға дән сепкендей аңсарлықпен сілке шертіп, қондырды. Аялай сипалап бәрінің де беттерін тегістеді. Едігенің көңілі бұзылып, жанарына жас іркіліп: «Арыстарым-ау, Мұхтар ұлдарыңның қабірінің топырағын да жастана жатың­даршы!», деп күңірене күбірлегені маңай біткенге жаңғырыға естілгендей еді.

Вашингтоннан 12 шақырым жердегі Парклон (Parklawn Cemetery) зираты. Ұлы жазушының басы әлі көтеріле қоймаған. Ұйысқан көк шөптесіннен топырақ үйіндісі де байқалмайды, теп-тегіс. Тек Мұхаңның суреті мен қысқаша түсінік жазылған темір тақтайшаны екі шыбық сирағы ұстап тұр. Басы көтерілгенге дейін атақоныстағы бабалар бейтінен әкелінген топырақты әкесінің қабіріне қоспақ болған Едіге сәл бөгеліп, толқи жүрексініп, қолындағы шүберектің түйінін жазды да, ұстата берген ойыншықтай күрекшемен көк шөптің қыртысын жыртып, шұқырша жасап, топырақ салды да әлі семіп үлгермеген боз жусанның бірер талын қосып, қопсыған жерді алақанымен нығыздап жапты. «Туған жеріңнің, ата-бабаларыңның топырағын мәңгі-бақи жастанып жат, әке, жусанын иіскеп жат, жан көке!» деген Едіге босаған көңілін сәтте бекітіп ала қойды.

Бүгінде Силвер Сприң – Күміс бұлақтағы (Silver Sprinq) Мұхаңның үйін «Мұхтар Мағауин Қазақ ұлттық мәдени-ағарту орталығына» айналдыру ісі ерекше құлшыныспен қолға алынған. Ал келешекте Мағауин мұражай-үйі соның құрамдас бір бөлігіне айналмақ.

Тас түскен жеріне ауыр... Мұхаң қазасына қабырғасы қайысқан Бақытжа­малдай асыл жар зарлы жоқтауын тия алмай жүргенде Мағжан баласынан ғайыптан айырылып және тағдыр­дың езгісіне түсіп еді. «Жан анам, қалғандарыңның тілеуін тілей түс, Сіз аман болыңыз!» деп өбектеген Алтын келіні жұбайы Едігемен асты-үстіне түсіп жүр! Мұхтардай атаның ықыласына бөленген ибалы келіннің мейірімінен төгілген парасатты да мұратты сөздер кәрі жүрекке өмірді бағалатып, алға жетелейді...

Мұхаң бәрін айтып кетіпті ғой. Соның бір қадау түйіні жарының жадында қатталған: «Әлемдегі ең сұлу – қазақ әйелі: менің жарым, менің анам, менің қызым. Қазақты қазақ қылған осы әйел болатын. Сұлу ғана емес, сымбатты, мінезді, ақылды, адал жар, абзал ана, ағайынға қамқор, ауыл-аймаққа құт, ердің мақтаны, елдің көркі!». Ел, жер, аналар аман болса, әлем көркейер, бақыт бастауы алтын құндақты бола түсер... Мұхаңның күйттегені де осы еді ғой.

Әдебиет әміршісі, тарих тамыршысы атанған ұлы жазушының қазақ қоғамындағы һәм әдебиетіндегі даңғыл ізі мәңгілік сайрап жатар. Өйткені Мағауиннің арманы – қазақтың арманымен тамырланып, таспалана бермекші.

Қайсар ӘЛІМ,

жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:152
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қараша 2025 12:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see141

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see140

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see134

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see134

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see132

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see130

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see127

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see123

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see122

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see122

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see111

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see110

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see110

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see109

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see109

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see108

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see108

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see106

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see106

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары