Туристерді Оңтүстік Американың әйгілі көрікті жеріне жібермей жатыр не мәлім
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Аргентинада нөсерден кейін Игуасу сарқырамаларына туристердің кіруіне уақытша тыйым салынды. Өзендегі су деңгейінің көтерілгені соншалық, су шығыны әдеттегі көрсеткіштен алты еседен аса асып кеткен. Билік келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осындай шара қабылдады, деп хабарлайды Tengri Travel The Independent-ке сілтеме жасап.
Сарқырамалар неге жабылды?
Игуасу өзеніндегі су шығыны секундына 12 000 текше метрден асты. Әдетте бұл көрсеткіш секундына шамамен 1 500–1 800 текше метр болатын.
Толассыз жауған жаңбыр мен өзеннің жоғарғы ағысында орналасқан бөгеттерден келетін судың көп мөлшері жағдайды қиындатып отыр.
Ұлттық парк директоры Хосе Мария Эрвас бұл шектеуді уақытша қауіпсіздік шарасы деп атады.
"Жаңбыр басылмай тұрғандықтан, бұл - алдын алу шарасы", - деп түсіндірді ол.
Парк әкімшілігінің мәлімдемесінде: "Адамдардың қозғалысына және ортақ пайдаланылатын аумақтарға кіруге уақытша шектеулер енгізіледі", - делінген.
Эль-Ниньо жағдайға қалай әсер етеді?
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Нөсер себебі ретінде Эль-Ниньо аталып отыр. Бұл - Тынық мұхитының экваторлық бөлігінде пайда болатын және әлемнің түрлі аймағындағы ауа райына әсер ететін климаттық құбылыс.
Оңтүстік Американың кейбір аудандарында ол жауын-шашынның көп болу ықтималдығын арттырады. Толассыз жаңбыр салдарынан өзендердегі су деңгейі тез көтеріліп, су тасқыны қаупін тудыруы мүмкін.
Қыркүйекте ұлттық парк әкімшілігі 2026–2027 жылғы маусымда өңірде ауа райы жаңбырлы әрі құбылмалы болуы мүмкін екенін ескерткен. Бұл ретте Эль-Ниньо құбылысы сарқырамалардың бүкіл кезең бойы су астында қалатынын немесе жабық болатынын білдірмейтінін атап өтті.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Туристерге ресми хабарламаларды бақылап отыруға және жоспар өзгеруі мүмкін екенін ескеруге кеңес берілді.
Сарқырамалар бұған дейін де су тасқынына байланысты жабылған"Саяхатшылар үшін ең тиімді жол - икемділік: парктің ресми хабарламаларын қадағалаңыздар, өзгерістер болған жағдайда қосымша уақыт қарастырыңыздар және қайықпен серуендеу мен ашық көпірлердегі жүріс-тұрыс ауа райына байланысты екенін ескеріңіздер", - делінген ұсынымда.
Қолайсыз ауа райы Игуасуға баруға кедергі келтіріп отырған алғашқы жағдай емес. 2023 және 2024 жылдары Аргентина жағындағы парк Эль-Ниньоға қатысты су тасқынына байланысты жабылған болатын.
Бұдан бөлек, Аргентинадағы "Шайтан тамағы" (Devil’s Throat Circuit) бағыты 2026 жылдың 3 тамызынан бері жабық тұр. Ал ұлттық парктің қалған бөлігі жаңа шектеу енгізілгенге дейін келушілерге ашық болған еді.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Parque Nacional Iguazú Oficial (@parque.nacional.iguazu) жарияланымы
Тамызда Аргентинаның Ұлттық метеорологиялық қызметі (SMN) Эль-Ниньо кезінде елдің жағалау маңындағы аудандарында жауын-шашын мөлшері нормадан асу ықтималдығы жоғары екенін ескерткен.
"Аргентинада Эль-Ниньо деп аталатын жылы фаза кезінде жағалау бойында нормадан тыс жауын-шашын түсу ықтималдығы артады, ал нөсер жиілей түседі", - деп хабарлады мамандар.
Сондай-ақ олар бірнеше сағат ішінде жауын-шашынның көп мөлшерін әкелетін қатты дауылға, бұршаққа, екпінді желге және нөсерге алдын ала дайындалу маңызды екенін атап өтті.
Туристер қашан барады?Басылымның ақпаратына сәйкес, ашылу мерзімі ауа райы жағдайына және парк әкімшілігінің шешіміне байланысты.
Игуасу - Аргентина мен Бразилия шекарасында орналасқан әлемдегі ең ірі сарқырамалар жүйесі. Бұл - танымал туристік орын, алайда толассыз жауын кейбір бағыттарды уақытша қауіпті етуі мүмкін.
Жақын күндері сарқырамаға баруды жоспарлап отырғандарға жолға шықпас бұрын ұлттық парктің ресми хабарламаларын тексеру ұсынылады. Сондай-ақ жалпы шектеулер алынғаннан кейін де, су деңгейінің жоғары болуына байланысты кейбір бағыттар мен экскурсиялар жабық қалуы мүмкін екенін ескерген жөн.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:65
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2026 20:55 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















